БlРlНШl аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары жұмыс мақсаты: I аналитикалық топ катиондарының қасиеттерiн сапалық реакцияларына тәжiрибе жасау негiзiнде үйрену



бет6/7
Дата14.09.2023
өлшемі72,77 Kb.
#107666
1   2   3   4   5   6   7
Р е а к ц и я н ы ң о р ы н д а л у ы. Аммоний тұзы ерiтiндiсiнiң 2-3 тамшысына пробиркада 3-4 тамшы NaOH немесе КОН ерiтiндiсiн қосып қыздырады. Аммиактың бөлiнгенiн алдында көрсетiлген тәсiлдердiң бiрiмен байқауға болады.

  1. Несслер реактивiнiң әсерi

Несслер реактивi K2[HgI4] + KOH қоспасы, ол аммоний иондарымен қызыл-қоныр (кірпіш-қызыл) тұнба түзедi:
Hg
NH4CI + 2K2[HgI4] + 4 КОН = [O NH2]I + 7KI + KCI + +3H2О
Hg
Реакция өте сезгiш. Оның анықтауына калий, натрий иондары кедергi жасамайды.
Р е а к ц и я н ы ң о р ы н д а л у ы. Аммоний тұзы ерiтiндiсiнiң 1 тамшысына 5-6 тамшы су қосып 1-2 тамшы Несслер реактивiн қосады. Тұнба түзiлуiн байқайды, NH4+ иондарының концентрациясы өте төмен болған жағдайда ерiтiндi қызғылт-сары түске боялады. Реакцияны заттық шыныда орындауға да болады.

  1. Аммоний тұздарын жою

Аммоний иондары Na+, K+ иондарының анықталуына кедергi жасайтын болғандықтан, оны буландырып ерiтiндiден ұшырып жібереді.
Аммоний тұздарын қыздырғанда олар мына реакция бойынша ыдырайды:
NH4CINH3 +HCI
Р е а к ц и я н ы ң о р ы н д а л у ы. Тигельде зерттелген ерiтiндiнiң 5-6 тамшысын құйып, буландырып, құрғақ қалдықты ақ “түтiн” бөлiнуi аяқталғанша қыздырады. Тигель суығаннан соң құрғақ қалдықты 3-4 тамшы дистилденген суда ерiтiп, ерiтiндiден 1 тамшы алып пробиркада Несслер реактивiмен NH4+ анықтайды. NH4+ толық жойылмаған кезде, операцияны қайталайды.


2-кесте
КАТИОНДАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ


Қышқыл-негiздiк анализдеу әдiсi бойынша иондардың изоморфты қатарына сәйкес





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет