Түймебаев ауылы, 2023 жыл «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» /ардагер ұстаздармен кездесу/ (фонда ақырын әуен орындалып тұрады) Әмір: - Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Сіздердің назарларыңызға «Қызықtimes» бағдарламасының нышанымен дайындалған іс-шарамызды ұсынамыз! Қош келдіңіздер! Менің әріптестерім: әр түрлі ойындар ғылымының докторы Роллан мен әуенмен сүйемелдеуші Шыңғыс пен Жасұлан
Шоуымызды не істейміз? (көрермендерден сұрайды, көңілді)
Бастаймыз! (көрермендер жауабы)
Жасұлан:
Тамаша, онда тағы да қайырлы күн! Ал, Әмір бүгін қандай жаңалық?
Әмір:
Бүгін керемет күн болып тұр.Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар және ұстаздар мерекесі тоғысқан күні. Шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі мереке біздің аяулы ұстаздарымыздың, ұлағатты мұғалімдеріміздің , ардақты оқытушыларымыздың күні!
Жасұлан:
Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі екен. Олай болса бүгінгі мереке ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
Әмір:
Сен қалай ойлайсың, Мағжан? Менің ойымша, кез-келген адам мұғалім, ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамның бойында бола бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.