ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА атындағы ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ
"БИОЛОГИЯ, ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ" КАФЕДРАСЫ
"Зоология" пәні бойынша биология мамандығы
студенттері үшін
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ОРЫНДАЙТЫН
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Қызылорда 2023ж.
Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар Студенттер өзіндік жұмыстардың тақырыбын оқу бағдарламасынан өзбетінше таңдайды. Оқу семестрінің барысында алған тақарыбы бойынша ізденіп реферат, баяндама, ғылыми еңбек, конспекті түрінде оқытушығы тапсырады. Тақырыпты топ болып (2-4 студент) немесе жеке таңдауға болады. БАӨЖ студент презентация түрінде, сонымен қатар озық технологияларды пайдаланып орындауға болады. БАӨЖ тапсыруға арнайы кесте жасалынады. Кестеге сәйкес студентер берілген тапсырмаларды орындайды. Нәтижесі 100 балмен бағаланады.
Жеке презентация: Әрбір студент басылымдардан, веб сайт қажетті ақпараттан өзі таңдаған тақырыптың негізінде 10-15 минут болатын қысқаша мақала дайындау керек. Презентация формасын студент өзі таңдайды (ауызша, мультимедия пайдалану).
Топтық презентация: Топтағы студенттер 2 топшаларға бөлінеді. Әрбір топ жалпы курс бойынша материалдарын схема, сурет, жарыс, ойын және т.б. түрінде өз қалаулары бойынша ұсынады. Әрбір топтарға тақырыптарды оқытушы бөліп береді. Материалдардың презентациясы кестеге сәйкес 1-15 аптада өтеді. Топтағы әрбір студенттің белсенділігіне, қосқан үлесіне сәйкес максималды бағасы-100 балл.