Биология ғылымының салалары Тірі табиғаттағы өзгерістер жиынтығын зерттейді: Биология


Қарапайымдар - біржасушалы жәндіктер



бет36/112
Дата07.07.2023
өлшемі0,51 Mb.
#104087
түріҚұрамы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   112
Қарапайымдар - біржасушалы жәндіктер
Денесін бір жасушадан тұратын микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар: Қарапайымдар
Біржасушалы жәндіктер: Бір жасушадан тұрады, қарапайым құрылысты,ядросы бар
Ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болмайды: Қарапайымдарда
Қарапайымдылардың түр саны: 70 мың
Біржасушалылардың типтері: Саркодиналар, кірпікшелілер, споралылар
Біржасушалы жәндіктер типіне жататын ағза: Саркоталшықтылар
Қарапайымдардың денесін сыртынан қаптайтын, өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат: Пелликула
Қарапайымдылардың дене пішінін тұрақты етіп сақтайтын қорғаныш қабаты:Пелликула
Қарапайымдарда жасуша мембранасы:Зиянды заттарды тазартуға қатысады
Қарапайымдарды қолайсыз жағдайдан қорғайтын қабықша:Циста
Суда тіршілік ететін қарапайымдылардың тыныс алуы: Еріген оттегімен
Қарапайымдылардың қоректенген кезде түзілетін бөлігі:Асқорыту вакуолі
Қарапайымдардың зәр шығару мүшесі: Жиырылғыш вакуоль
Қарапайымдардағы жиырылғыш вакуольдің қызметі: Зиянды заттарды шығару
Тітіргеніштік қасиет арқылы қарапайымдар:Өз тіршілігін сақтай алады
Су планктондарының және балық шабақтарының қорегі: Қарапайымдылар
Қарапайымдардың табиғаттағы маңызы: Балықтарға қорек, суды тазартады
Бақалшақтарының қалдықтарынан топырақ әктеніп, қалдықтары тау жынысын түзуге қатысатын жәндіктер:Саркодиналар
Теңіз түбінде әкті минерал түзетін қарапайым:Бақалшақты тамыраяқтылар
Шөгінділерінен мұнайдың қоры түзілетін жәндіктер: Бақалшақты біржасушалылар
Геологтарға мұнай қалдықтары мен жердің жасын анықтауға көмектеседі: Саркодиналар
Жалған аяқ түзіп,денепішінін үнемі өзгерте алатын қарапайымдылар:Саркодиналар
Дене пішіні тұрақты саркодиналар:Сәулелі өрмекаяқ, қошқармүйіз көпірме, сәулелі күншар,шұрықденелі бунақай, сәулелі күнқұлақ, бақалшақты амеба
Дене пішіні тұрақты, денесін әктен түзілген сыртқы қаңқа қаптайтын саркодиналар түрі: Сәулелі өрмекаяқ
Дене пішіні тұрақсыз қарапайымдылар типі: Саркодиналар
Дене пішіні тұрақсыз жалғанаяқты қарапайым біржасушалы жәндік:Амеба
Қарапайымдардың өте қарапайым құрылысты өкілі: Жалаңаш бақалшақсыз амеба
Амеба терісін қаптап тұратын өте жұқа, серпімді жарғақша қабық Плазмолемма, мембрана
Кәдімгі амебаның жалғанаяқтарының саны: Тұрақсыз
Амеба үшін жалғанаяқтың қызметі: Қозғалу, қорегін қармау
Сағатына амебаның ең жоғарғы шапшаңдығы: 1 см
Амебаның денесінде цитоплазманың қозғалысы әсерінен ең алдымен пайда болды:Бүртік
Кәдімгі амебаның қорегі: Ұсақ балдырлар, бактериялар
Амебаның тыныс алуы: Бүкіл денесімен, суда еріген оттегімен
Амеба көбейеді:Екіге көлденеңінен бөліну арқылы
Кәдімгі амебаның тіршілік мекені:Су қойма түбінде
Амебаның ірі түрінің бірі: Амеба протей
Денесінде бақалшақ болатын амебаның бір түрі: Арцелла
Дизентерияның тура мағынасы, грекше: Бұзу-дис, ішек-ектерон
Дизентерия ауруының қоздырғышы: Бактерия және қарапайымдылар
Дизентерия амебасы тудыратын ауру: Қантышқақ
Адам мен жануарлардың ішегінің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын паразиттік тіршілік ететін жалғанаяқты:Дизентерияамебасы
Дизентерия қоздырғышының сілемейлеп зақымдайтын мүшесі: Аш ішек, тоқ ішек
Дизентерия амебасының цисталары сау адамға жұғады:Жемісті жумай жегеннен, лас су
Тәулігіне нәжіспен бірге ... амеба цистасы сыртқа шығады: 300 млн
Дер кезінде емделмесе ажалға душар ететін ауру: Дизентерия амебасы
Дизентерия ауруын тарататын: Құмырсқа, шыбын, тарақан
Талшықты жәндіктер типі: Пішіні тұрақты, сыртын пелликула
Дене пішіні ұршыққа ұқсас бір немесе одан да көп талшықтары бар біржасушалы қарапайымдарды атайды: Талшықтылар
Талшықтылар класына жататын жәндіктер: Жасыл эвглена, вольвокс, бодо, түншырақ
Біржасушалы паразитті талшықтылар: Опалина, лейшмания, лямблия, трипаносома
Өсімдіктер мен жануарлардың аралық формасы: Жасыл эвглена
Екі түрлі әдіспен қоректенетін жәндік: Жасыл эвглена, вольвокс (домалаңғы)
Жарықта жасыл өсімдіктер тәрізді, ал қараңғыда жануарлар тәрізді қоректенетін қарапайымдылар:Жасыл эвглена, вольвокс
Жасушасында хлоропластары болатын қарапайымдылар: Жасыл эвглена, вольвокс
Денесі созылыңқы тұрақты сопақша пішінді талшықты жәндік: Жасыл эглена
Жасыл эвгленаға тән ерекшеліктер: Дене пішіні тұрақты, екі түрлі әдіспен қоректенеді , денесінде хлоропластары бар
Жасыл эвгленаның ерекшелігі: Жарықсезгіш көзше болады
Жасыл эвглена қозғалады:Талшығымен
Жасыл эвглена денесіндегі жасыл тақташалар:Хлорапласт
Жасыл эвгленанын қоректенуі:Фотосинтез
Жасыл эвгленаның жататын тобы:Суда жүзіп жүретін планктондық топ
Жасыл эвгленаның көбеюі:Жыныссыз, ұзыннан бөліну арқылы
Тіршілік барысында шоғырланып, көпжасушалыларға бастама берген топ: ДомалаңғыВольвокстың жеке жасушалары байланысады:Цитоплазмалық көпірше арқылы
Вольвокстың жасыл эвгленадан ерекшелігі: Шоғырланып тіршілік етуге бейімделген
Вольвокс шоғырының пішіні: Шар
Тері ауруына ұшыратын талшықтылар тобы:Лейшмания
Лейшманиоз ауруын тудыратын қарапайым: Лейшмания
Лейшманиоз ауруын тарататын жәндік: Құм шіркейлер
Дер кезінде емделмесе асқынып кететін ауру: Тері лейшманиозы
Дене тұрқы 1 мм. жуық бақаның артқы ішегінде болатын паразиттік жәндік: Опалина
Дене тұрқы 15 мк., екі ядролы, төрт жұп талшығы бар, адамның ішегінің жоғарғы бөлігінде қауіпті ауру туғызатын талшықты паразит: Лямблия
Адам аш ішегінің жоғарғы бөлігінде, өтте жиі кездесіп, қауіпті ауру туғызатын паразитті талшық:Лямблия
Қан сарысуымен қоректенеді:Трипаносома
Ұйқы ауруының қоздырғышы:Трипаносома
Трипаносома қоздырғышы болып келетін ауру:Нагана, суауру, қараталақ
Қазақстан даласында түйе зардап шегетін ауру:Суауру
Жылқы зардап шегетін ауру: Қараталақ
Ұйқы, ногана ауруын таратушы қансорғыш шыбын:Цеце шыбыны
Суауруды таратушы қансорғыш шыбын: Сона
Шығыс Үндістан мен Бангладешке індет болып тиген ауру: Кала-азар
Кала-азар ауруының адам ағзасына әсері: Бүйрекүсті безінің қыртысы зақымданып, дене қатты қызып, терісі қараяды, лимфа түйіндері ұлғайып кетеді
Түнге қарай теңізді нұрға бөлейді:Түншырақ
Суды тазартатын талшықты жәндік:Бодо
Ең алғаш шіріген ағзалы қалдықтары бар тұнбадан табылған жәндік: Инфузория
Инфузориялар типіне тән:Кірпікшелер, 2 ядро, жынысты,жыныссыз көбею, жасуша ауызы
Дене пішіні кебіске ұқсайтын біржасушалы қарапайым жәндік:Кірпікшелі кебісше
Дене тұрқы 0,2 мм. алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір, дене пішіні тұрақты біржасушалы қарапайым жәндік: Кірпікшелі кебісше
Қарапайымдардың ішінде құрылысы мен тіршілігінде күрделену байқалады: Кірпікшелі кебісше
Кірпікшелі кебісшенің жасушасының құрылысы: Цитоплазма, кірпікшелер, 2 вакуоль, 2 ядро бар, қылаулатқыш
Кірпікшелі кебісшенің құрылысындағы ерекшелік: Үлкен және кіші ядро
Кірпікшелі кебісше - инфузория: Су жануарлары үшін қорек
Кебісшенің қозғалуы: Кірпікшелерімен
Кірпікшелі кебісшенің сыртында кірпікшелердің жалпы саны: 2000-2500
Кірпікшелі кебісшенің денесіндегі сезімталдық қызметін атқарады:Арнайы талшықтар
Жасушаның жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ойық тәрізді ауызы бар жәндік: Кірпікшелі кебісше
Кірпікшелі кебісшенің жиырылғыш вакуолі: Екеу
Кірпікшелі кебісше қылаулатқышының маңызы: Қорытылмаған қалдықтарды шығару
Кірпікшелі жәндіктердің өзге біржасушалы жәндіктерден көбею өзгешелігі: Жанасу арқылы жынысты жолмен
Кірпікшелі жәндіктерде қоректену, тынысалу, қозғалу және зат алмасуқызметін атқаратын органоид: Үлкен ядро
Отырықшы дөңгелек, жауқазынның гүліне ұқсас кірпікшелі жәндік:Сувойка
Сувойканың дене пішіні ұқсайды:Жауқазынға
Паразиттік тіршілік ететін біржасушалы, көбінесе пішіні амеба тәріздес жәндік:Споралылар
Споралы қарапайымдыларда болмайтын органоид: Қозғалыс органоиды,жиырылғыш вакуоль, асқорыту вакуолі
Споралылар типінің тіршілік ерекшелігі: Тек паразитті
Споралыларда спорадан түзілетін тығыз қабықшасыз жасуша: Спорозоит
Споралылар типіне жататын біржасушалы жәндік: Құртамыш, қантұрғын
Тауық, үй қояны, сиыр, балық, тіпті адам ауыратын ауру: Кокцидоз
Кокцидоз ауруының қоздырғышы:Құртамыш
Құртамышқа тән белгі: Спора түзеді
Ішекте паразитті тіршілік ететін біржасушалылар: Құртамыш, балантидий
Безгек паразиті: Қантұрғын
Қанның қызыл түйіршігінде тіршілік етеді: Қантұрғын
Безгек ауруының қоздырушысы:Қантұрғын
Безгек ауруының қоздырғышын таратады: Маса
Суда да, құрлықта да тіршілік ете алады: Безгек масасы
1880ж. безгек ауруын қоздыратын паразитті ашқан француз дәрігері: А.Лаверан
Безгек паразитінің таралуы мен көбеюі:Эритроциттер арқылы
Безгек паразитінің көбеюі:Қанның қызыл түйіршігі арқылы
Безгекпен ауырған адамның денесі бір ысып, бір салқындауының себебі: Безгек паразитінің қанда көбейіп улы зат бөлуінен
Безгек паразиті орныққан қан түйіршігін зақымдап бүлдіретін уақыт: 3-4 күн ішінде
Безгек ауруын емдеу үшін қолданылатын дәрілер: Хинин, акрихин
Безгек масаларын құрту үшін қолданылатын улы химикат: Гексахлоран
Безгек ауруының таралуына кедергі жасау үшін өсірілетін балық:Гамбузия
Қантышқақ тудыратын амебаны ашқан ғалым: Ф.Леш
Қантышқаққа «сатқақ» деп ат берген: Ө.Тілеуқабылұлы
1861ж. безгекке диагностика жасап, оны «қара қан» деп атаған: Г.Ф.Логинович
Қантұрғынның споралыларға жататынын дәлелдеген ғалым: И.Мечников
Анофелес туыстас маса: Безгек ауруын қоздырғышын таратушы
Безгек тасымалдаушысының анофелес туыстас маса екенін дәлелдеген: Дж. Грасси
Амеба және эритроцитті дистилденген суға салса:Екі жасушада бұзылады
Адам мен үй жануарларына ауру тарататын кемірушілер:Кәдімгі атжалмандар
Қарапайымдарға әсер ететін тітіркендіргіштерге жатпайтыны: Шу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет