Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы


Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жетістіктері



бет28/56
Дата11.12.2023
өлшемі183,3 Kb.
#137076
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
599 психология

Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жетістіктері: психикалық процестердің ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, өзің -өзі бақылау, рефлексия.
Рефлексия – латынша «бейнелеу» деген сөз. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Жетекші іс-әрекеті. Оқу –іс-әрекеті. Адамның іс-әрекеттерін белгілі бір білімді, дағдыларды, іскерліктерді, мінез-құлық пен іс-әрекеттің формаларын меңгерсем деген саналы мақсат басқаратын жерде оқу болады. Оқу адамға ғана тән іс-әрекет, осының өзінде ол адам өз іс-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам психикасының даму сатысында ғана мүмкін. Мұндай қабілет баланың мінез –құлқы мен іс-әрекетінің бұған дейінгі түрлерінің – ойынның , сөйлеу қарым –қатынасының , практикалық іс-әрекеттерінің негізінде қалыптасады.
Оқу іс-әрекеті дегеніміз не? кез келген іс-әрекет практикалық болсын, сөйлеу жүзінде болсын қайсібір физикалық іс-әрекеттердің жиынтығы. Демек, оқу да адамның түрлі іс-әрекеттер жасауы, қиылдары, жазуы, сөйлеуі. т.б. арқылы жүзеге асады. Бірақ өмірлік байқаулар мен арнайы тәжірбиелер таза сыртқы , дәлірек айтқанда қозғалыс белсенділігі үйренудің әсте де міндетті шарты емес екендігін көрсетеді. Бір жағдайларда, ол маңызды роль атқаруы мүмкін ( мәселен , жазудың, сөйлеудің , сурет салудың қимл дағыдларын меңгеру үші) екінші жағдайда, ерекше маңыз болмайды ( мәселен, сөздерді не тектсі есте сақтау үшін, затты танып, ажырату үшін).
Егер оқу іс-әрекет болса, онда ол сыртқы және көзге көрінетін формаларсыз жүзеге аса ала ма? Зерттеулер практикалық іс-әрекетпен қатар адамның тағы да айрықша гностикалық ( грекше гнозис- білім) іс-әрекетті жүзеге асырлатынын көрсетті. Оның мақсаты - айналадағы дүниені танып білу. Практикалық іс-әрекет секілді гностикалық іс-әрекет те заттық және сыртай іс-әрекет бола алады.(мәслен , заттардың қасиеттерін зерттеп білу үшін оларды бөлшектеу мен құрастыру, салмағын, тұқын өлшеу, орындарын ауыстыру). Мұның өзі сондай ақ перцептивалық іс-әрекет – қарау, тыңдау, қадағалау; символикалық іс-әрекет – бейнелеу, белгілеу, айту.
Оқу іс-әрекетінің мотивтері. Белгілі зат , оқиғалар , жағдайлар немесе іс-әрекет адамның белгілі бір белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса іс-әрекеттің себептеріне айналады. Бұл түп негіздері үш негзігі категорияға айналады.

  • ішкі негіздер (қажеттіліктер)

  • сыртқы негіздер ( талаптар,күту,мүмкіндіктер)

  • жеке түпкі негіздер. ( құндылықтар)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет