Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет56/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83
 

 

7.22-бап  

 

Жосықсыз бәсекелестіктен қорғау 

 

Әрбір Тарап өзінің заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне 

және  Париж  конвенциясының  10bis-бабына  сәйкес  жосықсыз 

бәсекелестіктен қорғауды қамтамасыз етеді. 



7.23-бап  

 


53 

 

 



Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу үшін қажетті құжаттар мен 

мәліметтер 

 

Тараптар өздерінің заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне 

сәйкес зияткерлік меншік объектілерін тіркеу үшін қажетті құжаттар мен 

мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 



 

 

7.24-бап  

 

Зияткерлік меншік объектілеріне  

құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету 

 

1.  Тараптар  өздерінің  заңдары  мен  өзге  де  нормативтік  құқықтық 

актілеріне және өздері қатысушылары болып табылатын халықаралық 

келісімдерге  сәйкес  зияткерлік  меншік  объектілеріне  құқықтардың 

сақталуын, қамтамасыз етеді. 

 

2.  Тараптар  құқық  иеленушілерге  зияткерлік  меншік  объектілеріне 



құқықтардың  сақталуын  қамтамасыз  ету  үшін  азаматтық,  әкімшілік 

және сот рәсімдеріне жүгіну мүмкіндігін ұсынады. 

 

3.  Тараптар  цифрлық  ортада  зияткерлік  меншік  объектілеріне 



құқықтардың  сақталуын қамтамасыз етуге ұмтылатын болады. 

 

4.  Тараптар  зияткерлік  меншік  объектілеріне  құқықтардың,  атап 



айтқанда, авторлық  және  сабақтас  құқықтардың,  тауар  белгілерінің, 

өнертабыстар  мен  пайдалы  модельдердің  және  өнеркәсіптік 

үлгілердің 

сақталуын 

күшейту 

мақсатында 

бір-бірімен 

ынтымақтасады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет