Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
ПОЛКОВНИК КАПРОВ 
Қараңғы түсе, соғыс үні едәуір саябырсыды. Сол кезде подполковник Марков келді. Ол 
мені бүгінгі күннің жағдайымен таныстырып, біздің дивизия қорғаныс құрған алқаптағы 
жағдайды шолып тұрып, бірнеше кезеңдерін түсіндірді. Марковтың сөзі бойынша, біздің 
дивизияның көршілері де жойқын соғыс жүргізіп, солардың табандылығының арқасында 
жау біздің дивизияны оңнан да, солдан да орап өте алмапты. Командование түс ауа 
авиация мен артиллерияның күшін топтастырып, дивизияның қорғаныс алқабындағы 
жаудың екпінін басыпты. Біздің авиация мен алыстан ататын артиллерия жаудың резервін 
шабуылдан ойран салыпты. Сөйтіп, жаудың тың күші кезінде қанат жайып соғысқа 
араласа алмай қалыпты. Арнаулы бағыттағы біздің қорғанысқа шабуыл үшін дайындалған 
жаудың еселенген күші соққы жеді. 


97 
Сөйтіп, көршілермен, авиация және артиллерия байланыс жасап, қоян-қолтық күресе 
отырып, біздің қорғанысты бұзып өтпек болған жау күші тойтарылады. Әйткенмен жау 
кей тараптарда ішке ұзап кіріп кетіпті. 
— Болған жағдайды талдай отырып, генерал мынадай ойға келді, — деді Марков, — жау 
екі күннен бері соғысқа барлық күшін, қару-жарағын салды. Генералдың болжауынша жау 
соғыс кезінде әлі адамдарының басын құрап топтаса алмай жатыр. Ол бүгін түнде елеулі 
қимыл жасамас. Сондықтан генерал Панфилов, осы жағдайды пайдаланып, түнде 
полктерді соғыстан шегіндіре шығарып әкетіп, таң ата жаңа шепке орналастырмақшы. 
Егер командование қарсы болмаса, тез арада полктер шегініс жасайды, — деп сөзін бітірді 
Марков. 
Содан кейін ол маған полковник Капровпен байланыс жасауды бұйырды. Шегініп бара 
жатқан топтарды ұйымдасқан түрде қауіпсіз жерлермен өткізіп жіберу үшін әскери 
дайындықта болып, алға сенімді адамдарды қоюды бұйырды да, өзі біздің дивизияның оң 
қанатындағы подполковник Шехтманға кетті. 
Жалғыз өзім қалдым. Марковтың тек «біздің арамызда қалсын, бұл өте құпия» деп ұдайы 
ескертіп отырып айтқан әңгімесін тағы да терең түсінуге тырысамын. Әрдайым, тек өз 
батальонымның ғана қамын ойлап жүретін басым, бұрын Марков айтқан көлемдегі кең 
жағдайды ойлап көрген емес едім. 
Шынын айтсам, қазіргі жағдайдың командованиеден бастап жұрттың бәріне қиын тиіп 
тұрғанын сездім. Полктер ермек үшін шегінбекші болып жатқан жоқ қой. Рас, генералдың 
бірінші жәрдемшілерінің бірі подполковник Марков маған бір күннің ішінде екі рет
келген екен, демек, одан бізге өте жауапты тапсырма жүктеліп отырғаны белгілі болып 
тұр... 
Оған түсінген сайын сескене бастадым, тіпті айта берсең, қорқа бастадым. Абыржып 
отырып өзімді-өзім жұбатқан болып, Дюманың сөзін есіме алдым: «Жұрт дабылға қанша 
бір дағдыланып шынықса да , төніп тұрған бәлелі қауіпті қарсы алуға қанша бір дайын 
болса да, олар дүрсілдеп шошып соққан жүрек пен бойды жосып өткен дірілден, қиял мен 
шындықтың, ой мен оны орындаудың арасында қандай айырмашылық бар екенін әрдайым 
сезеді!» 
Соны ойлап түбіне жете алмай отырғанымда ала көлеңке бұрыштан генералдың құлақшын 
киген басы маған ашулы және кекесін кейіппен;« Мен сізге сеніп едім ғой...» деп қарап 
тұрғандай көрінді. Селк ете түсіп «бүйте берсем, соғысқа кіріспей тұрып жынданып 
кетермін!..» деп өзіме - өзім зекірдім. 
Мен Марковтың тапсырмасын орындамақ болып, командирлерді шақырып алдым да, 
тиісті бұйрықтар бердім. Бозжанов Красвқа, Рахимов Филимоновқа кетті. Танков Горюны 
аймағындағы тапсырмаларды тындырмақ болып о да шығып кетті. 
Мен штабта тағы да жападан-жалғыз, күзетші байланысшылардың арасында қалдым. 
...Қасында адъютанты бар, полковник Капров кіріп келді. Үстінде балшыққа былғанған 
шолақ тоны, аяғында екі жерінен снарядтың жаңқасы жырып кеткен пимасы бар. 
Үлкенірек бір жыртығынан ақ шұлғаудың шеті көрініп тұр. Өзі бұрыннан арық кісі, 
біржолата қырым еттен айрылып, сақал-шашы үрпие өскен, қара - қатпа болыпты да 
қалыпты. Мен оған сәлем беріп, орындық ұсынғанымда оған отырмастан теңселіп барып, 
ілгектерін ағытып, «басым мең-зең, аяғым сырқырап барады» деп бір күрсініп, еденге 
сұлқ түсіп, шалқасынан жата кетті. Жанында тұрған байланысшы жауынгер оның басына 
жастық орнына өзінің противогазын қоя қойды. 


98 
— Рахмет, шырағым!.. — деп полковниктің даусы да әлсіреп әрең шықты. 
Сіз жарадарсыз ба, жолдас полковник? — дедім. 
— 
Жоқ, қарағым, шаршадым, болдырдым... Өте қажыдым. Менің мұнда келгенімді 
бес минуттан кейін генералға хабарлаңыз... Мен азырақ дәрмен шақырайын... 
Менің атқосшым Николай Синченко көрпе-жастық, матрац алып келген соң, полковниктің 
қарсылығына қарамастан төсекке жатқызып, ыстық - ыстық шай бердік. 
Полк штабынан үсті-басы оқ-дәрі сасыған офицерлер бірінен соң бірі келіп, жай-
жапсарды қысқаша баяндап, тапсырма алып кетіп жатты. 
Бір уақытта полк комиссары Ахемтжан Мұхамедияров келді. Шолақ тонының етегі қанға 
боялған. 
— 
Саған не болды, Мадияр? — деп Капров шошынып сұрады. 
— 
Жай, Илья Васильевич, торы атқа оқ тиіп, мен соның астында үш минуттай 
тырбаңдап жаттым... 
Мені телефонға шақырды. Генерал екен, маған трубканы Капровқа бер деп бұйырды. — 
Мен тыңдап тұрмын, жолдас... иә, сіздің бұйрығыңыз бойынша... Иә, иә, артымызға 
қалқан тастап кеттік... Оны да миналадық... Иә, солай еттік... Қазір Мұхамедияровтан 
сұрайын... 
Генералмен әңгімесін бітіріп болып, Капров комиссарға: 
— 
Генерал жаралылар үшін тағы алты машина жібермекші, — деді. 
— 
Бауыржан, жаралылар үшін сенің үш асханаңа зорлық істеуге тура келді, — деді 
Мұхамедияров достық пейілмен. 
— 
Е, бұлар өздерін қайтеді? Оның не? — деді Капров. 
— 
Ештеңе етпейді, дұрыс істепсіз, жолдас комиссар, — дедім мен. — Біздің жігіттер 
қазір тың отыр ғой. 
Капров өз картасын жайып салды. Маған өзі қалқан қалдырып кеткен, миналап кеткен 
жерлерді, бөренеден үйінді тосқауыл жасалып жатқан орындарды көрсетіп, полктың 
шегінісін қалай қамтамасыз ету керек екенін бастан-аяқ түсіндірді. Генерал маған 
полктың қалқанда қалған бөлімшелеріне басшылық етуді тапсырыпты, ал Капровтың 
өзіне полктың негізгі күшін жаңа шепке жеткізуді бұйырыпты. 
Қараңғы түн. Жауынгерлер рота - ротасымен, батальон - батальонымен Горюны арқылы 
шегініп өтіп барады... Олардың командирлері полковникке келіп жайды баяндап, қысқа-
қысқа тапсырма алып кетіп жатты. Саптағы жауынгерлер болса, полковник пен 
комиссардың даусын естіп, қатар түзеп, біркелкі нық басуға тырысқан сияқты... 
Мен ләм деместен, үн шығармастан Капров пен Мұхамедияровтың қасында тұрмын. Түн 
қараңғысын жамылып, кетіп бара жатқан жауынгерлердің қараңдаған тұлғаларын көріп, 
оларды шығарып салып тұрмын... 
...Қазір осы әңгімені жазып отырғанымда 1812 жылғы Отан соғысының атақты батыры 
Денис Давьтдовтың сөзі есіме түсе берді. Оның сөзінің терең мағынасын бұлжытпау үшін 
Денистің өз тілімен келтірейін: «...отступление названо только славным. А сие, 
прилагательное от частных употреблений обесславилось... Я помню какими глазами мы 


99 
увидели эту дивизию, подходившую к нам в облаках пыли и дыма, покрытую потом 
трудов и кровью чести... Каждый штык ее горел лучем бессмертия!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет