28
Денатурациялаушы агенттер үшінші реттік, тіпті екінші реттік құрылымды түзетін
байланыстарды да үзеді. Денатурацияланған белок ферменттер
әсерінен оңай ыдырайды,
себебі пептидтік байланыспен ферменттің жанасу аймақтары ұлғаяды. Денатурация кей
жағдайларда қайтымды болады. Ол кезде денатурациялаушы агенттің әсерін тоқтатқанда
немесе концентрациясын азайтқанда, белок өзінің активті күйіне қайта келеді. Яғни,
ренатурация жүреді.
19. Белоктардың жіктелуі.
Белоктар құрылысына қарай екі топқа бөлінеді: жай белоктар – протеиндер және күрделі
белоктар – протеидтер. Протеиндер тек амин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.
Протеидтер жай белоктан және белок емес бөліктен тұрады.
Белок емес бөлігін
простетикалық топ деп атайды. Жай белоктардың өкілдері: альбуминдер, глобулиндер,
гистондар,
протаминдер, склеропротеиндер. Күрделі белоктарды жіктеу простетикалық
тобының химиялық құрылысына негізделеді. Оларға: фосфопротеидтер (фосфор
қышқылының қалдығы бар), хромопротеиды (простетикалық тобы – боялған зат),
гликопротеидтер (көмірсулар бар), липопротеидтер (липидтер бар), металлопротеидтер
(құрамында металдар бар), нуклеопротеидтер (құрамында нуклеин қышқылдары бар).
29
Белоктар
жай
курделi
курамы бойынша
1. фосфопротеидтер
2. гликопротеидтер
3. хромопротеидтер
4. металлопротеидтер
5. нуклеопротеидтер
6. липопротеидтер
глобулярлы
молекула пiшiнi
бойынша
Белоктар
фибриллярлы
1. альбуминдер
2. глобулиндер
3. гистондар
4. протаминдер
Белоктар
суда еритiн
суда ерiмейтiн (cклеропротеиндер)
суда ерiгiштiгiне
карай
1. миозин
2. актин
3. фибриноген
1. коллагендер
2. эластиндер
3. кератиндер
Алайда, белоктардың бұл жіктелуі шартты түрде, себебі іс жүзінде
жай белокқа
жататын белоктардың көпшілігінде табиғаты белок емес заттар аз мөлшерде кездеседі.
Күрделі белоктарды жіктеуде белок емес бөлігі ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: