«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Он екінші тарау. Еңбек нарығындағы баға белгілеу



бет71/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   130
Он екінші тарау. Еңбек нарығындағы баға белгілеу.


12.1.Еңбек нарығында баға белгілеу ерекшеліктері.
Нарықтық жағдаят жұмыс күшінің бағасына және құнына әр түрлі ықпал жасайды. Ол еңбектің бағасына тікелей сипатта әсер етсе, жұмыс күшінің құнына жанама түрде, яғни жалданушы қызметкердің тұтынатын тауар және қызметтерінің баға қозғалысы арқылы ықпал етеді.
Баға өндіріс салаларының дамуының басты бағдары болып саналады, сонымен қатар, тауарлар мен қызметтерді тұтынушы мен сатушы арасында, жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы қарым қатынастарда дәл сол функцияны орындайды. Жалданушы қызметкерлер жұмыс орындарын олардың «бағасына» қарап таңдайды. Қызметкерлер өзінің жұмыс күшін, сол жұмыс күшіне неғұрлым мол ақы, баға төлейтін жұмыс берушіге сатуға құқы бар. Егер қызметкерлердің едәуір бөлігі бір уақытта өз жұмысын жоғары ақы төленетін басқа жұмысқа ауыстырғысы келген жағдайда, жұмыс берушілер оларды жалақы деңгейін арттыру арқылы өз кәсіпорынына тартып ала алады. Жалпы, біліктілік деңгейі жоғары қызметкерлер мол салаларда жалақы деңгейі, еңбек бағасы төмен болады. Яғни, сұраныс пен ұсыныс тауарлар, қызметтер және капитал нарығындағы қалай әсер ететін болса, жұмыс күші нарығында да дәл солай әсер ете алады.
Еңбек нарығы нарықтық сегменттің ерекше түрі болып саналады. Еңбек нарығының құрамды элементі ретінде психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси қасиеттерге ие адамдар танылады. Бұл ерекшеліктер адамдардың қызығушылығына, мотивациясына, еңбек ету дәрежесіне және еңбек нарығындағы жағдайға ықпал етеді.
Еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшін тауар ретінде сату, сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығында кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар арасында белгілі бір қарым-қатынастар орнатылады. Сондықтан еңбек нарығы, бұл сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы белгілі бір жұмысбастылық көлемі мен еңбек ақы деңгейі анықталатын, экономикалық агенттер арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасқан экономикалық орта. Жүйелік тәсіл тұрғысынан қарастырғанда, еңбек нарығы - жүйелер, сегменттер, секторлар және әр түрлі ішкі және сыртқы байланыстардан тұратын, қоғамдық қатынастардың күрделі жүйесі ретінде қарастырылады. Сонымен бірге, еңбек нарығы, интеграцияланған немесе біртұтас өндірістік ресурстар нарығының қосалқы жүйесі болып саналады. Басқалай өндірістік ресурстарға құрал жабдықтар, жер т.б. қарағанда еңбек өзгеше ресурс – өйткені ол сақтау заты бола алмайды, ол өндірістің субъективті секторларымен, қызметкерлердің құнды жеке сипаттамаларымен тығыз байланысты.
Өндірістік ресурстар нарығында еңбек нарығы ерекше, айқын орын алады, өйткені еңбек нарығынсыз өндіріс үдерісі болмайды, ал қоғам адамдардың еңбек қызметінен тыс дұрыс жұмыс істей алмайды
Еңбек нарығы - экономика жағдайын көрсетудің айнасы. Ол тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша деңгейін, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.
Еңбек нарығының атқаратын әлеуметтік, экономикалық, ынталандыру қызметтері, қоғамдағы еңбектің ролімен анықталады:
Әлеуметтік қызметіадамдардың қалыпты табыс деңгейі мен қолайлы жағдайын қамтамасыз етумен сипатталады. Экономикалық қызметі адамдардың еңбегін тиімді пайдалану, бөлу, реттеумен анықталады.
Ынталандыру қызметі еңбек нарығына қатысушылар арасында бәсеке қабілеттілікті ынталандыру, жоғары тиімді еңбекке қызығушылығын арттыру, адамдардың біліктілігін жоғарылатумен сипатталады.
Еңбек нарығының құрылымында бірнеше сегменттер бөлінеді:

  • жоғары біліктілігі бар басқару жұмысшыларының тұрақты саны;

  • кадрлық жоғары білікті жұмысшылар және қызметкерлер;

  • құрылымдық өзгерістерге бейімделген өнеркәсіп салаларының жұмысшылары;

  • қызметтер саласын қамтитын еңбек өнімділігінің төмен деңгейімен ерекшеленетін ауқымды еңбек ететін жұмысшылар;

  • жұмысшылардың қорғалмаған категориялары: жастар, қарт адамдар, жұмыс табудан үмітін үзген адамдар.

Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс тепе теңдігі – ерекшелік, тепе теңсіздігі – заң. Егер, жұмыс күшін тауар деп қарастыратын болсақ, оның құны жайлы әңгіме туындайды. Қазіргі кезде оның құны қандай және қалай анықталынады? Шын мәнінде, жұмыс күші құнын өмір сүру жабдықтары, қажеттіліктер құнына теңестіруге болады, яғни жұмыскер мен оның отбасының өмір сүруі осы қажеттіліктер құнына пара-пар болады.
Еңбектен факторлық табыс еңбек ақы болып табылады. Экономикалық категория ретінде еңбек ақы еңбектің бағасын айқындау мен түрлендіру болып табылады. Еңбек ақы және еңбек бағасы категориялары бір – бірімен тығыз байланысты, бірақ олар тепе-тең категориялар емес. Еңбек бағасы – бұл еңбек нарығы (жұмыс күші) категориясы. Ол еңбек нарығында қалыптасады және оның деңгейіне сұраныс пен ұсыныс ықпал етеді.
Еңбек ақы – бұл ең алдымен өндіріс категориясы. Ол өндіріс процесінде қалыптасады, оның деңгейіне еңбектің нарықтық құнымен қатар, еңбектің күрделілігі, еңбек жағдайлары, еңбек функциясының әлеуметтік маңыздылығы, еңбек тиімділігі, оның өнімділігі және нәтижелері әсер етеді. Еңбек бағасы өндіріс процесі басталмас бұрын анықталынады да, жұмыс күшінің анықталынған сапасының құнын көрсетеді. Еңбек ақы анықталынған жұмыс көлемін орындағаннан кейін төленеді. Еңбек бағасы қызметкерлердің кәсіптік біліктілік топтары бойынша орташа еңбек ақыны сипаттайды. Еңбек ақы нақтылы категория, ол дараланған форма ретінде, нақты қызметкердің еңбегінің нәтижесін бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет