9.1.13. Тақырыбы: Өндірістік уларының флоралар мен фауналарға токсикологиялық әсері Сағат саны – 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Өндірістік уларының флоралар мен фауналарға токсикологиялық әсері
2. Уланғанды сипаттайтын негізгі факторлар:
3. Ауыр металдардың жануарларға әсері.
Дәріс тезисі:
Уларға қатынасты негізгі факторлар: физика–химиялық қасиеттері; биоорталықтағы токсикалы доза және концентрация; улылық рецепторлармен байланыстық сипаты; биосферадағы таралу ерекшеліктері; химиялық тазалығының дәрежесі және қоспаларының болуы; тҧрақтылық және сақтағандағы ӛзгерістер сипаты. Белгілі «токсикалану ситуацияға» жатқызылатын қосымша факторлар: тәсілі, тҥрі және организмге енетінжылдамдық; комуляциялану және уларға жаттығу (ҥйрену) мҥмкіншілігі; басқа улы заттармен және дәрілермен бірігіп әсер етуі.
Уланғанды сипаттайтын негізгі факторлар: тҥстік сезімталдық; дене массасының, тамақтың және физикалық (нагрузкалар) салмақтар әсерлері; жыныс тҥрі; жас деңгейлерінің ерекшеліктері, жекешелік және тҧқым қуалаушылық; биоритмдер мен басқалар әсері; аллергиялық және токсикоманялық; уланған адамның денсаулығының жалпы жағдайы.
Уланғандарға әсер ететін қосымша факторлар: қоршаған ауаның температурасы және дымқылдығы; барометрлік қысым; шу және діріл; сәуле энергиясы және т.б.
Жануарлардың әр тҥрлерінің тҥрлі қоздырғыштар мен токсикаландыру заттарына әсер ететін реакцияларында әртҥрлі ерекшеліктері болады. Бҧл, ашығынан, анатомо - физиологиялық ерекшеліктерімен; заттардың айырбасталу деңгейімен; ми жҥйесінің дифференцияциясымен функцияналдық жағдайының дәрежелігімен; тамақтану қасиетімен және басқа осы тҥсті малдар ерекшеліктеріне тән – байланысты.
Мысалы, кҥйсегіш (кҥйісті) хайуандардың ауыр металдардың бірікпелеріне (ерекше сныапқа); фосфорорганикалық заттарға сезімталдықтары жоғары. Оларға ҥлкен қауіп туғызатын заттар: мочевина және басқа азот қосындылар. Қҧстар және қымбат терілі аңдар астҧзына; балық-финолдар мен аммиак қоспаларына сезімталды. Жабайы-қостҧяқтылардың (лосей) 2,1-Д гербоцидке - бутилдық эфиріне едәуір сезімталдықтары белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |