Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
16
3-күн
Сабақтың
тақырыбы:
Сабақты бірлесіп жоспарлау. Сабақ барысында қадағаланатын оқушылар
(анықтау, оларға қойылатын сұрақтар)
Сабақтың
мақсаты:
Тыңдаушылар зерттеу сабағын бірлесіп жоспарлау және осы сабақ барысында
қадағаланатын оқушыларды белгілеу тәсілдерін үйренеді. Бұл оқушыларға қандай
сұрақ қоюға болатынын талдайды.
Жаттығулар
1-сабақ
1.
Тыңдаушылар шағын топта зерттеу сұрағын негізге ала отырып, зерттеу
сабағын жоспарлауды бастайды. Шағын топтарға әзірше сабақтардың
кезеңдерін жоспарлауға болады, себебі апта бойы оларда сабақты толық
жоспарлауға мүмкіндік болады. Келесі сабаққа дейін апта барысында олар
шағын топ болып кездесіп, сабақтарын толық жоспарлауға тиіс.
2.
«Сабақ жоспарлауға арналған ұсыныстар» үлестірме материалын пайдаланып,
шағын топтар бір-бірінің жоспарларын бағамдайды.
3.
Өзара бағамдау «Кері байланыс бутерброды». Мектеп тренерінің кері
байланысы.
4.
«Оқуды жеке тұлғаға бағыттаудың 10 тәсілі», «Үздік сабақтың алты белгісі»
үлестірме материалдарымен жұмыс.
5.
Сабақ жүргізетін мұғалімді таңдау.
6.
«Кері дизайн» үлестірме материалымен танысып, оны талқылау. Сабақты және
зерттеуді жоспарлауда бұл әдісті қолдану жолдарын қарастыру.
7.
Сабақты қорытындылау. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру.
2-сабақ
1.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.
Тыңдаушылар зерттеу сабағы барысында бақыланатын балалар қалай
іріктелетінін және жұмыстың тиімді болған/болмағанын білу үшін сабақтан
кейін оларға қандай сұрақ қойып, пікірлерін білуге болатынын талдайды.
3.
Тыңдаушылар шағын топта бірлесіп жұмыс істей отырып, қадағаланатын
оқушыларға қойылатын сұрақтар тізімін жасайды. Көмекші құрал ретінде
«Сабақты жоспарлау, бақылау және талқылау кестесі» және «Бақыланған
оқушылардан сұхбат алу» үлестірме материалдарына сүйену.
4.
Топтық талқылау.
5.
Сабақты қорытындылау.
6.
Үй тапсырмасы:
а) әр топ өз топтарында зерттеу сабағының жоспарын аяқтау.
ә) шағын топта қандай оқушыларды қадағалайтындарын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: