Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда өткізеді.
Гигиеналық себезгіНі (душты) жүргізу
Мақсаты: жеке бас тазалығын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын ала ескерту.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсеткіштері: науқастың ауыр жағдайы, қан кету, қызба, жарақат, миокард инфарктісі, ми қан айналымының жедел бұзылуы.
Құрал-жабдықтар: клеенка алжапқыш, резеңке қолғап, щетка, шомылғыны тазалайтын заттар, зарарсыздандыратын ерітінді, су термометрі, сабын және жөке, сүлгі, таза іш киімдер, резеңке кілемше, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп,, қолғапты киіп, клеенкалы алжапқышты тағыңыз.
Желдеткішті жабыңыз, себезгі бөлмесінің еденіне резеңке кілемшені төсеңіз, себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазартатын заттармен мұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.
Суды ағызыңыз (t 350-380С)
Науқасқа шешінуге көмектесіңіз және оны шынтақ астынан ұстап себезгі бөлмесінде қойылған табуретке отырғызыңыз.
Егер науқас өз бетінше жуына алмаса, онда сабынды және жөкені қолдана отырып, оны келесі ретпен жуыңыз: басын, денесін, қолдарын, шат аймағы, бұт аралығын, аяқтарын.
Науқасқа себезгі бөлмесінен шығуға көмектесіңіз, оны тура сол ретпен сүлгімен сүртіңіз.
Науқасқа таза киімдерін кигізіңіз.
Себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазалайтын заттармен мұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.
Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандырыңыз.
Қолғапты ҚЖКЖК-ғ салыңыз.
Гигиеналық бҰлауды (ваннаны) жүргізу
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын-ала ескерту.
Достарыңызбен бөлісу: |