«Білім беру және педагогикалық ойлардың тарихы» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жиынтығы



бет11/16
Дата19.12.2022
өлшемі168,5 Kb.
#58063
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Прагматикалық педагогика
Америка Құрама Штаттарында XIX ғасырдың 90-жылдарынан бастап, тым кең тараған философиялық жүйелерінің бірі прагматизм философиясы болды. Оны толық түрде негіздеген Джемс еді. Прагматизм үшін пайдалы нәрсе ғана шындық-ақиқат болып саналады. Джемс: «Біз үшін ең жақсы қызмет етуші, бізді жетелеп бағыттаушы - өмірдің әр бөліміне ең ыңғайлы да пайдалы келетін»,-деді.
Әрине, мұндай философия буржуазия тым қажет еді. Осы философияға сүйене отыра, буржуазия өзіне пайдалылардың және өз мүдделерін қанағаттандыратындардың барлығын «ақиқат-шындық» деп жариялады. Мысалы, мұндай идея буржуазияға пайдалы болғандықтан, ол буржуазияны қанағаттандырады. Сондықтан бұл «идея» прагматистер көзқарасында «ақиқат-шындық» және құдайдың болуы да «ақиқат». Прагматизм осылай ақиқатты бұрмалап, бірақ буржуазияға пайдалы шындықты жақтауға көмектесті.


10-шы тақырып. XVIII ғасырдағы Ресейдегі мектеп және педагогика
Сұрақтар:
1. XVIII ғасырдағы Ресейдегі мектеп және педагогика.
2. Кадет корпустары
Тапсырма: Реферат жұмысын орындау
Жұмыстың мақсаты: XVIII ғасырдағы Ресейдегі мектеп және педагогика туралы материалдар жинақтау, реферат жазу дағдыға машықтану
Негізгі теориялық қағидалары:
XVIII ғасырда Россия экономикалық дамуда елеулі табыстарға ие болды. Өнеркәсіпте әсіресе металлургия өндірісі дамыды. Әйткенмен бастыс Европа елдерінен әлде болса артта болды. Елдің экономикасын және отан қорғау қабілетін күшейту мақсатымен дворян үкіметі бірнеше шараларды жүзеге асырды солардың ішінде мәдениет және ағарту саласындағы реформалар да болды.
Мектептің және педагогиканың дамуында ағарту ісі жөніндегі еформалардың мәні өте зор болды (ескі славян алфавитінің орнына жеңілдетілген алфавиттің енгізілуі, мезгілді баспасөздің («Ведомости» газеті), ғылыми әдебиеттің пайда болуы, басқа тілден ғылыми еңбектердің аударылуы, Ғылымдар академиясының құрылуы).
Россия мәдениетінің дамуында алғашқы (діни емес) мемлекеттік мектептердің ашылуының мәні өте зор еді. Алғашқы жаңа типті оқу орны 1701 жылы І Петр Москвада ашқан математика және навигация ғалымдарының мектебі болды. Бұл Европадағы өмірге қажетті білім беретін алғашқы реалдық училище еді. Мемлекет қаржысына ашылған алғашқы бұл мектеп XVIII ғасырдың бірінші жартысында жыл сайын 200-ге тарты бала оқытты. Кейбір жылдарда баланың саны 500-ге жетті.
Бұл мектепте (арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия), астрономия, географиялық мәліметтер оқытылды. Кең профилді арнаулы арнаулы білім беретін бұл мектеп әр мамандықтан кадрлар даярлады.
Бұл мектепте «төменгі сословиенің» (қала халқының және солдаттың) балалары да оқыды.
Мектептің негізгі мұғалімі Леонтий Филиппович Магницкий (1669-1739) болды. Ол білімді математик және шебер педагог еді. Мектеп жұмысына Л.Ф.Магницкий көп үлес қосты. Математика және навигация ғылымдарының мектебі үшін бірнеше оқу құралдары даярланды, солардың ішінде Л.Ф.Магницкийдің арифметикасы (1703) үлкен роль атқарды.
Бұл мектептің теңіз мамандарын даярлайтын класстары 1715 жылы Петербург қаласына көшіріліп, соның негізінде теңіз академиясы ашылды.
Математика және навигация ғылымдарының мектебін бітіргендер өнеркәсіптің әр салалаына қызметке жіберілді. Олардың ішіндегі шет аймақтағы мектептерге мұғалімдік қызметке жіберілгендері де болды.
І Петр Петербург, Москва және басқа ірі қалаларда артиллерия мектептерін, порттық қалаларда – навигация мектептерін, Москвада хирургиялық, инженерлік мектептер ұйымдастырды.
1721 жылы Оралда алғашқы тау-кен мектебі ашылды, кейін Оралдағы ірі заводтардың жанына арифметикалық мектептер, кейбір заводтар жанынан тау-кен мектептері ашылды. Бұл мектептер жалпы дәрежелі білім берумен қатар, оқушыларға белгілі мамандықтан арнаулы даярлық берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет