«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет78/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   130
Есеп – 3.
Дүкен аптасына 500 дана сыра өткізеді. Сыраның барлық сортының бағасы 5% -ке арзандатылды. Ағымдағы саудадан түсетін түсімді сақтау үшін, арзандатылған бағамен қанша дана сыра өткізілуі керек екендігін анықтау қажет.
Шешімі:
Барлық тауар тобына баға деңгейін 120 теңге, ал жаңа бағаны 5% шегерімді ескеріп 114 теңге деп алып, тауарды өткізудің зиянсызығын қамтамасыз ететін, тауар санын(Q) анықтаймыз. Ол, ағымдағы өткізу көлемінің(500дана x 120теңге) бағаның жаңа деңгейіне (114теңге) қатынасы арқылы анықталынады.
Q = 500дана x 120теңге/ 114теңге = 526 дана сыра, аптасына.
Сыраның барлық сорты бойынша өткізу деңгейі өзгеріссіз қалған жағдайда, бұл, есептелінген нәтиже, дұрыс болады. Дегенмен, бөлшек сауда бағасының арзандауы, сыраның басқаларына қарағанда, ассортименттегі белгілі бір сортына неғұрлым қатты әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда, әр сорт үшін, өткізу көлемінің пайыздық өсімінің шегін есептеу қажет. Оны, өткізу көлемінің керекті өсуінің (526дана), ағымдағы өткізу деңгейіне(500дана) пайыздық қатынасы арқылы есептейді. Яғни: (526 : 500) x 100 = 105,2%
Аталған жағдайда, баға 5% арзандағанда, сыраның әр сорты бойынша бәсекелестік қабілеттілігін арттыру үшін, өткізу көлемін өсіру деңгейі 5,2 % -дан артығырақ болуы керек.
Егер де, дүкен қожайыны, бөлшек сауда бағасын арзандату арқылы саудадан түсетін түсімді 25% - ға арттырғысы келетін болса, ол аптасына (500 x 0,25) : 114теңге = 548 дана сыра өткізуі қажет. Ал, жекелеген сыра сорттары бойынша өткізу көлемінің өсуі 125: 500 x 120 = 30 %.
мұндағы: 125 - саудадан түсетін түсімді 25% - ға арттыру.
Баға белгілеу шеңберінде қолайсыз, тиімсіз жағдайларға әкелетін шешімдер қабылдамас үшін, келесі көрсеткіштерді есептей білу қажет:

  • Заласыздықты, жалпы пайда арқылы қамтамасыз ету үшін қажет: өткізу көлемінің пайыздық өсімі;

  • Заласыздықты, жалпы пайда арқылы қамтамасыз ету үшін қажет: саудадан түскен түсімнің пайыздық өсімі.

1). Заласыздықты, жалпы пайда арқылы қамтамасыз ету үшін қажет: өткізу көлемінің пайыздық өсімі = Бағаның төмендеуі / (Жалпы пайда - Бағаның төмендеуі) x 100%.
Бағаның төмендеуі бұл, өнімнің әр өлшеміне алынатын пайданы жоғалту деңгейін сипаттайды. Ал, жалпы пайда мен бағаның төмендеуінің айырмасы, өнімнің әр өлшеміне кемітілген пайданы көрсетеді.
2). Бағаның көтерілуімен қалпына келтірілетін, өткізу көлемінің пайыздық төмендеуі = Бағаның көтерілуі / (Жалпы пайда + Бағаның көтерілуі) x 100%.
Өткізу көлемінің төмендеуінің орны бағаның өсуімен толтырылады.
Бағаның көтерілуі аталған жағдайда, өнімнің әр өлшеміне есептелінген жалпы пайдаға қосылған құн деңгейін сипаттайды.
Жалпы пайда мен бағаның көтерілуі көрсеткіштерінің қосындысы, өнімнің әр өлшеміне арттырылған пайда мөлшерін береді..


Баға төмендеген кезде, залалсыздық деңгейін жалпы пайда арқылы қамтамасыз ету үшін, саудадан түсетін түсімнің қандай мөлшері қажет екендігін анықтау үшін, ағымдағы жалпы пайда шамасын және баға төмендегеннен кейінгі есептелінген сатудың пайдалылығы (рентабельділігі) көрсеткішіне бөлеміз:
3). Баға төмендегеннен кейін қажет саудадан түсетін түсім = Баға төмендегенге дейінгі сату пайдалылығы / ((Пайда – Төмендеген баға) : (Баға – Төмендеген баға)).
Мұндағы, (Пайда – төмендеген баға) : (Баға – Төмендеген баға) шамасы, баға төмендегеннен кейінгі сатудың пайдалылық (рентабельділік) деңгейін көрсетеді.
Баға төмендегенге дейінгі сату пайдалылығы (рентабельділік) - баға төмендегенге дейінгі жалпы пайданы сипаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет