Функционалды стилдің
ауызша және жазбаша
түрлерінің ғылыми
концепцияларын анықтау.
Көркем шығармадағы
поэтикалық сөз
қолданыстары. Драмалық
шығарманың тілдік
ерекшелігі, тіл мен әрекет
бірлігі
Аманқосов Айбар
Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен
шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға
қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы
көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі.
Драмалық шығармаларда баяндау
болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі
репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы
дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-
қозғалысын білдіретін түсініктемелерді
жақша ішіне бөлек жазып отырады.
"Drama" деген терминнің өзі қимыл, әрекет жоқ жерде
драматургиялық шығарма да жоқ. Тартыс атаулының ең бір
шиеленіскен, шым-шытырық, күрделі түрі пьесада жатады.
Арқауында аса маңызды, қатал, қиын қақтығыстар жатпаған
пьеса - пьеса емес.
Қаһарман сахнаға шықты ма, болды, дереу іске, әрекетке
көшуі қажет. Үнсіз-қимылсыз үш сағат түгіл үш минут отыра
алмайды.
Жалпы стилистика – шеберлік туралы ғылым саласы, оған тілдің
көріктеуіш құралдары, солардың көркем әдебиетте қолданылуы
жайындағы зерттеулер жатады. Көркем әдебиет өнер туындысы
болғандықтан, оның тілі сол өнердің құралы, «материалы» ретінде
қаралып, ол да өнер, демек, шеберлік тұрғысынан сөз болуы қажет.
Тіл білімінде стилистиканы:
1) тілдің стилистикасы, яғни системалардың жүйесі (стилистика языков);
2) сөздің стилистикасы, яғни тіл элементтерінің жалпы халықтық
қолданысын зерттеу (стилистика речи);
көркем әдебиет стилистикасы, яғни поэтикалық зерттеу деп бөліп
қарастырады.
Жазушы шығармасында айтпақ идеясын, бермек
образдарын жəне көрсетпек суреттерін тіл
арқылы білдіреді.
Көркем шығармада ненің суреттелгені
ғанаемес,қалай суреттелгенінің мəні
зор.Сол«қалай»- ды көрсету –
стилистиканың міндеті.
Драмадағы ең басты, ең
шешуші, ең негізгі нәрсе
- тіл.
Драмадағы хал-күйдің басы
(экспозиция), әрине, пьесаның
кіріспесі іспетті, алғашқы актіде
жатады. Мұның міндеті -
көрерменді пьесаға
қатынасатын адамдармен
(персонаждармен) таныстыру.
Экспозиция екі түрлі (жардай
экспозициясы, мінез
экспозициясы) болуы мүмкін.
Пьесадағы әр сөз мірдің
оғындай өткір, көздеген жерге
дір етіп тиердей дәл, көкейге
саулап құйылардай таза,
мөлдір, санаға мықтап
дарығандай мағыналы, мәнді
болып келуге тиіс. Драма тілі
тұжырымды, қысқа, түйінді
болады. Өйткені романда бір
бетке суреттелетін шындық пен
суретті пьесада бір ауыз сөзбен
беру қажет. Ал әр сөз, әр
сөйлем шындықты ғана емес,
сол сөзді айтқан кейіпкердің
мінезін аңғартуы керек және әр
адамның сөзі өзін танытуы
шарт.
Функционалдық стильдің бір тармағы – көркем шығарма
тілін лингвостилистика тұрғысынан зерттеуде
мыналарды нысанаға алады:
«автор образы» дегеннің көрінісі;
баяндаудың түрлері;
кейіпкерлердің сөзін беру (кейіпкерлерді сөйлету)
принциптері;
кейіпкерлер тілі мен автордың өз тілінің көрінісі.
•С. Исаев “Қазақ тіл білімінің
мәселелері”
•Балақаев М. Томанов М.
Жанпейісов Е. Манасбаев Т.
“Қазақ тілінің стилистикасы”
•К. Ахметов “Әдебиеттану
әліппесі”
Пайдаланылған әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |