Білім беру бағдарламасы тарих бойынша жұмыс дәптері нұр сұлтан 2021 шартты белгілер


зерттеу сұрағына байланысты болжамыңызды ұсынылған дереккөз және өздеріңіздің қосымша дереккөздеріңізді пайдалану арқылы расталғанын немесе расталмағанын тұжырымдаңыз



бет21/66
Дата26.11.2023
өлшемі4,92 Mb.
#128189
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
зерттеу сұрағына байланысты болжамыңызды ұсынылған дереккөз және өздеріңіздің қосымша дереккөздеріңізді пайдалану арқылы расталғанын немесе расталмағанын тұжырымдаңыз

  • Отырар қаласын ұзақ уақыт жаулап ала алмауының себептерін түсіндіретін 3 дәйек (аргумент) келтіріңіз.



    Рашид-ад-Дин Шыңғысханның Отырар қаласына келуі және оны моңғол әскерімен басып алуы туралы
    Аталған айдаһар жылының күзінің соңында (1219 ж.) Шыңғысхан ержүрек әскерімен Отырар қаласына келді; оның шатырын бекіністің алдына тұрғызды. Шыңғыс хан Шағатай мен Үгедейді бірнеше түменмен қаланы қоршауға алуды бұйырды. Жошы бірнеше әскерімен Жент пен Янгикент жағына қарай бет алды; бектер жинағын Ходженд пен Бенакент жағына тағайындады. Өзі Тули хан Бұхараға қарай аттанды.
    Отырар моңғолдармен бес ай бойы шайқасты. Ақыры Отырар тұрғындарының ісі шарасыз күйге жетті; Каража (Қараша) қаланың бағынуға және берілуге келісім берді, бірақ Қайырхан бұл жаулаудың астарында араздықтың бары екенін біліп, бұл шешіммен келіспеді, күш-жігерін жұмылдырып «мен қайырымды адамға опасыздық жасамаймын» деген сылтаумен бейбітшілікке келіспеді. Ал Каража көп сөзге келместен, түнде өз әскерімен қала қақпасынан шықты. Моңғол әскері оның жасағын басып алып, өз бектеріне қызмет етуге әкелді. Моңғолдар: "сізге қанша мейірімділік танытқанына қарамастан, сіз өз қожайыныңызға адал болмадыңыз; біз сіздің адалдығыңызға қалай сене аламыз? – деп, оны өлтіріп тастады, қалаға басып кіріп, барлық қала халқын қырып, қалғанын қойдай айдап қаладан қуып шығарды, қаланы тонады.
    Қайырхан жиырма мың адаммен бекініске кетті; елу адамнан олар бекіністен шығып шайқасты, бірақ бірден өлтіріліп жатты. Бір ай бойы соғыс тоқтаған жоқ. Қайырхан екі адаммен қалды: бар күшін салып шайқасып, соғысып жатты. Моңғол әскері оны шегінуге мәжбүр етті: ол бекіністің шатырына шығып шайқасты, бірақ берілмеді. Қасындағы екі нөкері де өлтірілді. Қару қалмады. Осыдан кейін ол кірпіш лақтырып, шайқасты жалғастырды. Моңғолдар оны біртіндеп қоршап алып, ұстап алды. Олар қабырға мен бекіністі жермен теңестірді. Қылыштан аман қалған адамдар мен қолөнершілерді Бұхара, Самарқанд жаққа айдап алып кетті, ал Қайырханды Көксарайда өлтірді.

    Прошлое Казахстана…: Сб. 1. С.43-44.
  • Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту кезеңдері (қадамдары):


    _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет