«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Жердің құны және бағасының түрлері



бет67/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   130
11.2.Жердің құны және бағасының түрлері.


Жер – Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.
Жер нарығы дегеніміз жерді сату, сатып алу, жалдау бойынша мүдделі тараптар арасында туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі. Жерді өндіріс факторы ретінде талдау оның табиғатын, мәнін, ерекшеліктерін қарастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:

  1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

  2. елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;

  3. өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;

  4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

  5. орман қорының жерi;

  6. су қорының жерi;

  7. босалқы жер.

Жердің өндіріс факторы ретінде ерекшеліктері:

  • жер - шексіз мерзім пайдаланады және қайта өндірілмейді;

  • жер – табиғи фактор болып болып табылады;

  • жер – қозғалмайтын болып есептеледі;

  • жер ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану кезінде тозып қана қоймайды, сонымен қатар, өзінің өнімділігін де жоғарлатады.

Меншiк иесi жер учаскесiн сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттiк емес жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер учаскесiн кейiнгi жер пайдаланушыларға жалға берген кезде, жер учаскелерi үшiн төлемақының мөлшерi, мерзiмдерi мен нысаны Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес сатып алу-сату немесе мүлiк жалдау шарттарымен айқындалады.
Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып, мемлекеттiк жер кадастры табылады. Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпарат та енгiзiледi. Жер кадастрының құрамдас бөлiгi суармалы жер учаскелерiнiң мелиорациялық жай-күйi, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебi туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жердiң мелиорациялық кадастры болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi жердi пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтi бағалау және жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу, жер үшiн төлем мөлшерiн айқындау, жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер учаскелерiнiң құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн негiз болып табылады.
Жерді  кадастрлық бағалау құны – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны болып саналады.
Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын өтеулi түрде сату жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн қолдану арқылы шығарылатын бағалау құны негiзiнде есептеледi.
Төлемақының базалық ставкасы дегеніміз - мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатқан кезде оның кадастрлық бағалау құнын айқындауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы. Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi кемінде жылына бір рет  белгiлейдi. Бұл ретте жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен төмен белгiленбейдi.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес
 және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының мөлшерiнде мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскелерiн жалға берген кезде, жер учаскесi үшiн жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшерi жер учаскесiн жалға берген кездегi ол үшiн базалық ставканың мөлшерiнiң 100-120% шегiнде белгiленедi.
Жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерi, жер учаскесiнiң кадастрлық құнының пайызымен мынадай мерзiмдер бойынша:
- 10 жылға дейiн, оны қоса алғанда - жыл сайын 2%;
- 11 жылдан 30 жылға дейiн - 20%, 10 жылдан жоғары әр жыл сайын 1,5% қосылады;
-31 жылдан 49 жылға дейiн - 35%, 30 жылдан жоғары әр жыл сайын 1% қосылады.
Жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесiнiң кадастрлық бағалау құнына қарай сараланып белгiленедi.
Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiкке өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн тегiн берудiң белгiленген нормаларынан артық берiлетiн қосымша жер учаскелерiнiң кадастрлық бағалау құны бағаланатын учаскелерге неғұрлым жақын орналасқан ауылдық елдi мекендердiң жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына негiзделе отырып айқындалады. Елдi мекендердiң шегiнен тыс орналасқан, құрылыс жүргiзу үшiн берiлген жер учаскелерi бойынша кадастрлық бағалау құны облыстық маңызы бар қалаларда аталған мақсаттар үшiн берiлген жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларының он процентi мөлшерiне негiзделе отырып айқындалады.
Жер учаскелерiн жеке меншiкке құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, ғимараттар, құрылыстар,үймереттер мен олардың кешендерi салынған жерлердi берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары (1 ш. м. үшін теңгемен )
Кесте 14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет