Биология ғылымының салалары Тірі табиғаттағы өзгерістер жиынтығын зерттейді: Биология


Жемістер Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері екі топқа бөлінеді: Шырынды, құрғақ



бет11/112
Дата07.07.2023
өлшемі0,51 Mb.
#104087
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   112
Жемістер
Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері екі топқа бөлінеді: Шырынды, құрғақ
Шырыны мол, жұмсақ шырынды жемістер: Жидек, жидек тәрізді, сүйекті
Шырынды жемістер тобы: Жидек, жидек тәрізді, сүйекті
Сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды жеміс: Жидек
Жидек жеміс:Қызанақ, қарлыған, алқа,жүзім,қарақат,картоп, баклажан
Көптұқымды жидек жемістер:Қызанақ
Көп ұялы, көп тұқымды шырынды жеміс:Жидек тәрізді жеміс
Жемісінің сыртқы қабатында эфир майы көпжемістер: Жидек тәрізді
Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы жемістер: Жидек тәрізді
Жидек тәрізді жемісті өсімдік:Апельсин,мандарин,лимон
Ішінде бір ғана тұқымы бар жеміс: Сүйекті
Сүйекті жеміс сипаты: Сырты жұқа, ортасы қалың етті-шырынды, іші қатты сүйектенген
Бір тұқымды жеміс:Шие, алхоры, өрік, шабдалы
Сүйекті шырынды жемісі бар өсімдік:Шие, алхоры, өрік, шабдалы
Сүйекті шырынды жемістердің құрғақ түрі: Грек жаңғағы, бадам, кокос пальмасы
Құрғақ жемістердің түрлері: Бұршаққап, бұршаққын, қауашақ, қанатты, дәнек, тұқымша, жаңғақ, жинақталған
Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс: Бұршаққап
Бұршаққап жемісінің сипаты: Тұқымдары жемісжақтауының жиегіне бекиді, піскенде екі жақ жіктері (тістері) өздігінен қақырап ашылады, тұқымдары сыртқа шашылады
Бұршаққапты жемісті өсімдіктер: Беде, асбұршақ
Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар құрғақ жеміс: Бұршаққын
Көптұқымды құрғақ жеміс:Бұршаққын
Жемісі бұршаққынды өсімдік:Орамжапырақ, шомыр, шалқан
Бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды қақырауыш құрғақ жеміс: Қауашақ
Тұқымдары саңылауынан төгілетін жеміс: Қауашақ
Қауашақ жемісті өсімдіктер:Пияз, қызғалдақ, шегіргүл, сүттіген, меңдуана, темекі
Қауашағының қақпақшасы ашылып қақырайтын өсімдік: Меңдуана
Жіктер шытынап, ұзынынан жарылып қақырайды: Сасық меңдуана, сүттіген, шегіргүл, қызғалдақ
Жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарған, қанатқа айналған жеміс: Қанатты
Жел арқылы таралатын құрғақ жеміс: Қанатты
Қанатты жемісі бар өсімдіктер: Үйеңкі, қайың, шаған, шегіршін
Тұқымы жеміс серігімен бірігіп кеткен бір тұқымды жеміс: Дәнек
Дәнек жемістің басқа құрғақ жемістерден айырмашылығы: Жеміс қабығымен тұқым қауызы бірігіп кеткен біртұқымды жеміс
Дәнек жемісті өсімдіктер: Бидай, жүгері, арпа, күріш
Жеміс серігі тұқыммен бірікпеген құрғақ жеміс:Тұқымша
Тұқымша жемісті өсімдіктер: Қалуен, күнбағыс, бақбақ, кекіре, өгейшөп, таусағыз
Жемістің жеміссерігі ағаштанып қатайып кеткен, тұқымымен бірікпеген жеміс: Жаңғақ
Жаңғақ жемісті өсімдік: Емен жаңғағы, жаңғақша
Бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген: Жинақталған жеміс
Көп жаңғақшалы жинақталған жеміс:Итмұрын, құлпынай
Көп сүйекті жинақталған жемісі бар өсімдік:Таңқурай, бүлдірген
Біріккен жеміс: Ананас, тұт, інжір
Сәбіз, балдырған, аскөк, жалбыз өсімдіктердің жемістері: Бөлшекті жаңғақша
Сәбіз, балдырған, аскөктердің жемісі: Біріккен көп ұялы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет