Органикалық реакцияларды олардың жүру механизмдеріне байланысты жүйелеу қолайлы. Әрбір реакция белгілі бір механизммен жүреді. Механизм— химиялық реакцияның қарапайым сатылар арқылы жүру реті. Реакцияның механизмі бастапқы заттардағы химиялық байланыстың үзілу түріне тәуелді болады.
Коваленттік байланыстың үзілу механизмі екі түрлі өтуі мүмкін: гомолитті (симметриялы, радикалды) және гетеролитті (ассимметриялы, ионды).
Рефлексия (5мин.)
Бірінші типтегі есептер – Реакцияға алынған заттың массасы (көлемі) және өнімнің массасы (көлемі) белгілі болатын жағдай. Реакциядағы өнімнің шығымын % анықтау керек.
Есеп 1. Массасы 1,2 г магний күкірт қышқылының ерітіндісімен әрекеттескенде, массасы 5,5 г тұз түзілген. Реакция өнімінің шығымын анықтаңыз (%).
1. Есептің қысқаша шартын жазамыз
Берілгені:
m (Mg) = 1,2 г
m прак.(MgSO4) = 5,5 г
_____________________
Табу керек:
=?
2. Реакция теңдеуін жазып, теңестіру керек.
Реакция теңдеуінде есеп шарты бойынша заттар қатынасын көрсету
3. ХЭПЖ қолданып заттың молекулалық массаларын табу керек