Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет119/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

ОРФОЭПИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР
НЕМЕСЕ
СӨЗ САЗЫН КЕЛТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Орфоэпиялық ережелерді ұсынбас бұрын олардың берілу
тәртібі жайында бірер ескертпе айтуға тура келеді.
Орфоэпиялық   қағидалардың   ұсынылу   қалпы   (тәртібі,   әдісі,
стилі)   емле   ережелерінің   берілу   тәртібінен   біраз   өзгешелеу
болады.   Бұл   құрал,   бір   жағынан,   мектеп   мұғалімдері   мен
балабақша тәрбиешілеріне, мектеп оқушылары мен студенттер-
ге   ұсынылғандықтан,   осы   ережелерді   жақсы   игертулері   және
игерулері үшін, олар кеңірек дәлелденіп, түсіндірілді. Мысал-дар
да көбірек келтірілді. Оның үстіне үйренушілер жаттыға түсулері
үшін бұл ережелерге сөйлеу тәжірибесінде тапсырма-лар беріліп
отырды. Ол тапсырмаларды тек сөз сазын үйретуші мұғалімдер,
консультанттар т.т. ғана емес, орфоэпия ереже-лерін өз бетімен
игеремін деген жеке адамдар да орындаулары-на болады, өйткені
мұндай   жаттығулар   ережені   іс-жүзінде   иге-ре   түсуге   әбден
көмектеседі.   Ережені   теория   жүзінде   біліп   алу   бар   да   оны   іс
жүзінде   пайдалана   білу   бар   ғой.   Сөзді   дұрыс   жазу   мен   сөзді
дұрыс айтуға келгенде, жалаң теорияны, яғни ереже-лерді білу
ғана емес, тәжірибенің де, яғни жазу мен сөйлеудің мәні зор.
Екінші   бір   ескертетін   нәрсе   –   әрбір   бапта   (параграфта)
ұсынылған ереженің жалғасы ретінде ережеге қатысты айты-
латын қосымша түсіндірулер, дәлелдемелер беріледі. Оларды
да ереже бөлігі деп тану қажет.
Сөзді   дұрыс   айту   ережелерін,   олардың   түсіндірмелерін,
дәлелдемелерін   ұсыну   үстінде   сөздердің   жазылуы   да   жиі
көрсетіліп отырылады, оның себебі, бір жағынан, қазақ тілін-
де сөздің жазылуы мен айтылуы әрдайым бірдей түсіп отыр-
майтындығын ескертуде болса, екінші жағынан, жазуға қарап
оқып   (айтып,   дыбыстап),   оқуға   (айтуға,   дыбыстауға)   қарап
жазып шатасу қаупінен сақтандыруда болып отыр.
Сөз сазы ережелері, емле ережелері сияқты баптарға (пара-
графтарға) ажыратылып берілді. Алды-артындағы түсіндірме-
лер   мен   жаттығу   материалдарынан   бөліп   көрсету   үшін,
ереженің өзі жалпы текстен сәл шегіндіріліп терілді.
255




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет