Жұмыстың мақсаты: Студенттерді хроматография мен фотоэлектроколориметрлеу тәсілімен таныстыру.
Әдіс принципі: Каротиннің мөлшерін анықтау оның өсімдік материалынан органикалық еріткіштерімен(бензол,петролей эфирі және т.б.)шығарып, сосын бірге жүрген заттардан(хлорофилл,ксантофил,липокаин), магний оксидіндегі хроматографиялық адсорбция тәсілімен тазартуға негізделген.Тазартылған ерітіндідегі каротин фотоэлектроколориметр құралының көмегімен белгілі бір жарық толқыны ұзындығында анықталады.
Реактивтер мен құралдар:
1.Бензол
2.Магний оксиді немесе алюминий оксиді.
3.Қыздырылған натрий сульфаты (Na2SO4)
4.Жуылған таза құм
5.Мақта
6.Екі рет қайта кристалданған калий бихроматы K2Cr2O7
7.ФЭК
8.Фарфор табақшасы мен келсап.
9.Хроматографияға арналған колонка
10.Соруға арналған колба.
11.25мл өлшегіш цилиндр
12.стакандар
13.воронка
14.шыны таяқша.
Достарыңызбен бөлісу: |