Билет №1 Көз алмасының құрылысы, жасқа байланысты ерекшеліктері



бет21/21
Дата08.06.2023
өлшемі484,04 Kb.
#99765
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Бинокулярлы көру — диплопияның туындауынсыз екі көзбен затты қарау қасиеті. Бинокулярлы көру 7—15 жаста қалыптасады. Бинокулярлы көру кезінде көру жітілігі монокулярлы көруге қарағанда 40% жоғарырақ. Адам басын қозғалтпай, бір көзбен шамамен 140°, ал екі көзбен шамамен 180° кеңістікті қамти алады. Ең негізгісі — бинокулярлы көру айналадағы заттардың алшақтығын шамалап анықтайды, яғни стереоскопиялық көруді қамтамасыз етеді.
Бинокулярлы көрудің даму шарттары келесідей:

  • екі көздегі көру жітілігі 0,3 төмен болмауы керек;

  • конвергенциямен аккомодацияның сәйкестігі;

  • екі көз алмасының үйлестірілген әрекеті;

  • изейкония — екі көздің тор қабатында қалыптасатын бірдей көлемді кескін (бұл үшін екі көздің рефракциясы 2 дптр артық болмауы керек);

  • фузияның болуы (фузионды рефлекс) — екі тор қабатының сәйкестендірілмелі аймағынан кескінді мидың біріктіру қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет