Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет137/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

Анықтауыш болатын сөз таптары
Әуелі, анықтауыш болатын – сын есім.
Мысал: Аш кісі ұрысқақ? Кім ұрысқақ? – кісі. Аш кісі қалай? 
– ұрысқақ, қандай кісі ұрысқақ? – аш (кісі). «Аш» дегенді айт-
пай, тек ғана «кісі ұрысқақ» дегенде, қандай кісі ұрысқақ бо-
латыны белгісіз, кісінің бәрі ұрысқақ сияқты болып шығады. 
Дұрысында, кісінің бәрі ұрысқақ емес, аш кісі ұрысқақ келеді. 
«Аш»  деген  сөз  ұрысқақ  болатын  қандай  кісі  екенін  айтып, 
анықтап тұр жана қандай? деген анықтауыш сұрауларына жау-
ап беріп тұр. Сондықтан алынған сөйлемнің ішінде «аш» деген 
сөз анықтауыш.
Бұл сөз  сын есім (сыр сыны).
Мысал: Алтын жүзік жоғалды. He жоғалды? – жүзік. Жүзік 
не қылды? – жоғалды. Қандай жүзік? – алтын (жүзік). «Алтын» 
дегенді айтпай, «жүзік жоғалды» деп ғана қойғанда, жоғалған 
қандай  жүзік  екені  белгісіз,  әйтеуір  бір  жүзік  жоғалған  бо-
лып  шығады.  «Алтын»  деген  сөз  –  жоғалған  жүзік  қандай 
екенін  ашып,  анықтап  тұр  жана  «қандай?»  деген  анықтауыш 
сұрауына жауап беріп тұр («қандай жүзік?» деп сұраудың ор-


221
нына, «не жүзік?» деп те сұрайды). Сондықтан, «алтын» деген 
сөз анықтауыш болады. Бұл сөз жүзіктің «алтын» деген сөзден 
жасалған тегін көрсететін сын есім (тек сыны).
Екінші    анықтауыш  болатын  –  зат  есім  (жалқы,  жалпы 
түрінде).
1-інші мысал: Асан ауылнай келді. Кім келді?  ауылнай. Ау-
ылнай не қылды? – келді. Қай ауылнай келді? – Асан (ауылнай).
«Асан»  демей,  құр  «ауылнай  келді»  деп  ғана  койса,  кел-
ген  қай  ауылнай  екені  белгісіз,  әйтеуір  бір  ауылнай  келген 
болып шығады. «Асан ауылнай келді» дегенде, «Асан» деген 
сөз қай ауылнай келгенін ашып, анықтап тұр жана «қай?» де-
ген анықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөз 
анықтауыш болады. «Асан» – жалқы зат есім.
2-інші  мысал:  Хан  Жәнібек  қайғырды.  Кім  қайғырды?  – 
Жәнібек.  Не  қылды?  –  қайғырды.  Қай  Жәнібек  қайғырды?  – 
хан  (Жәнібек).  Хан  дегенді  айтпай,  тек  «Жәнібек  қайғырды» 
деп  ғана  койсақ,  қай  Жәнібек  қайғырғаны  белгісіз  болар  еді. 
Үйткені, Жәнібек атты адам көп. Хан дегенді қосып айтқанда, 
қай Жәнібек екені ашылып, анық болады. «Хан» деген сөз қай 
Жәнібек екенін де ашып, анықтап тұр, «қай?» деген анықтауыш 
сұрауына да жауап беріп тұр. Сондықтан, хан  анықтауыш бо-
лады. Хан  зат есім.
3-інші  мысал:  Арыстан,  аң  патшасы  ауырыпты.  Кім  ау-
ырыпты?  –  арыстан.  Арыстан  кайтіпті?    ауырыпты.  Қай 
Арыстан ауырыпты?  аң патшасы (арыстан). «Аң патшасы» 
дегенді айтпай, «арыстан ауырыпты» деп ғана қойсақ, ауырған 
аң арыстан ба, Арыстан атты адам ба, белгісіз болады. «Аң пат-
шасы арыстан» дегенде қай Арыстан ауырғаны ашылып, анық 
болады.  Бұл  «аң  патшасы»  деген  «қай?»  деген  анықтауыш 
сұрауында жауап беріп тұр, қай арыстан ауырғанын да анықтап 
тұр, сондықтан анықтауыш болады. Аң патшасы  зат есім.
4-ші  мысал:  Шебердің  қолы  ортақ.  Шебердің  несі  ортақ? 
Шебердің қолы қалай? – ортақ. Кімнің қолы ортақ? – шебердің, 
«шебердің»  дегенді  айтпай,  құр  «қолы  ортақ»  деп  қойғанда, 
кімнің  қолы  ортақ  болатыны  белгісіз,  әйтеуір  біреудің  қолы 
ортақ  болып  шығар  еді.  «Шебердің»  деген  қосылғанда, 
ортақ болатын шебердің қолы екендігі ашылып, анықталады. 


222
«Шебердің»  деген  сөз  ортақ  болатын  кімнің  қолы  екенін 
анықтап тұрған соң жаңа «кімнің» деген анықтауыш сұрауына 
жауап  беріп  тұрған  соң  анықтауыш  болады.  Шебердің  –  зат 
есім (иелік жалғау).
Үшінші – анықтауыш болатын – сан есім (есептік реттік екі 
түрінде де). Мысал: 1. Үш жыл өтті. 2. Төртінші жыл жетті
Не өтті? – жыл. Жыл не етті? – өтті. Неше жыл өтті? – үш (жыл). 
«Үшті» айтпай, тек «жыл өтті» деп қойғанда, неше жыл өткені 
белгісіз, бір ғана жыл өткен деп түсінуге болады.
Өткен бір жыл емес, үш жыл. «Үш» деген сөз өткен неше жыл 
екенін ашып, анық көрсетеді жана «неше?» деген анықтауыш 
сұрауына  жауап  береді.  Екінші  мы салда:  «төртінші»  демей, 
құр «жыл жетті» деп қойғанда, нешінші жыл жеткені белгісіз, 
әйтеуір  бір  жыл  жеткен  болады  да  қояды.  «Төртінші»  деген 
сөзді  қосқанда,  жыл  анықталып,  нешінші  екені  ашылады. 
«Төртінші» деген сөз жылдың нешінші екенін анықтап та тұр, 
«нешінші?»  деген  анықтауыш  сұрауына  жауап  та  беріп  тұр. 
«Үш», «төртінші» деген сөздер мысалға алынған сөйлемдердің 
ішінде  жылдың  нешеу  жана  нешінші  екенін  анықтап  тұрған 
соң жана «неше?», «нешінші?» деген анықтауыш сұрауларына 
жауап беріп тұрған соң анықтауыш болады.
«Үш»,  «төртінші»  деген  сөздің  біреуі  есептік  сан  есім, 
екіншісі реттік сан есім.
Төртінші  –  анықтауыш  болатын  –  есімдік.  Мысалы:  1. 
Біздің  ауыл  көшті.  2.  Осы  aт  жүйрік.  1)  He  көшті?  –  ауыл. 
Біздің ауыл не етті? – көшті. Қай ауыл көшті – біздің (ауыл). 2) 
Не жүйрік? – ат. Осы ат қалай? – жүйрік. Қай ат жүйрік? – осы 
(ат). Біздің дегенді айтпай, «ауыл көшті» деп ғана қойса, қай 
ауыл көшкені белгісіз болар еді. «Біздің» деген сөз қай ауыл 
көшкенін  анық  көрсетіп  тұр  жана  «қай?»  деген  анықтауыш 
сұрауына жауап беріп тұр.
Екінші  мысалда:  «ат  жүйрік»  деп  ғана  қойса,  қай  аттың 
жүйріктігі айтылып тұрғаны белгісіз, аттың бәрі деген болып 
шығады. «Осы» деген сөз қай аттың жүйрік екенін анықтайды 
жана «қай?» деген анықтауыш сұрауына жауап береді.
Сүйтіп,  «біздің»,  «осы»  деген  сөздер  сөйлем  ішіндегі 
сөздерді анықтап, анықтауыш сұрауларына жауап беріп тұрған 


223
соң  анықтауыш  болады.  Бұл  сөздің  екеуі  де  есімдік,  біреуі 
жіктеу есімдігі, екіншісі сілтеу есімдігі.
Бесінші – анықтауыш болатын – етістік (көбінесе, есімше 
түрінде).  Мысалы:  1.  Алушы  адам  алданды.  2.  Барған  кісі 
келмеді. 1) Кім алданды? – адам. Алушы адам не қылды? – ал-
данды. Қай адам алданды? – алушы (адам). 2) Кім келмеді? – 
кісі. Барған кісі не қылды? – келмеді. Қай кісі келмеді? – барған 
(кісі). «Алушы» дегенді айтпай, құр «адам алданды» деп ғана 
қойса, қай адам алданғаны белгісіз, әйтеуір адам алданған ғана 
бо лып  табылады.  «Алушы»  деген  сөз  қосылса,  алданған  қай 
адам екені ашылып, анықталады. «Алушы» деген сөз «қай?» 
деген анықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. Екінші мысалда: 
«Барған» деген сөзді айтпай, «кісі келмеді» деп ғана қойғанда, 
келмеген  қай  кісі  екені  белгісіз,  тек  біреу  келмеген  болып 
шығады.  «Барған»  деген  сөзді  қосқанда,  келмеген  қай  кісі 
екені анық болады. «Барған» деген сөз қай деген анықтауыш 
сұрауына да жауап беріп тұр. «Алушы», барған» деген сөздер 
анықтауыш.  Бұл  сөздің  екеуі  де  есімше  етістік,  бірі  –  осы 
шақтық, екіншісі – өткен шақтық түрде айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет