Бөж тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазба деректер



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі375,04 Kb.
#132203
1   2   3   4
 
 



Тақырыптың зерттелуі: 
Бұл тақырып бойынша түрлі әдеби, тарихи 
деректерден ізденіп отырып, ғылыми еңбектерді пайдаландым.
 
Атабаев Қ. 
Қазақстан тарихының дерек сӛзі еңбегіне сүйене отырып Қазақстан туралы 
ерте жазба деректердегі жалпы ақпаратты алдым [1] Әбілғазы Баһадүр. Түрік 
шежіресі [2] Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г. Письменные источники по 
истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в ХІІІ-XVIII вв. [3] 
Бимаканова З.Ш.Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы [4] Гумилев Л.Н. Кӛне 
түріктер [5] Бұл еңбектерден тақырыпқа сәйкес, тарихи кӛне жазбалардың 
хронологиясы мен нақты аумағы жайлы ақпарат алдым
 
 
 
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:
1. Ежелгі парсы, грек, рим, қытай жазбаларындағы мәліметтерді 
зерттеу, ежелгі жазба түркі ескерткіштері: пайда болуын сынау, мәтінін оқу 
және 
түсіндіру.
2. Гомер поэмасы, тарихнамасы, зерттелу кезеңдері, тарихи дерек 
ретіндегі ерекшелігі, маңызы және орыны, тарихи дерек кӛзі ретінде 
зерттеудің 
негізгі 
проблемаларын 
анықтау.
3. Батыс Европа саяхатшылары Палано Карпиниди (1182-1252), 
Вильгелм Рубруктің, Марко Полоның т.б. жазбаларын зерттей отыра тарихи 
жазбалар туралы ақпарат жинау.
 
Ерте жазба деректерді сараптай отырып, Қазақстан тарихы туралы 
мағлұматты анықтау

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Парсы, грек және қытай жазбаларындағы Қазақстан 
 
Парсы деректері: Бехистун жазбасы, ортаңғы Иран ескерткіштері. 
Қазақстанның ежелгі дәуірдегі халықтарының тарихы жӛніндегі жазбаша 
деректер І Дарий (б.з.б. 522-486 жж.) және Ксеркс (б.з.б. 486-465 жж.) 
патшалардың Ахеменид державасында қолданылған негізгі үш тілде: кӛне 
парсы, элам және аккад тілдерінде жазылған ежелгі парсы жазбалары болып 
табылады. І Дарийдің билік басына келуінің және содан кейін болған азамат 
соғысының мән-жайы туралы баяндалатын Бехистун жазбасының зор 
маңызы бар. Жазбада «елдер» – тайпалардың мекендеген аймақтары 
кӛрсетіліп, Таяу және Орта Шығыстың, сондай-ақ Орталық Азияның тарихи 
географиясы жӛнінде едәуір материал берілді. Қазіргі уақытта ғылыми 
әдебиетте сақ тайпалары – хаумаваргалар мен тиграхаудалар Қазақстан 
аумағына қатысты деген пікір орныққан, алайда Ахеменид әулеті кезеңінің 
басқа жазбаларын тарта отырып, жазба деректеріне мұқият талдау жасау бұл 
тайпалардың Хамун кӛлі ауданында, қазіргі Иран мен Ауғанстан 
шекарасында, кейіннен Сакистан (Сейстан) аталған ауданда орналасқанын 
кӛрсетеді.
Ахеменид әулеті кезеңіндегі мәдениет пен дінді зерттеу үшін маңызды 
басты ірі жазба болып Ксеркс патшаның «дәулер туралы» атты жазбасы 
табылады, онда Ксеркстің зороастризмді мемлекеттік дін ретінде енгізуімен 
байланысты діни реформасы баяндалады. Кӛне парсы жазбаларында тарихи-
географиялық деректерден басқа, антик деректерінің мәліметтерін тексеруге 
және оларды едәуір нақтылай түсу үшін біраз материал беріледі.
Ортаңғы Иран ескерткіштері – парфяндар тілінен бастап, «ортаңғы кезең» 
дейтін иран тілдеріндегі эпиграфиялық және нарративтік деректердің атауы. 
Парфяндардың, ортаңғы парсы, соғды, хорезм, бактрия тілдері мен басқа да 
бірқатар 
тілдер 
соған 
жатады.
Тарихшылар үшін парфяндардың ортаңғы парсы және соғды тілдерінің 
ӛзге де диалектілерінде жазылған манихей дінінің мына шығармалары 
маңызды:
1) Бундахишн. «Әлем» – зороастрашылдардың ғарышнама және Ғаламның 
құрылысы 
туралы 
түсініктері 
айтылған 
кӛлемді 
шығарма.
2) Денкарт. «Наным негіздері» – зороастралық діни ілімнің бізге дейін 
жетпеген Авеста бӛлімдері тізіп келтірілген және қайталап айтылған кӛп 
томды 
энциклопедиялық 
баяндалуы.
3) Арда-Вираз-намак – Александр Македонский жаулап алғаннан кейін 
құлдырап кеткен зороастралық наным туралы дұрыс түсінік алу үшін Вираз 
әулиенің жұмақ пен тозаққа саяхаты жӛніндегі шығарма. Бұл кейінгі 
Сасанилер дәуіріндегі зороастризм реформацияларының бірін бейнелейтін 
ӛте қызықты шығарма.
4) Панд-намак-и Ардашир-и Панакан – Сасанилер әулетінің билік басына 
келуінің аңызға айналған нұсқасы айтылған ақсүйектік шығарма.
Ортаңғы парсы мәтіндеріне Орта Азия мен Қазақстан тарихшылары зор ынта 



қояды, ӛйткені онда ерте орта ғасырлардан бастап ХІІ-ХІІІ ғғ. дейінгі 
түпнұсқалық жазба деректер келтірілген. Оларда түріктер, эфталиттер, осы 
аймақтағы басқа да халықтар мен оқиғалар туралы деректер бар. Алайда осы 
кезге дейін бұл деректер ӛте нашар тартылып келді, мұның ӛзі бірінші 
кезекте иран тілдерінің фонотекасына ӛте нашар бейімделген арамей 
жазбасымен жазылған ортағасырлық мәтіндердің қиындықтарына 
байланысты болып келеді. 
Антикалық авторлардың еңбектері. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихын 
оқып-білуде антик тарихнамасы неғұрлым мазмұнды болып табылады. 
Қазақстанның сол кезеңдегі тұрғындары туралы мәліметтер ертедегі 
Грекияға Парсы елі арқылы, сондай-ақ Қара теңіз ӛңіріндегі грек отарлары 
арқылы жетіп тұрды. Геродоттың (б.з.б. 484-425) «Тарих» деген еңбегінің 
тӛртінші кітабында скиф тайпаларының орналасу географиясы, олардың 
тарихы, рухани мәдениеті, әдет-ғұрыптары туралы баяндалады. Геродот 
хабарларының негізінде деректі материалдар да, Қазақстан мен Орта 
Азияның сақ (скиф) тайпаларына барып тірелетін ауызша фольклорлық 
дәстүр 
де 
алынған.
Ктесийдің «Парсы тарихы» деген шығармасында Ахеменид әулеті кезеңінің 
тарихы жӛнінде бірқатар құнды деректер жиналған. Бұл еңбекті Диодор 
(б.з.б. І ғ.), Үлкен Плиний (б.з.-ң І ғ.), Клавдий Элиан (б.з.б. ІІ-ІІІ ғғ.) сияқты 
авторлар дерек ретінде пайдаланған. Неғұрлым кейінгі авторлар Ктесийдің 
«тарихи романның атасы» деп атайды. Ктесийдің әңгімелерінде кейде 
анахронизм сарыны сезіледі. Дегенмен, ежелгі грек жазушысының 
ақпаратында ертедегі Қазақстан этностары, олардың орналасұан жерлері,
қоғамның саяси ұйымдастырылуы туралы анық деректердің жекелеген 
маңызды ұшықтары әр жерде шашырап жатыр. Ктесийдің бірқатар қызықты 
новеллалары шын мәнінде жергілікті халық дәстүрінен мәліметтер береді.
Қазақстан тарихын зерттеу үшін грек тарихшыларының Александр 
Македонский жорықтарын суреттейтін шығармаларының бірсыпыра маңызы 
бар, олардың арасында Диодорды, Помпей Трогты, Полибийді атап ӛткен 
жӛн. Олардың кӛшпелілер мен Парфия, Грекия мен Бактрия арасындағы 
кейбір қақтығыстар туралы жеткізген мәліметтері ерекше маңызды. Алайда, 
оларда Қазақстанның ертедегі тайпалары туралы нақты ақпарат кӛп емес. 
Оларда айтылған этностарды басқа деректердің мәліметтерімен ұқсастыру 
ӛте 
қиын.
Ертедегі Қазақстан тарихы үшін географиялық антик әдебиеті маңызды 
дерек болып табылады. Оның кӛрнекті ӛкілдерінің бірі – Страбонның (б.з.б. І 
ғ. – б.з.-ң І ғ.) «Географиясында» Қазақстан мен Орта Азияның табиғи 
жағдайлары мен халықтарының тұрмыс-салты туралы мәліметтер олардың 
саяси тарихының әр түрлі оқиғаларымен ұштастырылды. Страбон 
географиялық әдебиетті үстірт бағдарға ала отырып, кейде нағыз 
географиялық жағдайды онша біле бермеді. Мәселен, ол Каспий теңізін 
тұйық бассейн емес, мұхит шығанағы деп санады және Арал теңізі жӛнінде 
ешнәрсе білмеді, мұның ӛзі, әлбетте, жалпы кӛріністің бұрмалануына әкеп 



соқты. Птолемейдің (б.з.-ң І ғ. аяғы – ІІ ғ.) «География» атты шығармасы 
күрделі болса да, бағалы дерек болып табылады. Мәтінде қалалардың, 
ӛзендердің, тау тізбектерінің, кӛлдердің географиялық орындары беріліп, әр 
түрлі аймақтардың, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстанның шекаралары 
кӛрсетілген. Птолемей сақтар елімен (Қазақстанның оңтүстігі, Сырдария 
алабының бойы болар) қатар Скифияны да біледі, ал Еділден Балқаш кӛліне 
дейінгі кең-байтақ жер Скифия деп қарастырылды. Бұл мәліметтердің 
құндылығы ӛте зор болғанымен, оларды абайлап пайдалану қажет, ӛйткені 
Птолемейдің түрлі деректерден алынған мәліметтерді сын кӛзбен байыптап 
тексеріп алмай, қоса салатыны да кездеседі. 
Сақтардан солтүстікке қарай орналасқан сайримдер туралы Геродоттан 
барынша толығырақ деректер алуға болады. Геродот: «Танаис ӛзенінің 
(қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында», — дей келе, Доннан Еділге 
дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-
батыс Қазақстан ӛңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық — Елек ӛзендері 
аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың 
сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот 
Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: «Сарматтар скифтер жағында 
белсенді түрде соғысты», — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын 
айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды.
«Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. 
Барлық саны үш жауды ӛлтіргенше қыз күйеуге шықпайды», — деп 
кӛрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда 
Сармат тайпалар одағы құрылды. Бұл жаңадан құрылған Сармат 
тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, 30 
языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған » 
Алтын адам», «қайқы қылыш» сияқты археологиядағы жаңалықтар 
сарматтардың әскери ӛнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай 
түседі. Сармат-алан тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет