«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі



бет47/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   130
Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі салыстырымды экономикалық шарттарда, тауарларға арналған мәміле бағасын бірдей немесе біртекті тауарлар бойынша бағалар ауқымы ескеріле отырып, нарықтық бағамен салыстыру жолымен бағаны анықтау.
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің нарықтық бағасын айқындау кезінде оларды өткізетін кездегі бағалары туралы ақпарат ескеріледі.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу келісімшартының талаптарында белгіленім кезеңін қолдану көзделген жағдайда, биржалық тауарлардың, сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың бағасы дифференциал ескеріледі. Және белгіленім кезеңіндегі баға белгіленімдерінің мәні, күнделікті белгіленімдердің кез келген бір ақпарат көзінде жарияланған орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады.
Белгіленім кезеңіндегі баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні мынадай формула бойынша айқындалады:
S = (P1 + P2 + Pn ) / n
мұнда: S - белгіленім кезеңіндегі тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні; P1, P2, …, Pn – белгіленім кезеңі ішінде баға белгіленімдері жарияланған күндерде тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні;
n – баға белгіленімдері жарияланған белгіленім кезеңіндегі күндердің саны.
Белгіленім кезеңіндегі тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні мынадай формула бойынша айқындалады:
Pn = (Cn1 + Cn2  ) / 2
мұнда: Pn – тиісті тауарға күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні; Cn1 – тиісті тауарға күнделікті баға белгіленімінің ең төменгі (min) мәні; Cn2 – тиісті тауарға күнделікті баға белгіленімінің ең жоғарғы (max) мәні.
Бір күнге ең төменгі және ең жоғарғы баға белгіленімдері болмаған кезде орташа арифметикалық мән ретінде тиісті күндегі белгіленімнің нақты мәні қолданылады.
Шарт шеңберінде тауардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құжаттамалық расталған әрбір берілімі мәміле болып танылады, ал өткізу бағасын нарықтық бағамен салыстыру сатып алушының тіркелген еліне қарамастан тиісті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында ғана жүзеге асырылады.
Сатып алушыға меншік құқығының ауысқан күні тауардың өткізілген кезі болып табылады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу келісім шартында белгіленген белгіленім кезеңі ол белгіленген күннен бастап он екі айлық кезең ішінде өзгертуге жатпайды.
Белгіленім кезеңі келісім шарт талаптарына сәйкес мынадай уақыт аралығында айқындалуға тиіс:
- мұнай бойынша – тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік бес күннен аспауға және тауарға жұмысқа, көрсетілетін қызметке меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік бес күннен аспауға;
- мұнайды қоспағанда, биржалық тауарлар бойынша – тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік отыз күннен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік отыз күннен аспауға;
- бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлар бойынша – тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік отыз күннен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
Тауарларды өткізу келісім шартында белгіленген белгіленім кезеңі, белгіленген белгіленім кезеңін айқындау шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, тауарлардың нарықтық бағалары осы тауарды өткізу кезінде қабылданады.
Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі сыртқы немесе ішкі салыстыру жолымен нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылады. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін сыртқы салыстыру жолымен қолдану мүмкін болмаған кезде салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі ішкі салыстыру жолымен қолданылады. Бұл ретте, сыртқы салыстыру кезінде мәмілеге қатысушы мен өзара байланысты тарап арасындағы және тәуелсіз екі және одан да көп тарап арасындағы салыстырымды мәмілелер салыстырылады. Ішкі салыстыру кезінде мәмілеге қатысушы мен өзара байланысты тарап арасындағы және сол мәмілеге қатысушы мен тәуелсіз тарап арасындағы салыстырымды мәмілелер салыстырылады.
Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін қолданған кезде нарықтық баға былайша айқындалады:
1) ақпарат көзінде бағасы бар тиісті рынокқа тасымалдау бағыты туралы құжаттамалық расталған ақпараты бар тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен мәмілелер жасасу үшін нарықтық баға, бағалар ауқымы ескеріле отырып, ақпарат көзінен алынған баға ретінде айқындалады. Мәміленің бағасы дифференциал арқылы нарықтық бағасы бар салыстырымды экономикалық шарттарға келтіріледі;
2) жоғарыда көрсетілген бірінші тармақшаға сәйкес келмейтін тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен мәмілелер жасасу үшін нарықтық баға тиісті рыноктағы ақпарат көзінен алынған бағаны дифференциал арқылы бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасы бар салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру жолымен айқындалады.
Дифференциалға тиісті рынокқа тауарларды жеткізу үшін қажетті, негізделген әрі құжаттамамен және ақпарат көздерімен расталған шығыстар; тауарлардың сапасы, рыноктағы өтімділігі, шығарған елі және тауар белгісінің болуы; маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет