Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет64/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Тапсырма.
1-қадам. Берілген оқу мақсатына сай тапсырма құрастырыңыздар. Осы тапсырмада жекелеген оқушылардың қажеттілігін қалай қанағаттандырар едіңіз?
Тапсырманы орындау уақыты: 15 минут
Оқу мақсаты: 10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу
Т.Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі

Менің жерім мына жер - сенің жерің,


Жарасып тұр сол жерге келулерің.
Осы алқапта сенің де малың жатыр,
Жайқалып тұр шабылмай егіндерің.
Менің көлім мына көл - сенің көлің,
Сенің арқаң көңілге семіргенім.
Жоғалмасын, ағайын, жоғалмасын,
Жетем деген сол көлге сенімдерің.
Менің тауым мына тау - сенің тауың,
Ақбас шыңын алты ай жаз жуған жауын.
Жалғыз рет көрсең де тірлігіңде,
Мұмкін емес сол тауды сағынбауың.
Туы да бір ішетін суы бардың,
Әуреледі бұл жерден қуып әр кім.
Мына орман менікі, сен де соның,
Ағашынан үйіңе уық алғын.

Көрдің бәрін, көп түсті жан да азапқа,


Түскен кезі көп және ар мазаққа.
Тоғайдағы толғағыш құстар да ортақ,
Дүниені жайлаған бар қазаққа.

Мынау өзен менікі, ел күніге


Сүйінеді ұрпақтың ерлігіне.
Қимай кеткен сол суды аталарың,
Бетін жуып соңғы рет мөлдіріне.
Мынау теңіз менікі - сенікі ол да,
Ел ырысы дәл бүгін бекем қолда.
Әр бұтасы, ағашы туған жердің,
Ыстық тарта береді екен жолда.

Желбіреді көгімде міне туың,


Тұлпарым да дайын тұр мінетұғын.
Мынау үлкен мәңгілік қалаларда,
Үйлерің тұр көшіп кеп кіретұғын.

Келші, бауырым, кешікпей кір қатарға,


Меңіреуге меңіреу тіл қатар ма.
Мына тауда сенің де жылқыларың,
Жату керек шұрқырап күн батарда.

Жазым да ерек, биылғы күзім бөлек,


Алмам да ерек мол биыл, жүзім де ерек.
Мына көлде сенің де балаларың,
Асыр салып тал түсте жүзу керек

Кел, бауырым, несіне жүрсің жырақ,


Ішің де ұнап тұр маған, сыртың да ұнап.
Сендердің де бір салған әндеріңе,
Бар таулары қазақтың түрсін құлақ.
Жеңдік біздер тіршілік күресінде,
Әні есіңде еліңнің, жыры есіңде.
Қай қиырға ұшсаң да қазақ болсаң,
Абайыңды еске алмай жүресің бе?!
Жастау болсаң жайқалып, жалындап ал,
Бақыт өзі кеп сонда қолыңды алар.
Қазақ болып туғаның рас болса,
Сарыарқаға сағыныш қаныңда бар.
Туған елсіз ешқашан көгермейсің,
Кім қашанғы бұғауға көнер дейсің.
Қазақ болып туғаның рас болса,
Алматыға бір келмей және өлмейсің.

4-сабақ



Тапсырма. 1-қадам. Шығармадағы автор бейнесін кестеге салып талдаңыз. Автор бейнесін көзқарасы, іс-әрекеттері арқылы анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет