Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод



Pdf көрінісі
бет106/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134
www.worldsamo@gmail.com
қорытынды


188
Мен және Ақша
«Мен және ақша» 
кітабын оқуға арналған 
нҰсқАулық
Егер сіз шынымен де бай боламын деп шешсеңіз, 
онда оны ертеңге қалдырмаңыз, дәл қазірден бастаңыз. 
Бірақ алдымен өзіңізге сұрақ қойыңыз – сіз бай болуға 
дайынсыз ба? Себебі байлық – бұл ойлау салты. Егер сіз 
табысты, бай адамдар сияқты ойланғыңыз келсе, еңбекті 
көп қажет ететін және қызықты жұмысқа бет бұрып, 
«Мен және ақша» кітабын оқуға кірісіңіз.
Бұл көптеген адамдар дағдыланып қалған әдеттегі 
оқу емес. Мазмұнын түсінудің ең дұрыс жолы 
мағынасын ойланып, өзіңізге сұрақ қойып, оқылған 
мазмұн жөнінде өз ойыңызды қалыптастыруыңыз 
қажет және қорытынды жасап, елестету күшін пай­
даланып отырыңыз және міндетті түрде табысты, бай 
адамдардың ішкі жағдайын сезіну үшін, олардың ор­
нына өзіңізді қойып елестетіп көріңіз. 
Жетістіктер, табыстар, кез келген оң нәтиже моти­
вациясыз болуы мүмкін емес. Табысқа жетуге деген 
ынтықты тілегіңіз анықтаушы фактор болып табылады. 
Ғибратты кітаптар, жігерлендіруші фильмдер және про­
фессионалды ұсыныстар егер сіз табысқа ұмтылғанда, 
үнемі тек табыс туралы ойлағанда, табысқа бағытталған 
жағдайда ғана көмектеседі. Себебі сіз үшін бұны ешкім 
жасай алмайды.
Сіз перспективті идеялар шығару үшін және іске 
асырылуы бойынша егжей-тегжейлі, тыңғылықты жо­
спарлар құру үшін, осы кітапты оқығаннан кейін пай­
да болған оң беталысты пайдалануыңыз қажет. Табысқа 
жетуге деген ұмтылысыңыз күшті болған сайын, оның 
орындалу мүмкіндіктері де көбейе түседі. Ежелгі дана 


189
Кітапты оқу бойынша нұсқаулық
сөздер: «Ықылас – мың мүмкіндік, ықылас танытпау – 
мың сылтау».
Өз сезімдеріңізді басқарып, оң қасиеттеріңізді пай­
далана біліңіз және пайдалы дағдыларды мақсатқа 
жету жолына бағыттай отырып, оларды қалыптастыра 
біліңіз. Бүкіл күдіктерді жойып, тек жеңіске қарай бет 
алыңыз, тек өз арманыңыз жайлы ойланыңыз және теріс 
эмоциялардың сіздің таңдауыңызға ықпал етуіне жол 
бермеңіз. Себебі кез келген жетістік оң беталыстан ба­
сталады емес пе?
Алайда, «Мен және ақша» кітабын оқуды бастамас 
бұрын, төрт түсті мәтіндік маркерлерді (көк, жасыл, 
қызыл және сары), белгі баулар мен дәптерді дайындап 
алыңыз және оларды үнемі қолжетімді жерде ұстаңыз. Жа­
сыл маркермен бизнеске, табыстарға, байлыққа, ақшаға 
қатысты сөздерді белгілеп отырасыз. Қызыл түс тыйым 
салу (болмайды) мағынасын білдіреді. Онымен күдік, 
қорқыныш, шығындар, эгоизм, банкроттық және т.б. 
мағынасын білдіретін теріс сөздерді белгілеуіңіз қажет. 
Мәселен, «Өз кедейшілігіңізге сылтау іздемеңіз, әйтпесе 
өмір бойы кедей боласыз» деген пікірден «кедейшілік», 
«кедей» сөзін қызылмен белгілеуіңіз қажет. Көк маркер­
мен дана сөздер, сонымен қатар сенімділік, ерік-жігер, 
мақсатқа бағытталушылық, батылдық, табандылық 
және т.б. сияқты оң қасиеттерді анықтайтын сөздерді 
белгілеңіз. Өмірде басшылыққа алынатын сары түспен 
негізгі ережелерге, қағидаларға, заңдарға қатысты негізгі 
сөздерді белгілеңіз. Мысалы, «Табысқа жету үшін, 
жол көрсететін тәлімгерді табу керек» деген сөйлемде 
«тәлімгерді табу» деген сөзді сарымен белгілейсіз.
Әр күні оңаша қалып, берілген кітапты оқуға 
кем дегенде 45 минутыңызды бөле алатындай етіп, 
уақытыңызды жоспарлауға тырысыңыз. Осы уақытта 
сізге ешнәрсе кедергі келтірмеуі және осы маңызды 
істен ешкім сіздің көңіліңізді бөлмеуі тиіс, бұл жөнінде 
өзіңіздің жақындарыңызбен алдын ала келісіп алыңыз.


190
Мен және Ақша
Әркез кітаптың жаңа тарауын оқуға кірісудің ал­
дында, алдыңғы тақырыпты қайталауға бірнеше минут 
бөлуге тырысыңыз. Себебі мектептің өзінде де әрбір 
сабақ алдыңға өтілген сабақ тақырыбын қайталаудан 
басталатын еді ғой. Бұл әдіс алынған білімді жақсылап 
меңгеріп, бекітуге көмектеседі, өйткені бұған сіздің 
алдағы уақытта жететін нәтижелеріңіз тәуелді болады.
сіздің АлғАшқы ӘреКетіңіз
Сізге табысқа апаратын жолда бағыт пен реттілікті 
көрсетуге көмектесетін өзіндік «жол көрсеткіш» ке­
рек. Тарауды оқып бастағанда, сізге маңызды болып 
көрінген, ішкі беталысыңызға жауап беретін сөздерді 
белгілей отырып оқыңыз. Егер бір нәрсе түсініксіз 
болса сұрақ белгісін немесе қандай да бір сөздер 
ұнап қалса леп белгісін қоюыңызға болады. Өзіңізге 
түсінікті блып саналатын кез келген белгілерді 
пайдалануыңызға болады.
Әдетте, оқырман жеке тұлғаны қалыптастыратын өз 
тәжірибесіне, тәрбиесіне, біліміне және көптеген басқа 
қасиеттеріне сүйенеді. Сондықтан сіздің таңдауыңыз 
өз индивидуалдығыңызды көрсетіп, басқа адамдардың 
таңдауына ұқсамайтын болады.
Тарауда кездескен ұнаған сөздердің барлығын 
белгілеп шыққаннан кейін, кітапты басынан соңына 
дейін барлық бөлімдердің атауларына, сонымен 
қатар ұлы адамдардың афоризмдеріне тоқтай оты­
рып, жай парақтап шығыңыз. Егер әлдеқандай нәрсе 
сіздің назарыңызды аударса, ойланбастан астын сы­
зып, белгілермен белгілеп қойыңыз. Себебі, бұл – өз 
әрекеттеріңізде басшылыққа алынатын сіздің жеке 
кітабыңыз. Қаншалықты көбірек белгі қойсаңыз, 
кітапта жазылған қағидаларды соншалықты жақсырақ 
түсінесіз. Бұл дегеніміз – оны өз өміріңізде қолданып, 
жетістіктерге жете аласыз деген сөз.


191


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет