Некроз (гр. nekros — өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі жасуша мен ұлпалардың өлуі. Жарақаттанудан (үсу, күю), жүйкенің жаншылуынан, уланудан, туберкулез, мерез, бөртпе, сүзек аурулары салдарынан, бүйректің қабынуынан, сондай-ақ гангрена, инфаркт аурулары кезінде де өлі ет пайда болады. Өлі еттенген органдардың ұлпалары мен жасушаларының қан айналысы, жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, жасуша аралық заттары өзгереді. Мұның салдарынан қоректік заттардың келуі азайып, тіршілік әрекеті кемиді. Яғни, қан айналымы бұзылған пациентте бас ауруы да, бас айналуы да жиі болады.
Қорытынды
Төсек жаралары артериялық және веноздық тамырларға тұрақты қысымның нәтижесінде пайда болады, бұл жергілікті ишемияны және нәтижесінде тіндердің некрозын тудырады. Емдеу қиын, инфекцияға бейім ашық жаралар дамиды. Кейде төсек жарасының дамуы үшін қозғалыссыз 2-3 сағаттан аз уақыт кетеді. Екінші жағынан, төсек жараларды емдеу, медицинадағы прогреске қарамастан, өте қиын процесс, бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады және әрқашан тиімді емес. Сондықтан төсекте иммобилизацияланған науқастар дереу төсек ауруына қарсы профилактикадан өтуі керек, өйткені емдеуден гөрі алдын алған дұрыс.