185
Қалау рай, сенімді рай, болжам рай, мұң рай, көніс рай,
қайрау рай, азалы рай, теріс рай – бұлар үшін де
жаза бермек,
сынай тұрмақ деген сөздерді алып, басқа райларда көрсеткен
үлгі бойынша үнемді, үнемсіз көсемшенің болымды, болымсыз
түрлерінде қосар күйде айтқызу.
Дағдыландыру үшін әр етістен әртүрлі сөздер алып, алдағы
үлгілер бойынша жіктету.
Ниетті көсемше де үнемді көсемше сияқты, жалғыз-ақ
айырмасы сол үнемді көсемшенің жалғауы «а» (жіңішке сөзде
«е») hәм «й», ниетті көсемшеде «ғалы» (жіңішке сөзде «гелі»).
ЕСІМШЕ
Есімше дейміз – есім сияқты айтылатын етістіктің түрін,
мәселен,
айтушы адам, шабатын ат, жазған хат дегенде
«айтушы», «шабатын», «жазған» деген сөздер есімше болады.
Есім сияқты дейтініміз: сын есімше «қандай?» деп сұраймыз.
Есімше үш түрлі: 1) Осы шақтық, 2) Өткен шақтық 3) Ұй-
ғарынды.
Достарыңызбен бөлісу: