БөЖ Қожв Ахмет Ясауи атындағы халықаралық


 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата16.12.2022
өлшемі463,73 Kb.
#57727
1   2   3   4   5   6   7   8
1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім
алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі
қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, 
болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің
көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында
“Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” 
журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 
1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. 
“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба
журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, 
М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, 
“Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды.


1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға
сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ
съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы 
жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. 
Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. 
Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік
Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде
ұсынылды. “Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің
мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен
бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне
делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған
комиссияға төрағалық етті. 
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында
қызмет етті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет