Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


Деректерді өңдеудің сапалық әдістері



бет48/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
Деректерді өңдеудің сапалық әдістері . Сапалық өңдеу негізінен объектіні мағыналы, ішкі зерттеуге, зерттелген құбылыстарды сипаттауға және түсіндіруге және логика әдістеріне жүгінуге бағытталған. Деректерді өңдеудің сапалық әдістерін қолдану зерттелетін объектіні әр қырынан сипаттауға мүмкіндік береді (бақылау, сұхбат (әңгімелесу), интервью/сұхбат алу, мәтінді талдау, құжаттарды талдау (аудио және бейнематериалдар) және т.б.).


Деректерді өңдеудің сандық әдістері.
Сандық өңдеу объектінің сыртқы сипаттамаларын зерттеуге және талдауға бағытталған. Бұл ретте, бастапқы өңдеу алдын ала "шикі" деректермен жұмыс істеуге бағытталған және кесте, диаграмма, гистограмма, график құрастыру түрінде ұсынылады; қайталап өңдеу математикалық-статистикалық әдістер (корреляциялық, дисперсиялық, факторлық, кемімелдік талдау және т.б.) түрінде нақтылау рәсімдерін пайдалануды көздейді.
1. Кесте құрастыру. Деректердің бастапқы жүйеленуі алғашқы нәтижелер зерттеуге дейін және зерттеуден кейін енгізілетін кестелер құрастыру негізінде жүзеге асырылады.

Зерттеудің алғашқы нәтижелері кестесінің мысалы.





Объект

Зерттеуге дейінгі нәтижелер

Зерттеуден кейінгі нәтижелер

1










2





















Бастапқы нәтижелер кестелерінен бөлек статистикалық топтастырудан кейінгі нәтижелер кестелері жасалады, онда белгілі бір белгілері бойынша топтастырылғаннан көрсеткіштер бойынша есептеу нәтижелері (% , арифметикалық орта, математикалық статистика нәтижелері) көрсетіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет