295
жаңалықтың негізі – үйрету, әсіресе бастауыш мектептерде
үйрету, тәжірибе жолымен білу.
Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек.
Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны
өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін,
ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, керек білімін
кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне
шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп оты-
ру.
Бұл «Тіл жұмсар» деп ат қойып отырған кітап ана тілін
жоғарыда айтылған жаңа жолмен үйретуге ыңғайланып
шығарылған. Мұндағы білім – «Тіл – құралдағы» білім, бірақ
сол білімді мұнда үйрету жолы басқа.
«Тіл – құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде
таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша,
ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп таныта-
ды. «Тіл жұмсар» cол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін
балаға шағындап, бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жа-
сап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен
құралды танытады.
Бұл айтылған «Тіл – құралдан» «Тіл жұмсардың» негізгі
басқалығы мұнан өзге де бала шамасына шағындағандықтан
туған басқалықтар бар. Оларды мұнда түгендеудің қажеті жоқ,
үйткені «Тіл жұмсармен» үйреткенде, әрқайсысы өзінің ор-
ны-орнында көрінбекші. Мұнда тек басты-бастыларын ғана
көрсете өтсек болады.
1. Әріптен басқа жазуда қолданатын белгілерге бүгінге
дейін анықтап белгілі ат қойылған жоқ еді. Сүгіретке қарап
біреу олай, біреу былай деп атайтын еді. Мұнда соларға ат
қойылды. Мұндағы ат тек сүгіретіне қарай емес, жұмсалатын
орнына қарай қойылады. Мәселен:
тыныстық (.), жапсарлық
Достарыңызбен бөлісу: