Биологиядан экологиялыќ жјне ўлттыќ мазмўндаєы есептер



бет3/32
Дата01.04.2023
өлшемі341 Kb.
#78163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
biologiya-pnnde-oushylardy-funkcionaldy-sauattylyyn-arttyru-bayandama

Негізгі бөлім.



  1. Өсімдіктану.



Есеп №1
Астана қаласының оңтүстік-батыс жағасындағы жүз пәтерлік үйде орта есеппен 400 адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Осы үйдегі барлық тұрғындарды оттегімен қамтамасыз ету үшін қанша ағаш егу керек?
Жауабы: 133 ағаш
Есеп №2
Қазақстанның Түркістан қаласында 150 мың адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Ағаштың қоректену ауданы 12 шаршы метр. Қала халқын толық оттегімен қамтамасыз ету үшін қалада қанша ағаш өсіру керек және ол ағаштар қандай ауданға (га) егілмек?


Жауабы:600 000м2=60га


Есеп №3

Қазақстанға ғана тән дала бұтасы. Өсімдік өте берік әрі қатты, сондықтан да одан қамшының сабын жасайды. Бұтаны жердің құнарлығын арттыру үшін және сән келтіру үшін отырғызады. Кейбір мекендерде бұл өсімдіктің бұтақтарын киіз үйді аластау үшін ұстайтын болған. Бұл қай өсімдік?




Жауабы: Бұл –тобылғы өсімдігі.
Халық болжамдары бойынша сәуірдің соңғы күндерінде 2-3 күнге созылатын суық жел соғады. Бұл-тобылғы бүршік жарады, яғни өсімдіктер тамыр жайды, алғашқы көк шыға бастады деген сөз. Бұл болжам-тобылғы жарған деп аталады. Қамшы сабына ең көп қолданылатыны - тобылғы. Ол әрі бояулы, берік, әдемі, көрікті көрінеді.


Есеп №4
Бұл өсімдік «1000 аурудың емі» деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. Халқымыз «пәле жаладан сақтасын» деп үйді осы өсімдіктің түтінімен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды.
Жауабы: Адыраспан
Есеп №5
Қазақстанда өскен темекі жапырағында никотин мөлшері 1,5%, кейбір сорттарында 6-8%. Салмағы 1 г темекіде 10-15 мг никотин бар. Салмағы 10 г және 100 г темекіде қанша никотин болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет