Барлық оқушы үшін: Циклдің адам өміріндегі маңызын түсінеді.
Оқушылардың көбі үшін: Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекеттерге циклдік алгоритм мысалдар келтіреді.
Кейбір оқушылар үшін: Циклдік алгоритмдерді құрастыруды үйренеді.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту «Жаңалық ашамыз» ойыны Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл кәдімгі жеңіл ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.
Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с.
Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады.
Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайдаланылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.
Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі.
Сонымен қатар оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды әсер сыйлайды.
Топтастыру:
Топтастыру. «Фигуралар» әдісі Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру. Алдымен оқушылар фигуралар салынған хатқалта ішінен көзбен көрмей, қолына ілінген қағаз фигураны алады. Сол фигура бойынша ұқсас топтарға бірігеді. I топ . Үшбұрыштар топ. Дөңгелектер
топ.Төртбұрыштар
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге; өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.