Білім беру бағдарламасы «7M041 Бизнес және басқару»



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата22.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#95720
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
 
 


31 
Бұқаралық спортты дамытудың озық шетелдік тәжірибесі және оны 
қазақстанда қолдану мүмкіндіктері 
Қазақстанда бұқаралық спорттың жоғарыда аталған проблемалары 
бірнеше жылдар қатарына қолға алынып жатқанымен, ілгерілеу мүлдем баяу 
жылжуда, сондықтан бұқаралық спортты дамытудағы АҚШ-тың табысты 
тәжірибесіне жүгінген жөн деп санаймыз. Америкалық мектеп оқушыларының 
өмірі қазақстан балаларының өмірінен анағұрлым өзгеше. АҚШ мектептерінде 
оқу үш кезеңге бөлінеді: 5-12 жас аралығындағы балаларға арналған бастауыш 
мектеп, 12-14 жастағы балаларға арналған орта мектеп, 13-18 жастағы 
жасөспірімдерге арналған жоғары мектеп. Жоғары мектепті аяқтаған соң, алған 
бағаларына байланысты, балалар колледждер мен университеттерге түседі 
немесе жұмысқа орналасады. Бұл ретте, спорт білім берудің басты құрамдас 
бөлігі болып саналады, 13 жастан бастап дене шынықтыру сабақтары міндетті 
білім беру бағдарламасына кіреді. Америка мектептерінде әрбір алтыншы сабақ 
– бұл дене шынықтыру сабағы. АҚШ-та бастауыш және ортаңғы сыныптарда 
дене шынықтыру сабақтары болмайды, бірақ балалардың спорттық 
демалысымен ата-аналар комитеттері өте белсенді айналысады, олар спорт 
секцияларын немесе клубтарды өздері ұйымдастырады. Бұл балалардың 
психикасы үшін өте жеңіл. Балалардың мұғалімдер алдында міндеттемелері 
болмайды, сондықтан спортпен олар өздерінің қызығушылығы бойынша 
шұғылданады. Осындай жағдайларда оларға даму да оңай. Дегенмен, дене 
шынықтыру сабағы спорттың нақты түрімен айналысуды білдірмейді. Бұл 
сабақтарда мектеп оқушылары өз денсаулығымен және жалпы дене 
дайындығымен айналысады. Дене шынықтыру жоғары сыныптардың тек 
алғашқы екі жылында ғана міндетті, ал одан кейін оқушы дене шынықтыруды 
жалғастырғысы келеді ме немесе сабақтан кейін мектепте жүргізілетін 
спорттың кез келген түрімен айналысқысы келеді ме, өзі таңдауға ерікті. 
Мектеп бағдарламаларында негізгі бағытты ұлттық үкімет әзірлейтіндігіне 
қарамастан, әрбір штат мектепте қандай пән жүргізетіндігін өздері шешеді. 
Сондықтан, Пенсильванияның спорт түріне артықшылық беруі Нью-Йоркпен 
салыстырғанда өзгеше. Әр мектепте жиырмаға жуық спорт секциялары жұмыс 
істейді: америка футболы, соккер (еуропа футболы), баскетбол, волейбол, 
бейсбол, жеңіл атлетика, гольф, теннис және т.б. АҚШ-та міндетті түрде екі 
жыныстың да командалары құрылады, тек америка футболы ғана мұндай 
командаға бөлінбейді, бірақ қыздар өздерін черлидингте дамыта алады. 
Мектептерде әдетте сегіз-он алты дене шынықтыру мұғалімдері болады, 
қыздар мен ұлдарға мұғалімдер бөлек белгіленеді. Бұл тек жалпы дене 
шынықтырумен айналысатын мұғалімдер, ал спорттың әр түрі бойынша жеке-
жеке жаттықтырушылар болады. Оларды санау қиын, өйткені америка футболы 
командасымен он екі жаттықтырушы, ал күресшілермен үш жаттықтырушы 
жұмыс істейді. Дене шынықтыру мұғалімінің жылдық еңбекақысы орташа 40-
65 мың долларды құрайды. Егер мұғалім жаттықтырушы қызметін қоса атқарса, 
онда оған 5 мың доллар үстеме ақы төленеді. Бұл ретте, мұғалімнің арнайы 


32 
педагогикалық білімі болуы тиіс, ал жаттықтырушы қызметін музыка, 
математика немесе әдебиет мұғалімдері қоса атқара алады. Бұл үшін педагог 
болу міндетті емес, қоғамдық кеңес сайлаған кез келген адам жаттықтырушы 
бола алады. Мектеп бюджеті жыл сайын штат бюджетінен толықтырылады. 
Мектеп басшылығы спортқа жұмсауға бөлген қаржы Спорт департаментіне 
түседі (ол әрбір білім беру мекемесінде болады), онда ақша спорт түрлері 
бойынша бөлінеді. Бұдан бөлек, егер қаржы жеткіліксіз болса, департаменттер 
қосымша қаржылар, мысалы, қайырымдылық қорлары есебінен тарта алады. 
Штат бюджетінен түсетін қаржыдан басқа, мектеп жылжымайтын мүлікке 
төленетін салықтық алымдардан кіріс ала алады. Мектеп орналасқан ауданның 
тұрғындары тұрғын үй үшін салықты (оның көлемі жеке тәртіпте айқындалады) 
штаттың бюджетіне емес, мектеп бюджетіне төлейді. Жоғары сыныптарға 
оқушыларды қабылдау ережелері өте қатаң. Олар міндетті түрде жақын 
аудандарда тұруы тиіс. Егер оқушы ауысатын мектеп оның бұрынғы мектебінің 
ауданында орналасса да, орнатылған ережелер бойынша, ол жыл бойы жаңа 
команда құрамында ойнай алмайды.
Командаларды 
бұрынғы 
оқушылардың 
ішінен 
қалыптастырады. 
Бұқаралық спорттың мәні де осында. Мектептік деңгейде ешкім жоғары 
деңгейлерге ұмтылмайды. Әртүрлі аудандардың мектептері арасында әділ емес 
күреске алып келетін күшті бәсекелестік болмайды. Міндет салауатты ұрпақ 
тәрбиелеу және колледждер мен университеттердің командалары үшін резерв 
дайындау болып табылады. Онда командалар өздерін жетілдіріп, маңызды 
нормативтерді орындауы тиіс. Колледждер мен университеттер түлектерінің 
негізінде командалар кәсіби лига құрады.
Америка спорты пирамида тәрізді. Атап айтқанда, мектептерде америка 
футболында 5 миллионға жуық бала ойнайды, колледждерде футболмен 80 000-
ға жуық атлет белсенді айналысуды жалғастырады, ал кәсіби клубтарда 5 000-
нан аспайтын спортшы ойнайды (жыл сайын Ұлттық футбол лигасының 
драфтына 300 жаңа ойыншы келеді). Атлеттердің америка спортының қандай 
деңгейдегі элитасын құрайтындығын елестету қиын емес. Бұл шын мәнінде 
үздіктердің үздігі. 
Америка мектептерінде спорттың әрбір түріне жылына белгіленген уақыт 
бөлінеді, ол қатаң шектеулі болады. Атап айтқанда, америка футболымен тек 15 
тамыздан 31 қазанға дейін айналысады. Егер мектеп командасы плейоффқа 
шықса, онда оларға тағы бір ай жаттығуға рұқсат етіледі. Баскетболмен 
қарашадан наурызға дейін, бейсболмен наурыздан мамырға дейін айналысады. 
Осылайша, мектеп балаларды белгілі бір спорт түрін таңдауға мәжбүрлемейді. 
Өздерін әртүрлі спортта байқап көруге мүмкіндік ұсынылады [16]. 
Жалпы, Батыс елдерінде бұқаралық спортқа жеке капитал белсенді 
тартылады, спорт клубтары өзара қаржыландыруды тарту үшін жарысады, ал 
демеушілер спортта бизнес жасау, оған инвестиция құю мүмкіндіктеріне ие 
болады. АҚШ-та спортты мемлекет қаржыландырмайды. Қазақстанда бүгінгі 
таңда мұның бәрі жоқ. 


33 
Кесте 5 - АҚШ-та спорт саласының сипатына байланысты спортты 
қаржыландыру көздері 
Спорт саласы
Спорттық ұйымдар 
Қаржыландыру көздері 
Жоғары 
жетістіктер 
спорты
АҚШ 
Олимпиада 
комитеті, 
Әуесқойлық спорт одағы, Америка 
денсаулық, дене шынықтыру және 
демалыс одағы, Орта мектептердің 
спорттық 
ассоциацияларының 
Ұлттық федерациясы, спорттың әр 
түрі бойынша федерациялар 
Спорттық клубтардың немесе 
командалардың 
жарналары, 
федералдық 
үкіметтің 
және 
штаттардың 
үкіметтерінің 
қаражаттандыруы, билеттер және 
телетрансляцияға 
құқықтар 
сатудан түскен кірістер 
Мектеп спорты 
Спорттың 
әр 
түрі 
бойынша 
федерациялар, АҚШ Олимпиада 
комитеті, 
Спорттық 
мектеп 
ассоциациялары, Штаттардың орта 
мектептерінің 
спорттық 
ассоциацияларының 
Ұлттық 
федерациясы 
Спортшылардың ата-аналарының 
кірістері, 
спорттың 
әр 
түрі 
бойынша федерациялар, АҚШ 
Олимпиада комитеті, демеушілер, 
көрермендерге билеттер сатудан 
және қызмет көрсетуден түскен 
кассалық алымдардың кірістері, 
дотациялар 
жәнежеке 
тұлғалардың қайырымдылықтары, 
мектептердің ортақ қорларынан 
қаражаттар 
Студентер 
спорты
Жоғары 
оқу 
орындары 
арасындағы спорттың Ұлттық 
ассоциациясы, 
КолледжспортыныңҰлттық 
ассоциациясы,Студенттік 
спорттың Ұлттық ассоциациясы, 
Кіші 
колледждердің 
ұлттық 
спорттық ассоциациясы 
Жоғары 
оқу 
орындары 
арасындағы жарыстарды ұлттық 
телевидениге 
трансляциялау 
құқықтарын сату, жоғары оқу 
орындарының, 
мемлекеттердіңстуденттерге, 
спортшыларға 
мемлекеттік 
стипендиялары 
Кәсіби спорт 
Спорттың 
әр 
түрі 
бойынша 
лигалар, 
спорттың 
әр 
түрі 
бойынша ассоциациялар, АҚШ 
Олимпиада комитеті 
Демеушілік, жарыстарға билеттер 
сату, 
теле 
және 
радиотрансляцияға құқықтар сату, 
коммерциялық 
-лицензиялық, 
жарнамалық 
және 
баспа 
қызметінен 
түсетін 
түсімдер, 
командалардың акцияларын сату, 
ойыншыларды сату, лигалардың 
орталық 
қорларынан 
түсетін 
түсімдер 
Ескерту - әдебиеттер негізінде құрастырылған [16] 
Осылайша, АҚШ-та бюджеттік емес қаржыландыру экономиканың үш 
секторымен жүзеге асырылады деп қорытындылауға болады: 
1. Спорттық тауарлар мен қызметтерді тұтыну арқылы әртүрлі 
кәсіпорындар және тұрғындар. 
2. Ұйымдастырушылардан спорттық іс-шараларды телетранслациялау 
құқығын сату арқылы теледидар арқылы жүзеге асырылады. 
3. Спортты жарнамалық мақсаттарда, атап айтқанда демеушілік арқылы 


34 
пайдаланатын компаниялар. 
АҚШ спорт саласын бюджеттік қаржыландыру екі тәсілмен жүзеге 
асырылады: жергілікті, өңірлік немесе федералдық бюджеттен тікелей 
қаражаттандыру арқылы жәненесиелендіру, лицензиялаунемесе салық салу 
кезіндегі әртүрлі жеңілдіктер арқылы. Бұл ретте, көбінесе жанама 
қаржыландыру басымды болады.
АҚШ дене шынықтыруы мен спортын қаржыландыруға талдау жүргізу 
барысында біз келесі қаржыландыру принциптерін қалыптастырдық: 
1. Спортты коммерцияландыру принципі. 
2. Спортты бұқаралық ету принципі. 
3. Қаржылық мүдделердің теңгерімділік принципі. 
Біздің пікірімізше, спорт индустриясының аралас қаржыландырылуына 
аса назар аудару қажет, өйткені бұл мемлекетке сол немесе басқа спорттық 
жобаға ақша ағындарын бақылауға мүмкіндік береді, ал жеке секторға 
тәуекелдер мен кепілді табыстыбөлу кезінде мемлекеттік қолдау береді.
Еуропалық модельге аралас қаржыландыру тән, бұл ретте мемлекеттің 
қатысу үлесі маңызды бөлікті алады. Еуропалық модельге көптеген азия және 
латын-америка елдерінің қаржыландыру схемалары жақын. Еуропа елдерінде 
бәсекелестік спорттық бизнесті жүргізудің басымды факторы мен міндетті 
шарты болып табылады. Чемпионат қорытындылары бойынша соңғы орынға ие 
болған команда спорттық нәтижелер бойынша іріктелген басқа командаға 
орнын беріп, жоғары дивизионнан шығарылады. Еуропада ең алдымен 
спорттық нәтижелерге, ал одан кейін табысқа назар аударылады. Екінші 
санатқа мемлекеттік спорттық саясатты жүргізетін елдер жатады. Олар спортты 
дамыту жауапкершілігін өздеріне алады. Орталық деңгейде бұл жұмыс спорт 
министрлігіне немесе дене шынықтыру-спорттық жұмысқа жетекшілік ететін 
арнайы органы бар басқа ведомствоға тапсырылады. 
Балалар-жасөспірімдер спорты мен сауықтыру қозғалысын жергілікті 
бюджеттерден қолдау екі модельге де ортақ болып табылады. Қазақстан 
Республикасымен салыстырғанда, Еуропа мен Американың дене шынықтыру 
және спорт саласын қаржыландыру проблемалары бойынша мүлдем басқа 
жағдайды көреміз. Біріншіден, дене шынықтыру және спортқа ақша 
қаражаттары бірнеше есеге көп бөлінеді. Екіншіден, осы саланың бюджеттен 
тыс қаржыландырылуы дене шынықтыру мен спортты бюджеттік 
қаржыландырудан анағұрлым артық. 
Швейцарияда дене шынықтыру мен спорт қызметтерін төлеу арқылы 
тұрғындардың қаржылық салымдары жыл сайын салаға мемлекеттік және 
жергілікті бюджеттен түсетін қаражаттардан 200 еседен артық. Осы елде дене 
шынықтыру мен спортты қаржыландыру бойынша екінші орында кантондар 
(200 млн. франк) және коммундар (700 млн. франк) тұр, олар жиынтығында 
дене шынықтыру мен спортты федералдық бюджеттен қаржыландыру 
көлемінен 12 есеге артық. Швейцарияда 1938 жылдан бастап Спорт-Тото 
арнайы фирмасы жұмыс істейді, оның таза табысының 75%-ы осы 
қаражаттардың міндетті түрде спорт ғимараттарын салуға, спорт құралдары 


35 
мен жабдықтарын алуға, спорттың бұқаралық түрлерін дамытуға және т.б. 
пайдалану үшін кантондарға, ал таза табысының 25%-ы Швейцария спорттық 
одағына аударылады. Швейцарияда дене шынықтыру мен спортты 
қаржыландыру бойынша үшінші орынды фирмалар мен бұқаралық ақпарат 
құралдары алады. Олар мемлекеттік және жергілікті бюджеттен түсетін 
қаржылардан 6 есе артық салым салады [17].
Швециядадене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерінің 
арақатынасы келесі түрде: коммундар 3,5 млрд. крон бөледі, бұл мемлекеттік 
салымдардан 1000 есеге артық, фирмалардың салымдары 70 есеге артық (2,25 
млрд. крон), ал халықтың салымдары мемлекеттік салымдардан 20 есеге артық 
(7,65 млрд. крон). Бұдан бөлек, осы елде дене шынықтыру және спорт саласы 
жұмыссыздар мен еріктілердің еңбегін пайдаланудан ұтады. Жұмыссыздар, ал 
олардың саны 10 мың адамға жуық, айына 5-6 мың крон алады, ал штаттық 
жұмыскер әдетте бұдан екі есе артық еңбекақы алады.
Италияда спорттық бюджетті басқаруды КОНИ жүзеге асырады және де 
бюджеттік түсімдердің80%-ын «Тотокальчо» футбол тотализаторынан келетін 
кірістер құрайды. Мемлекет бюджеттен дене шынықтыру мен спортты 
дамытуға бар болғаны 1500 млрд. лира (0,13%) қаржы бөледі, бұл 
тұрғындардың шығындарынан 11 есеге аз. Өңірлер мен провинциялар дене 
шынықтыру мен спортты дамытуға өздерінің жыл сайынғы бюджеттерінен тек 
1% бөледі, ал осы салаға спорттық лотереялардан келетін түсімдер 930 млрд. 
лираны құрайды [18]. 
Италияда «Футболбизнесі» ерекше орын алады және ел экономикасының 
ең ірі салаларының қатарына кіреді. Италия үкіметі футболды бұрыннан аса 
көп капитал салымын талап етпейтін, тіпті мемлекеттік қазынаға қомақты 
табыс алып келетін экономика саласы ретінде қарайды [19]. 
Әлемнің экономикалық дамыған елдерінде әртүрлі нысандардағы ойын 
бизнесі дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың маңызды көздерінің 
бірі болып табылады. Әсіресе, Финляндияның дене шынықтыру мен спортты 
қаржыландыру үшін ойын бизнесін пайдалану тәжірибесі ерекше назарға 
лайықты. Осы скандинавия еліндегі ойын бизнесінің ерекше құқықтары бар ең 
ірі компаниялары «Оу Veikaus Ab», Ойын автоматтары ассоциациясы мен 
Бәйгеге бәс тігу ассоциациясы (Ассоциация пари на скачках) болып табылады. 
Финляндияның Лотереялар туралы заңы (1965 жылғы) ойын бизнесімен 
айналысатын 
компаниялардың 
табыстарын 
пайдалануды 
реттейтін 
нормалардан тұрады. Veikaus компаниясы ұлттық мәдениетті қаржыландыруда 
басты роль атқарады, Ойын автоматтары ассоциациясы әлеуметтік әл-ауқат 
саласын қолдайды, ал Бәйгеге бәс тігу ассоциациясы (Ассоциация пари на 
скачках) – ұлттық ат шаруашылығын және ат спорты бойынша спорттық 
жарыстарға қолдау көрсетеді [20].
Нарықтық экономика шарттарындадене шынықтыру мен спорттың 
қызмет атқаруы және оны ары қарай дамыту қосымша қаржы көздерін, 
бәсекелестік күрес жүргізудің инновациялық құралдарын үнемі іздеуді, 
нарықтық коммуникацияны жүзеге асыруды талап етеді. Осындай кешенді 


36 
құралдардың бірі демеушілік болып табылады. Және де спортқа демеушілік 
салымдардың үлесі әртүрлі елдерде айтарлықтай өзгеше болып келеді және 
көбінесе әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, спорт түріне, оны дамыту 
деңгейі мен жүргізілетін іс-шараларға байланысты болады. 
Дамыған шет елдерде демеушілік дене шынықтыру мен спорттың дамуын 
материалдық қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі ретінде қаралады. 
Бұл сала үнемі кеңейіп, жаңарып отырады. Дене шынықтыру-спорттық 
ұйымдардың ірі спорттық жарыстарды, бірінші кезекте Олимпиада ойындары 
мен спорттың жекелеген түрлері бойынша әлем чемпионаттарын өткізуді жан-
жақты және әртүрлі қолдаусыз өткізуге шамалары жоқ. Қазір спорттық 
рекордтарды спортшыларды даярлауға қомақты экономикалық салымдарды 
талап ететін спорт кәсіпқойларды жасайды, сондықтан оларға қымбат төленеді. 
Сонымен қатар, болып жатқан дене шынықтыру-спорттық ұйымдарды 
«кәсіпқойландыру» да маңызды салымдарды талап етеді, ол жерде еріктілердің 
еңбегі арнайы даярланған кадрлардың еңбегімен ығыстырылады. Осының бәрі 
дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру және материалдық қамтамасыз 
етудің әртүрлі көздерін пайдалануды талап етеді.
Осылайша, қаржы көздерін теориялық талдау, практикалық тәжірибегі 
меңгеруәртүрлі елдердедене шынықтыру мен спортты қаржыландыруда 
маңызды үлесті тұрғындардың тұтынуы алатындығын көрсетеді. 
Нарықтық экономика шарттарында дене шынықтырумен және спортпен 
айналысуға шығыстардың басым бөлігін тұтынушылар төлейтіндігі толық 
орынды болып көрінеді.
Швецияда дене шынықтыру мен спортты дамытуға жұмсалатын барлық 
қаржының 66%-ы тұрғындардың сервистік қызмет көрсетудің осы саласын 
тұтынуы есебінен түседі. Тұрғындардың шығыстарынан кейін, маңыздылығы 
бойынша екінші тұрған дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көзі – 
еуропалық елдердің басым көпшілігінде (Венгрияны қоспағанда) жергілікті 
бюджет болып табылады, олар саланың қызмет атқаруы мен оны дамытуға 
мемлекеттік бюджеттен анағұрлым көп қаражат бөледі. Швейцарияда дене 
шынықтыру мен спортты қаржыландыру бойынша екінші орында кантондар 
(200 млн. франк) және коммундар (700 млн. франк) тұр, олар жиынтығында 
дене шынықтыру және спортты федералдық бюджеттен қаржыландыру 
көлемінен 12 есеге артық. Швецияда дене шынықтыру мен спорт коммундар 
есебінен 20%-ға қаржыландырылады [21]. 
Португалияда дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру өңірлік және 
жергілікті бюджеттермен жүзеге асырылады – 25 млрд. эскудо, ал мемлекеттік 
бюджет жыл сайын 17,3 млрд. эскудо бөлсе, ойын бизнесі – 2,6 млрд. эскудо 
бөледі [22]. 
Францияда дене шынықтыру мен спортты қаржыландыруда басты 
жүктеме жергілікті органдарға түседі: өңірлер, департаменттер мен коммундар, 
олар жыл сайындене шынықтыру мен спортты қаржыландыруға біздің 
өлшемімізше орасан зор қаржы - 30 млрд.-қа жуық франк бөледі.
Ортақ «спорттық бюджет» делінетін бес жетекші француз телеарнасы 


37 
(TF-1, Antenne -2, FR -3, Canal + және La -5) жыл сайын орташа алғанда 1,3 
млрд. франкты құрайды, оның 65% - 850 млн.-ға жуық франкі трансляцияға 
құқық сатып алуға жұмсалады. Дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда 
қоғамдық бастаулардағы жұмысты 1 млн.-ға жуық адам жүзеге асырады [23]. 
Мемлекеттік бюджет дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың 
қосалқы көзі болып табылады. Мемлекеттік құрылысдене шынықтыру мен 
спорттың қызмет атқаруы мен дамуына ұлттық бюджеттен бөлінетін 
қаражаттардың көлеміне байыпты әсер етеді, атап айтқанда: федеративті 
құрылымдағы орталықсыздандырылған мемлекеттер саланы басқаларға 
қарағанда анағұрлым аз көлемдерде қаржыландырады. 
Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыруда маңыздылығы бойынша 
төртінші – фирмалар болып табылады. Әртүрлі еуропа елдерінің фирмалары 
дене шынықтыру мен спортты қаржыландыруға әртүрлі нысандарда қатысады, 
олар демеушілер ретінде қатысады немесе «корпоративтік спортты» дамытуға 
және т.б. қаржы бөледі.
Швейцария фирмалары мен бұқаралық ақпарат құралдары дене 
шынықтыру мен спортты қаржыландыруға мемлекеттік және жергілікті 
бюджеттерге қарағанда, 6 есе көп бөледі. Мәселен, елдің 30 ірі фирмасы жыл 
сайын «корпоративтік спортқа» 265 млн. франк (шығыстарының 0,8%-ға 
жуығы) бөледі, бұл кәсіпорындарда дене шынықтыру мен спортты дамыту. 
Спорттық жарыстарды трансляциялауға құқықтар сатып алуға бұқаралық 
ақпарат құралдарының шығындары келесі жағдайға байланысты мардымсыз 
болып саналады: Швейцария Конфедерациясында үш тілдік аймақтың болуы 
бірыңғай көрермендік спорт нарығын құруға кедергі жасайды, өйткені әрбір 
аймақтың тұрғындары спорттың әр түріне артықшылық береді. Швецияда дене 
шынықтыру 
мен 
спортқа 
шығыстардың 
13%-ы 
фирмалармен 
қаржыландырылады [24]. 
Сонымен қатар, Еуропа елдерінде бұқаралық спорт мемлекеттік 
бюджеттен тек аз көлемде қаржыландырылады, алайда Қазақстанда керісінше –
демеушілер мен МЖС тарту сирек қолданылады, көбінесе қаржы мемлекеттік 
бюджеттен бөлінеді және әрқашан ол жеткіліксіз. Жаттықтырушылар мен 
мұғалімдердің еңбекақысы олардың белсенді қызметіне жеткіліксіз, сондықтан 
жоғары білікті кадрлар жетіспеушілігі орын алған. Барлық қаражатты мемлекет 
көбінесе жоғары жетістіктегі спортты дамытуға жұмсайды. Қазақстанда жоғары 
жетістіктегі спортты дамытуға 50 есе көп бөлінген, ал 2020 жылы жоғары 
жетістегі спортты дамытуға 49 млрд. теңге бөлінді. Ал бұқаралық спортты 
дамытуға мүлдем аз пайызда қаржы бөлінген. Жергілікті билік органдары 
спортқа бөлінген 152 млрд. теңге жалпы шығыстардан бұқаралық спортты 
дамытуға мүлдем аз қаржы бөледі. Бұл ретте, осы мәселеде нақты статистиканы 
меңгермеген. 
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүйесін 
дамыту қажет, өйткені өте көп қаржы бөлінетіндігіне қарамастан, мемлекеттік 
қаражаттардың барлығы бірдей мақсаты бойынша жұмсалмайды. 2018 жылдың 
басынан бастап дене шынықтыру және спорт саласында 135 сыбайлас 


38 
жемқорлық қылмыстары тіркелген, олардан келген зиян 698 млн.теңгені 
құрады. 2020 ж. бірінші тоқсанында орнатылған 82 млн.теңге зиянның 68 
млн.теңгесі өндіріп алынды. Соңғы екі жылдағы құқық бұзушылықтарды 
анықтаудың салыстырмалы біркелкі серпінінде (2018 ж. 50 және 2019 жылы 
48), бірінші тоқсанда олардың үш есеге артуы белгіленді (бірінші тоқсанда 37). 
Жалпы соңғы екі жылда сотқа88 қылмыстық іс жіберілді, олар бойынша 41 
тұлға сотталды (атап айтқанда, 2020 ж. 17 адам сотталды) [25]. 
МЖӘ тетіктерін қолдануда, сондай-ақ ел тұрғындарын дене шынықтыру 
мен спортқа жаппай тарту мақсатында оң тәжірибеге ие бола отырып, өңірлерге 
жеке серіктестерді дене шынықтырумен және спортпен айналысуға үлгі ретінде 
республикалық қоғамдық бірлестігінің «Киокушинкай каратэнің бүкіл 
қазақстандық ұйымы» - «Каратэ әр аулада» бағдарламасынтарту арқылы спорт 
нысандарының құрылысын күшейту орынды болып отыр. Ұйым есебінен 
Қарағанды, Ақтау, Павлодар қалаларында спорт кешені бар балалар спорттық-
сауықтыру алаңдары салынып, пайдалануға берілді.
Бұқаралық спорт түрлерінде менеджменттің болуы қажет. Алайда, қазіргі 
кезде Қазақстанда ешкімде жоғары спорттық менеджерлік білімі жоқ, өйткені 
елдің университеттерінде сәйкес факультеттер жоқ. Мәселен, Ресейде мұндай 
мамандарды үш жылдан бері дайындаумен айналысады. Ірі ұлттық 
компанияларды тарту, жарнамалық кампанияларды ұйымдастыру арнайы білім 
мен дағдыларды қажет етеді [26].
Қазіргі уақытта көптеген журналистер өз материалдарында ескі 
аңыздарды, спорт ардагерлерін қолдайды. Әрине, бұл жасалу тұрғысынан 
алғанда дұрыс бағыт, алайда бүгінде лайықты спортшылар бар, олар туралы да 
материалдар дайындалып, жариялауға болады, ал әзірге БАҚ-та тек қана 
командалардың есептік нәтижелері жариялануда. Қарапайым адамдарға өз күш-
жігерлерінің арқасында үлкен биіктерге жетуге болатындығын түсінуі мен 
қабылдауы үшін спортшылар туралы айту керек. Егер қазақстандықтар өз 
жұлдыздарын білмесе, олар бұқаралық спортқа бей-жай қарайтын болады. 
Халық арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру міндеті 
салауатты өмір салтын насихаттайтын халық санын 50% - ға дейін жеткізуге 
бағытталған. Оны шешу тетіктері ретінде жеке және заңды тұлғалар үшін 
преференцияларды пайдалану (бонустық жүйені әзірлеу: салық, МӘМС) 
арқылы, сондай-ақ Road show жалпыұлттық спорттық қозғалысын дамыту 
есебінен халықтың бұқаралық спортқа тартылуын арттыруды ұсынамыз. Осы 
міндеттердің ортақ мақсаты-ұлт денсаулығын нығайту және Қазақстанда 
бұқаралық спортты дамыту. 
Қазіргі уақытта спорттық көпфункционалды нысандарды тиімді 
пайдалануға, бағалау критерийлерін атқаратын нысанда мемлекет пен 
кәсіпкерліктің бірлескен бағдарламасын жүзеге асыруға және оның басты 
функция кеңейту әлеуетіне мүмкіндік беретін, сонымен қатар, спорт түрлерін 
дамытуға арналған алаңқайларды (әуесқойдан кәсібіспорттық резервке дейін) 
және нысанның басқа да функциясларын дамытуға бағытталған жаңа 
бастамаларды әзірлеу мен енгізу қажет. 


39 
Спорт нысандарын дамытудың ең қолайлы мүмкіндіктерінің бірі-
мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. МЖӘ-нің 717 жобасы тобының деректері 
бойынша бүгінгі таңда спорт саласында 49 жоба ғана іске асырылуда. 
Қалалар мен ауылдарда спорттық бос уақытты ұйымдастыруға, ерекше 
қажеттіліктері бар балалар үшін спорттық нысандардың қол жетімділігіне, 
сондай-ақ спорттық пәндердің өздеріне қол жетімділігіне көп көңіл бөлу 
маңызды. Осыған байланысты ерекше қажеттіліктері бар адамдарға спорт 
секцияларына бару үшін субсидиялар беру керек. 
Осылайша, Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты одан әрі 
дамыту мақсатында мыналарды ұсынамыз: 
- дұрыс басымдықтары мен нақты тетіктерін әзірлей отырып, спорт пен 
дене шынықтыруды дамытудың мемлекеттік саясатын әзірлеу; 
- спорттық инфрақұрылымды коммерцияландыруға жол бермеу; 
- «бұқаралықтан шеберлікке» кеңестікспорт жүйесін қалпына келтіру; 
- спорт ғылымы мен медициналық фармакологияның дамуы; 
- қалалық спорт алаңдарының, шағын спорт кешендерінің құрылысын ҚР 
құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) енгізу; 
- бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін 
жаттықтырушылар құрамын ынталандыру жүйесін әзірлеу; 
- салықтық және басқа да қаржылық жеңілдіктері бар спортты дамыту 
үшін бизнесті тарту, бұқаралық спортта МЖӘ тетігін пайдалану бойынша 
әлемнің дамыған елдерінің табысты тәжірибесін қолдану; 
- қалалық спорт инфрақұрылымын және бұқаралық спортты дамыту 
жауапкершілігін жергілікті билік пен органдарға беру; 
- бұқаралық спортты дамытатын ұйымдар мен БАҚ арасындағы 
коммуникацияларды кәсібилендіру; 
- жеке және заңды тұлғалар үшін преференцияларды пайдалану арқылы 
(бонустық жүйені әзірлеу: салық, МӘМС), сондай-ақ Road show жалпыұлттық 
спорттық қозғалысын дамыту есебінен халықтың бұқаралық спортқа 
тартылуын арттыру; 
- объектіде мемлекет пен бизнестің ынтымақтастық бағдарламаларын іске 
асыру мүмкіндігі және оның негізгі функцияларын, сондай-ақ спорт түрлерін 
(әуесқойлардан кәсіби спорт резервіне дейін) және объектінің басқа да 
функцияларын дамыту үшін алаң ретінде оның әлеуетін кеңейту мүмкіндігі 
бағалау өлшемдері болып табылатын спорттық көп функционалды объектілерді 
тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеу 
және енгізу. 
- Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
сапасының деңгейін арттыру; 
- БАҚ-та спортты насихаттауды күшейту. 
Біз ұсынған ұсыныстарға «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру 
және спорт басқармасы» ММ басшысы Д. Н.Уалханов сараптамалық баға берді. 
Оның пікірінше, олар Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты 
дамытудың қазіргі заманғы проблемаларын толық көлемде көрсетеді және 


40 
оларды шешу жолдарының ұсынылған тетігі озық шетелдік тәжірибені ескере 
отырып, бұқаралық спортты дамытудың қазіргі заманғы кешенді және жүйелі 
тәсілін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет