Бақылау сұрақтары:
Тірі ағзалардың жасушасының химиялық құрамы неден тұрады?
Органикалық заттарға нелер жатады?
Тіршілік туралы ғылым?
СӨЖ-ге тапсырмалар:
Физиологиялық зерттеру әдістері
Негізгі аспаптар мен құралдар
I. нұсқа( жай)
1. Малдан қан алу тәсілдері
2.Малды матап-байлау әдістері
II. нұсқа (күрделі емес)
1. Руминограф нені өлшейді
2. Осциллограф қай жағдайда пайдаланылады
III. нұсқа (күрделі)
Қан сарысының қан плазмасынан айырмашылығы
Фагоцитоз
Созылмалы тәжірибе
№2 зертханалық жұмыс.
Жұмыстың тақырыбы: Витаминдерге тән сапалық реакциялар
Жұмыстың мақсаты: А, Д және С витаминдеріне тән сапалық реакциялармен танысу.
Әдістің принципі: Сапалық реакциялар витаминдердің химиялық құрылыстарының айырмашылықтарына негізделген.
Реактивтер мен құралдар:
Балық майы
Үшхлорлы сурьманың хлороформдағы ертіндісі.
Концентрлі күкірт қышқылы
Тұз қышкылы мен анилин коспасы (анилиннің 15 бөлігі және концентрлі тұз қышқылының 1 бөлігі)
|
Аскорбин қышқылының ертіндісі
Калий ферроцианидінің К3[Fе(СN)б] қаныққан ертіндісі
Хлорлы темірдің 1% -ті ертіндісі
Спиртовка
Пробиркалар
|
Достарыңызбен бөлісу: |