Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет115/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   273
Негіздік тұздың түзілуі

Пробиркадағы CuSO4 ерітіндісіне артық мөлшердегі NaOH ерітіндісін (2 н) құйыңыз. Сонда көгілдір түсті аморфты мыс гидроксидінің тұнбасы түзіледі. Пробирканы қыздырғанда мыс гидроксидінің ыдырауы нәтижесінде мыс оксиді түзілетінін еске алып, реакция теңдеулерін жазыңыз.

Екінші пробиркадағы CuSO4 ерітіндісіне аз мөлшерде NaOH ерітіндісін тамызыңыз. Сонда тұнбасы бар сұйықтықты қыздырғанда мыс гидроксиді емес, негіздік мыс тұзы Cu2(ОН)2SO4 тұнбасының түзілетінін ескеріп, реакция теңдеуін жазыңыз.


Зертханалық жұмыс №3а

Бөлініп шыққан сутектің көлемі бойынша магнийдің

эквивалентін анықтау
Б
2. Металдың эквивалентін анықтауға арналған аспап

арналған аспап аспап


өлінген сутектің көлемі бойынша магнийдің эквивалентін анықтауға арналған аспап штативке бекітілген (2-сурет). Ол сыйымдылығы 50 мл бюреткадан (1), резеңке түтікпен жалғасқан воронкадан (2) және пробиркадан (3) құралған. Бюретка мен пробирка түтікшесі бар тығынмен тығындалады. Тәжірибені жасау алдында аспаптың герметикалығын тексеру керек. Ол үшін бюреткаға су құйып, воронка орналастырылған резеңке түтік суға толтырылады. Бюретканы тығындап, пробирканы орналастырыңыз. Штатив сақинасын төмен түсіріп, жоғары көтеру арқылы аспапты сынаңыз. Егер аспап ақаусыз жұмыс істесе, воронканы төмен түсіргенде бюреткадағы судың деңгейі сәл ғана төмендейді де кейін өзгеріссіз қалады. Егер бюреткадағы судың деңгейі төмен түсе берсе, онда аспапта ақау болғаны. Бұл жағдайда оқытушыдан консультация алып ақауды жөндеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет