«Биология, география және химия» ббб



бет42/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   107
Классификациясы:
Жақсыздар бөлімі - Agnata
1-Птераспидоморфтар класы - Pteraspіdomorphі
- Телодонттар кластармағы – Thelodontіa
- Түрлі қалқаншалылар кластармағы – Heterostracі
2.-Цефалоспидоморфтар класы – Cephalaspіdomorphі
- Сүйекті қалқаншалылар кластармағы – Osteostracі
- Қалқаншасыздар кластармағы – Anaspіda
3.+Дөңгелекауыздылар класы – Cuclostomata
+ Минолалар кластармағы – Petromyzones
+ Миксиналар кластармағы - Myxіnі

Дөңгелекауыздылар - Cuclostomata осы кездегі омыртқалылардың ішіндегі ең қарапайымы. Бірақ осымен қатар жартылай немесе түгелдей паразит тіршілік етулеріне байланысты маманданған ерекшеліктері бар. Сыртқы түрі және биологиясы жағынан дөңгелекауыздылар балықтарға ұқсас, бірақ олардың ағзасындағы кейбір белгілер оларды омыртқалылардың жеке бір тобына жатқызады.


Дөңгелекауыздыларда жақтары және жұп аяқ-қолдары болмайды. Осы екі белгі олардың қарапайымдылығын көрсетеді. Иіс сезу капсуласы жеке және танау тесігі жалғыз ашылады. Желбезектері қапшық тәрізді, және желбезек күлтешелері шығу тегі жағынан эндодермалық. Паразит тіршілік етуге бейімделу белгілеріне сорушы воронкалары жатады. Оның түбіне мүйізді тістері бар ауыз тесігі ашылады. Денесі жалаңаш, бездерге бай.
Өкілі: теңіз миногасы-Petromyzon marіnus арқылы құрылыс ерекшеліктерімен танысайық.
Сыртқы пішіні: Денесі ұзынша келген, жұп қанаттары болмайды. Басы жиектерінде терілі қалақшалары бар жалпақ сорушы воронкамен аяқталады. Воронка түбінен күшті жетілген тілінің негізінде мүйізді тістері орналасқан. Терісі шырыш көп шығаратын бездерге бай, жалаңаш. Бастарының екі бүйірлерінде дөңгелек желбезек саңылаулары орналасқан. Аналь және несеп-жыныс тесіктері бірінен соң бірі дененің құйрық бөлімінің шегараларында орналасқан. Остік қаңқасы: дене және құйрық бөлімінде бассүйексіздердегі сияқты хордадан құрып, ол жүйке түтігімен қоса қапталған қалың дәнекер ұлпалық қабықпен қапталған. Ол қабықтың үстінде болашақ омыртқаның жоғарғы доғасын құраушы шеміршектер орналасқан. Олар хорданың жоғарғы жағымен жалғасып олардың арасында жүйке түтігі жатады. Ми сауыты бас миын астынан қоршап жатқан шеміршекті пластинка болғандықтанда қарапайым құрылыста. Пластинканың ортасында мидың гипофизарлы өсіндісі шығатын тесік орналасқан. Пластинканың екі бүйіріне есту капсулалары ал, оларға иіс сезу капсулалары жанасады. Ми үстіңгі жағынан жарғақпен жабылады. Сондықтанда дөңгелекауыздыларда нағыз ми сауыты жоқ.
Бас қаңқасының негізгі ерекшеліктері: жақтарының болмауы, тұтас ми сауытының болмауы, желбезек доғаларының бөлінбеуі және ауыз воронкасының шеміршектері болып табылады.
Дөңгелекауыздылардың бұлшық-ет жүйесі қарапайым. Яғни тұлғасымен құйрығын бұлшық еттері миосепталар арқылы бөлінген миомерлерден тұрады. Ас қорыту жүйесі: мүйізді тістері бар ауыз алды воронкасынан, тілден басталады. Воронка түбінен ауыз тесігі басталып ол жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақ екі бөлімнен тұрады. Жоғарғысы асты өткізіп, төменгісі жұтқыншақ қайшықтарымен қатнасады. Қарын жетілмеген, сондықтанда өңеш клапан арқылы бөлінетін ішекке ауысады. Ішектері дифференсацияланбаған және түйіндер құрамайды. Ішек ішінде ішектің сору бетін арттыратын және астың жәй жылжуына жағдай жасайтын сперальды клапандары болады. Ішектің алдыңғы бөлігінен дамитын бауырлары болады. Ұйқы безі нашар жетілген. Желбезек аппаратының: өздеріне тән ерекшеліктері бар. Жіңішке домалақ сыртқы желбезек жолдарында желбезек күлтешелері болмай, олар линза тәрізді қабырғасы желбезек пластинкаларымен астарланған желбезек қапшықтарына ауысады. Желбезек қапшықтарының қабырғалары қан тамырларына өте бай болады. Дөңгелекауыздылардағы ерекшеліктері, желбезек қапшық эндодермадан дамыса, басқа омыртқалыларда эктодермадан дамиды. Дөңгелекауыздыларда желбезек саңылауларының саны 5-15 өзгеріп отырады.
Қан айналу жүйесі: ланцетниктің қан айналысына ұқсас. Айырмашылығы, 2 камералы жүрегі болады (қарынша, құлақша). Құлақшағы барлық веналық қан тамырлары ашылатын жұқа қабырғалы веналық синус жалғасады. Жүйке жүйесі: Бас миы барлық омыртқалыларға тән бес бөлімнен тұрады. Ми көлемі әсіресе алдыңғы ми және мишық салыстырмалы кіші. Мидың барлық бөлімдері бір жазықтықта жатады, яғни жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың миларына тән иін болмайды. Мидың қабығы тек эпителиден тұрып жүйкелік зат болмайды. Бас миынан 10 жұп бас ми жүйкелері басталады. Ми сауытының шүйде бөлімінің жетілмеуіне байланысты ІХ-Х жұп жүйкелер ми сауытының сыртынан басталады. Жұлын лента формалы. Жұлыннның арқалық және құрсақтық түбірлері басқа омыртқалылар сияқты өзара қосылып аралас жүйке құрамайды. Сезім мүшелерінің: құрылысы қарапайым. Есту мүшесі тек миногаларда 2, миксиналарда 1 жарты жеңбер каналдан тұратын жарғақты лабиринтті ішкі құлақ. Көздері нашар жетілген. Миногаларда көздерінің қалақ қабығы нашар жетілсе, миксиналарда паразит тіршілік етуіне байланысты деференсацияға ұшыраған. Иіс сезу мүшесі жеке, бірақ иіс сезу жүйкелері жұп. Иіс сезу қапшығының түбінен аралық ми астымен хорданың басталар жеріне дейін созылып жататын питуитарлы немесе гипофизарлы өсінді созылып жатады. Оның функциясы белгісіз. Бүйір сызықтары таяз шұқырлар күйінде болып Х жұп жүйке бұтақтарымен жалғасады.
Зәр шығару мүшелері: екі бүйірінен қысыңқы ұзынша екі мезонефридиялық бүйрек, дене қуысының ортасынан бастап артқы тесікке дейін созылып жатады. Олар бір жағымен дене қуысының арқа бөлігіндегі шажырқайлар арқылы бекісе, екінші бос жиегімен несеп ағатын түтік Вольф өтеді. Олар дененің арт жағында несеп-жыныс емізігінің ұшына ашылатын несеп-жыныс синусына ашылады. Жыныс жүйесі: аталық, аналық жеке ірі жыныс бездері болып, бірақ арнайы шығарушы түтіктері болмайды. Аналық, аталық жыныс өнімдерінің сыртқа шығарылуы бірдей. Яғни пісіп жетілген жұмыртқа жасушалары жұмыртқа без қабырғасының жарылуы нәтижесінде дене қуысына түсіп, ерекше жұп тесік арқылы несеп-жыныс синусына одан сыртқа, суға түсіп, ұрықтанады. Жұмыртқада сары уызы аздау, сондықтанда толық, әркелкі майдаланады. Бластуласы көп қабатты. Гаструляциясы инвагинация және эпиболия жолымен өтеді. Личинкасы 10 мм-пескароика.

Осы кездегі дөңгелекауыздылар 2 отрядқа бөлінеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет