2) Жүйелердегі процестер: газ-қатты, газ-сұйық, сұйық-қатты Әрекеттесуші заттардың агрегаттық күйіне байланысты химия-технологиялық үрдістер және оларға сәйкесті реакторлар гомогенді(сұйық-сұйық, газ-газ) және гетерогенді(газ-сұйық, газ-қатты, сұйық-қатты) болып бөлінеді.
Гомогенді деп бір текті ортада, яғни жүйенің бөлімдерін бірін-бірінен бөлетін жанасу беттеру жоқ сұйық немесе газ қоспаларында өтетін химиялық үдерістерді айтады.
Осы гомогенді процестерде химиялық реакциялар оңай жүретін болса, гетерогендік процестерде фазалар арасында жүретін абсорбциялық, адсорбциялық, десорбциялық және хемосорбциялық процестер көп жағдайларға байланысты жүреді.
Газ-қатты
Адсорбция, десорбция, руданы күйдіру, металдарды тотықтыру, қатты отынды жағу;
Газ-сұйық
Адсорбция, десорбция, ерітіндіден еріткіштің булануы, конденсация және т.б.
Сұйық-қатты
Абсорбция, десорбция, еру, кристалдау және т.б
Абсорбция деп сұйық фазаның газды фазаны бойына сіңіру (жұту) процесін айтады. Егер абсорбция кезінде сұйық фазаның ішінде химиялық реакциялар жүретін болса, онда бұндай процестерді хемосорбциялық процестер деп атайды.
Адсорбция дегеніміз қатты заттар мен газдардың, булардың немесе ерітіндіде еріген заттардың жұтылуы болып табылады. Жұтылатын зат- адсорбтив, сіңірілген- адсорбат деп аталады.
Мысалы: Майды сумен араластырғанда, май тамшылары судың түбіне батпай, су бетінде қалқып жүреді.???
Десорбция- сұйық фазада еріген газдық фаза қайтадан сұйықтан газ түрінде бөлініп шығуы, адсорбцияға кері процесс. (Адсорбенттің бетінен адсорбцияланған затты жою.) Ол қыздыру, қысымды төмендету, сіңірілмейтін газдармен немесе булармен тазарту және еріткіштермен өңдеу арқылы адсорбенттер мен абсорбенттерді қалпына келтіру үшін қолданылады.
Кристалдау- газдардан, ерітінділерден, балқымалардан немесе шынылардан кристалдардың түзілу процесі. Кристалданудың арқасында минералдар мен мұздың, тіс эмальының және тірі ағзалардың сүйектерінің түзілуі жүреді.