Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)



Pdf көрінісі
бет35/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
 
 
 


 
110 
Байұзақұлы Ақмолда (1824-1873) 
 
Арқырар Ақбоз ұрыста, 
Айқастың қызып дуынан. 
 Жарқылдар қиғыр қылыш та, 
Сыңғырлай шығып қынынан. 
 
С.Ералиев 
Ақмолда  Байұзақұлы  1824  жылы  Тараз  қаласының  маңында  дүниеге 
келген,  батыр  әрі  би  болған  кісі.  Әулиеата  (Тараз)  өңірі  қазақтарының  Қоқан 
хандығына  қарсы  азаттық  көтерілісі  басшыларының  бірі.  Ұлы  жүз  Дулат 
тайпасының  Шымыр  руынан.  Шымыр  шежіресі  бойынша:  Мәмбеттен  -
Байұзақ,  одан  Ақмолда,  Ақмолдадан  -  Әлтай,  Әбдікерім,  Мұхаметкерім, 
Рахметулла тарайды. 
Ақмолда  әкесі  Байұзақ  датқа  қартайған  шағында,  XIX  ғасырдың 
алпысыншы  жылдары  Қоқан  хандығының  әртүрлі  салықтарына, 
қорлықтарына  шыдамай  күрес  ұйымдастырған  батыр  -  басы  (батырдың 
батыры  деген  мағынада  Б.Д)  атқа  қонады.  Ақмолда  бастаған  он  мың  жігіт 
Сайрамды,  Шымкентті  Қоқан  хандығынан  азат  етуге  қатынасады.  Ол  өзіне 
қарасты  елді  Шымкент  қаласына  көшіріп  кел  деген  парманашы 
Нұрмұхамедтің талабын орындаудан бас тартады. 
Ақмолда  батырбасы  әкесі  Байұзақ  датқа  қырық  сегіз  батырымен  мерт 
болғанда сарбаздарға бас болып қалған еді. Ол осы кезде Әулие - атаға келген 
ротмистр  Шоқан  Уәлихановқа  арнаулы  кісі  жіберіп,  өзінің  генерал  Черняев 
әскеріне  қосылып  Қоқандықтардан  әкесінің  кегін  алуға  дайын  екендігін 
білдіреді.  1864  жылдың  маусымында  Ақмолда  батыр  өз  сарбаздарымен 
Әулиеатадағы орыс армиясына қосылады. Осы сәтті тиімді пайдаланған генерал 
Черняев  Ақмолда  батырды  бірден  ақ  -  сынға  алады.  Шымкенттің  бекінісін 
шабуылдаушы  топтың  адыңғы  шебіне  Ақмолданы  мың  жарым  жасағымен 
жұмсайды.  Оның  жасақтары  бірден  лап  қойып,  қақпаны  бұзып  ішке  кіреді. 
Әкесінің  қос  саусағын  бір  деректерде  (бармағын  деп  көрсетеді)  зорға  тауып 
алады  да,  бабасы  Мәмбеттің  қасына  жерлейді.  Ақмолда  1864  жылы  орыс 
армиясының  капитаны,  кейін  подполковник  шенін  алады.  Бұл  туралы  деректі 
материалдар  Ташкенттегі  Өзбекстан  Ұлттық  архивіндегі  полковник 
Серебровскийдің  Ресейдің  Түркістан  өлкесін  жаулап  алу  тарихы  жөніндегі 
қорында сақтаулы. 
Ақмолда  Байұзақұлы  өмірінің  соңғы  кезіне  дейін  Шымкент  -  Пішпек 
керуен  жолын  қорғайтын  жасақтың  бастығы  болып  өткен.  1873  жылы  49 
жасында  қайтыс  болады.  Бүгінде  Тараз  қаласының  бір  көшесіне  Жуалы 
ауданының  Жаңаталап  ауылындағы  бір  көшеге  Ақмолда  батырдың  есімі 
берілген. 
 
 
 


 
111 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет