Беделов камбар амангельдиевич



Pdf көрінісі
бет25/36
Дата07.09.2023
өлшемі2,51 Mb.
#106526
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Зерттеу жұмысы барысында болашақ информатика мұғалімдерін бұлттық 
технологиялардың дамуына сәйкес білім беру жүйесінде бұлттық 
технологиялар мен олардың сервистерін пайдалану мәселелеріне талдау 
жасалып, соның ішінде болашақ информатика мұғалімдерін заманауи білім 
беруде даярлаудың теориялық негіздері мен болашақ информатика 
мұғалімдерін бұлттық технологияларды пайдалануға даярлаудың әдістемелік 
жүйесін жасау қарастырылды. Отандық және шетелдік зерттеулердегі болашақ 
информатика мұғалімдерін даярлау барысында бұлттық технологияларды 
пайдалануға даярлау мәселесі зерделеніп, болашақ информатика мұғалімдерін 
кәсіби қызметінде бұлттық технологияларды пайдалануға даярлаудың 
әдістемелік жүйесі әзірленді. 
Диссертациялық зерттеу барысында келесі қорытындылар мен нәтижелер 
алынды: 
1. Заманауи білім берудегі информатика мұғалімдерін даярлау 
жүйесіндегі қолданыстағы тәсілдерге талдау жасалды, болашақ информатика 
мұғалімдерінің кәсіби қызметінде бұлттық технологияларды пайдалануға 
даярлау қажеттілігі негізделді. 
2. Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық 
технологияларды пайдалануға даярлаудың моделі жасалды. 
3. Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық 
технологияларды пайдалануға даярлаудың мазмұны және кәсіби қызмет 
құрылымын ескере отырып, болашақ информатика мұғалімдеріне арналған 
«Бұлттық технологиялар» курсының мазмұны анықталды.
4. Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық 
технологияларды пайдалануға даярлау әдістемесінің ерекшеліктері, бұлттық 
сервистерді таңдау критерийлері, сонымен қатар даярлаудың ұйымдастыру 
формалары мен әдістері және бұлттық сервистер оқыту құралы ретінде 
айқындалды
.
5. Болашақ информатика мұғалімдерін бұлттық технологиялардың 
дамуына сәйкес кәсіби қызметінде бұлттық технологияларды пайдалануға 
даярлаудың әдістемелік жүйесі жасалды, және оның тиімділігі тәжірибелік 
эксперимент жүзінде тексерілді. 
Осылайша, зерттеу мақсатына қол жеткізілді, қойылған міндеттер 
орындалды, тұжырымдалған ғылыми болжамның әділдігі дәлелденді. 
Жүргізілген зерттеу болашақ информатика мұғалімдерін даярлау 
жүйесіне бұлттық технологияларды ендірудің ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар, Интернет-технологиялар саласындағы дайындыққа да, жалпы 
педагогикалық дайындыққа да оң әсерін тигізетіні туралы болжамды растады. 
Бұлттық технологиялардың көмегімен педагогикалық міндеттерді шеше 
білу болашақта «бұлттарды» оқу міндеттерін шешу үшін ғана емес, сонымен 
қатар тәрбие, ұйымдастыру-басқару міндеттерін шешу үшін де пайдалануға 


113 
мүмкіндік береді. Бұлттық сервистер кері байланысты ұйымдастыру және оқу 
жетістіктерін бағалауға, оларды сақтауға көзқарасты өзгертеді.
Зерттеу барысында болашақ информатика мұғалімдері үшін оқу үдерісіне 
баса назар аударылды, бұлттық сервистерді пайдалану мүмкіндіктері мен 
пайдалану әдістемесі жасалды. Сонымен қатар, болашақ информатика 
мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық технологияларды пайдалануға даярлау 
әдістемесі мен «Бұлттық технологиялар» курсының мазмұны, бұлттық 
сервистерді іріктеу критерийлері айқындалып, Google ClassRoom білім беру 
платформасын пайдаланып, «Бұлттық технологиялар», «Компьютерлік 
желілер» және т.б

пәндер бойынша сыныптар әзірленді
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет