«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет37/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   130
6. Нарық сегментін талдау. Фирманың сатып алушылардың әр түрлі сегменттеріне анықтаған бағасы а) нарық сегменттерінің бағаға сезімталдығын және б) сатып алушылардың әр түрлі тобына қызмет көрсетудегі қосымша шығындардағы айырмашылықтарды қалай сипаттайды? Сатып алуды жүзеге асыру уәждемесін ескере отырып, фирма қалай, сатып алушылардың әр түрлі сегменттерімен неғұрлым тиімді бірлесіп әрекет ете алады? Бұл мәселелердің шешімі, келесі сұрақтар жауабынан табылады.

  • әр түрлі сегментке кіретін сатып алушыларды, олар тауарды сатып алмас бұрын қалай анықтауға болады?

  • төмен бағамен сату, жоғары бағамен сататын нарықтың құнын түсірмес үшін, сатып алушы сегменттері арасындағы дәл шекараны қалай анықтауға болады?

  • бағаны сегменттеуде фирма қалай құқықтық шектеулерді бұзудан құтыла алады?

7. Бәсекелестерді талдау. Бәсекелестер туралы жинақталған деректер негізінде нарықтағы бәсекелестердің мүмкін болатын іс әрекеттері болжамданады. Соның ішінде фирма ұсынған бағаға, ол бағаның өзгерісіне бәсекелестердің кері жауап қайтаруы, әрекет қылуы толығымен талданады. Фирманың қолданыстағы және болжамданған стратегиясының өміршеңдігіне бәсекелестер әрекеті қалай әсер етуі мүмкін? Бәсекелестердің кері іс-әрекеті фирма пайдалылығына қандай деңгейде ықпалын тигізуі мүмкін? - деген сұрақтар туындайды. Оған жауапты келесі мәселелерге жауап беру арқылы шешуге болады.

  • бәсекелестердің мүмкіндіктері мен ниеттерін біле отырып, фирма өзі үшін пайда әкелетін қандай мақсаттарға қол жеткізе алады?

  • фирма өз мақсаттарын қол жетерлік және неғұрлым тиімді ету үшін, ақпаратты бәсекелестердің іс әрекетіне әсер ететіндей етіп қалай қолдана алады?

  • фирма нарықтың қандай сегментінде бәсекелі артықшылыққа қол жеткізіп, соның нәтижесінде, өз пайдасын бәсекелестер тарапынан болатын қауіп-қатерден қорғай алады?

  • фирма қандай нарықтардан шығуы қажет? Егер, фирма өзіне қажетті пайданы, бәсекелестердің тұрақты тегеурініне байланысты, сол нарықта, қамтамасыз ете алмайтын болса...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет