Жауабы: 9,03*1025; 7,2 кг
Көміртек және оның қосылыстары жайлы оқыған кезде қазіргі кезде климаттың жылынуына себеп болатын - «жылыжайлық эффект» жайлы барлығымыз естіп-біліп жүрміз.
Есеп №14
Табиғатта үнемі биогенді элементтер айналымы жүреді: атап айтса көміртек, сутек, оттек, фосфор, азот және т.б. Адам өзінің тіршілік әрекетінде минералды шикізаттарды қолдана отырып, табиғаттағы зат айналымына өз үлесін қосады. Көлемі 1л, көмір қышқыл газының концентрациясы 2%, ρ=1г/см3 минералды газдалған суды дайындау үшін көміртектің қанша грамм массасы СО2-көмірқышқыл газына айналады?
Жауабы: 3,84 г
Азот – маңызды биогенді элемент, себебі ол нәруыз бен нуклеин қышқылының құрамына енеді. Атмосфера – азоттың негізгі көзі, дегенмен тірі ағзаның көпшілігі ауа құрамындағы бос азотты тікелей сіңіре алмайды.
Есеп №15
Ауа құрамындағы азотты сіңіріп, өсімдіктер тіршілігіне қажетті азотты топыраққа жинақтаушы азотсіңіргіш бактериялар болады. Мұндай бактериялар көмегімен қолайлы ауа-райында өскен жоңышқа өсімдігі маусымына 150-160 кг/га азотты жинақтай алады екен. Осындай азот қанша м3 ауа құрамында болады? Тыңайтқыш ретінде қолданылатын 10 %-қ аммиак суының қанша массасы маусымына 100 кг/га азотты жинақтай алатын 1 га жоңышқаны алмастыра алады?
Жауабы: 120 м3, 2100 кг.
Есеп №16
Автокөлік 1 км жол жүрген кезде ауаға 0,30 кг көмірқышқыл газын бөледі екен. (1 л бензина орташа автокөлікке 8 км жол жүруге жетеді деп есептеп). 160км жол жүрген автокөлік бензинді жағу кезінде ауаға қанша килограмм көмірқышқыл газын бөледі?
Жауабы: 48 кг СО2.
Есеп №18
Егер автокөлік бір тәулікте 20км жол жүріп, газ шығарғыш түтігінен атмосфераға мөлшерде иіс газы мен азот (ІҮ) оксидін бөліп шығаратынын есептеңіз? Иіс газының орташа салмағы 30 мг/км,ал азот (IV) оксиді – 20 мг/км.
Достарыңызбен бөлісу: |