«Биология, география және химия» ббб


ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ - COELENTERATA (CNІDARІA)



бет23/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107
ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ - COELENTERATA (CNІDARІA)
Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды.
Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты (Dіploblastіca) жануарлар тобына жатады.
Екіншіден - энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген.
Белгілерінің тағы бірі - сәулелі симметриясының болуы.
Жоғарыда айтылғандай, ол өмір бойғы немесе тіршілік циклінің бір ғана кезеңіндегі тіркелмелі немесе суда қалқып жүзіп тіршілік етуінің және қоршаған ортаның тұрақты әрі бірқалыпты ықпал етуінің салдары.
Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі - полиптер және еркін жүзіп жүретін - медузалар болып топтасады.
ГИДРОЗОА КЛАСЫ - HYDROZOA
Гидрозоа класының 2700 түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы суларда тіршілік ететін қарапайым құрылысты жануарлар. Олардың полиптер мен медуза формалары - гидрополип және гидромедуза деп аталады. Жыныссыз, жынысты жэне ұрпақ алмасуы арқылы дамиды. Личинкалары - планула деп аталады.
Гидрозоа класы екі класс тармағына бөлінеді: гидроидтылар - Hydroіdea және сифонофоралар - Sіphonophora.
ГИДРОИДТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - HYDROІDEA
Бұларға жеке немесе колония құрып тіршілік ететін гидроидты полиптер жатады.
Гидра (Hydra olіgactіs) - қарапайым құрылысты полиптің бірі. Биіктігі 1 см-ге жуық, ұзына бойы созылған қапшық тәрізді, табанымен субстратқа бекініп өмір сүреді. Өзендер мен шалшық суларда жиі кездеседі.
Құрылысы мен физиологиясы. Гидраның денесі эктодерма және энтодерма қабатынан құралған. Олардың арасындағы мезоглея қабаты өте жұқа құрылымсыз қоймалжың заттан тұрады. Денесінің бос жағында (алдыңғы) 6-12 қармалауышпен қоршалған ауыз тесіп орналасқан. Ол, энтодермалық клеткаларымен астарланған гастральдық қуысына ашылады.
Гидраның эктодерма қабаты алты түрлі клеткалардан құралған. Олар: жабынды пителиальді клеткалары, эпителиальды-бұлшықет клеткалары, интерстициальды немесе аралық, атқыш, жыныс және нерв клеткалары.

3 лекция. Екі жақты симметриялық, үшқабатты жануарлар деңгейіне сипаттама жалпақ құрттар типі.


1.1.Жалпақ құрттар типінің жалпы сипаттамасы. 1.2.Типтің систематикасы. 1.3.Экологиясы. 1.4.Құрылысы мен дамуының ерекшеліктері. 1.5.Маңызы.

Жануарлардың жалпы құрылымын зерттегенде, дене бөлімдері, не мүшелері бір орталық діңгектің (ось) төңірегін айнала, не бір жазықтық, бағытында белгілі тәртіпте орын алып жататындығы байқалады. Бұл дене симметриясы. Симметрияның қалыптасуы организмнің өмір сүруіне байланысты. Жануарлар дүниесінде бірнеше симметрия типтері кездеседі. Солардың ішінде ең негізгісі - радиальды (сәулелі) - Radіata жәпе билатеральды (екі жакты) - Bіlalerala симметрия.


Билатеральды симметриялы, үш қабатты жануарлар тобына келесі типтер жатады: жалпақ құрттар типі (Plathelmіnthes), немертиндер (Nemertіnі), жұмыр құрттар (Nemathelmіnthes), скребнилер (Acanthocephales), буылтық құрттар (Annelіda), буынаяқтылар (Arthropoda), онихофоралар (Опусһорһога), моллюскалар немесе жұмсақ денелілер (Mollusca), қармалауыштылар (Tentaculata), тікентерілілер (Есһі-nodermata), погонофоралар (Pogonophora), қылтанжақтылар (Chaetognatha), жартылай хордалылар (Hemіchordata) және хордалылар (Chordata).
Билатеральді симметриялы, үш қабатты жануарларды ұрықтың дамуы барысында дене қуысының және мезодерманың түзілуіндегі ерекшеліктеріне байланысты қуыссыздар немесе бірінші (алғашкы) қуыстылар - Acoelomata немесе Scolecіda және целом (екінші) қуыстылар - Coelomata; алғашқы реттік ауыздылар - Protostomіa және екінші реттік ауыздылар - Deuterostomіa топтарына бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет