Бөж тақырыбы: Күлтегін ескерткіштері бойынша түркілердің сыртқы саясаты Орындаған: Турарбек Мерей Қабылдаған : Салгараев м факультеті: Филология Тобы: ФҚӘ-211 Жоспар



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі413,53 Kb.
#117250
1   2   3
Байланысты:
ТМТ Турарбек Мерей

Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды. 1893 жылы 25 қарашада Дания ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. Радлов, С.Е.Малов, қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Қ.Өмірәлиев, т.б. түркітанушылар Орхон жазба жәдігерлерінің түркі тіліндегі мәтінін оқып, оны тілдік, әдеби, тарихи тұрғыдан зерттеді. И.В.Стеблева Орхон жазбаларын тұңғыш рет көркем туынды, поэзиялық шығарма ретінде қарастырса, оның қазақ әдебиетіне ықпалын алғаш рет М.Жолдасбеков ғылыми тұрғыдан негіздеді. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлардың әрқайсысын түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын мадақтап, жырлауға арналған қаhармандық дастандар деуге болады. Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (8 ғасыр). «Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз топтамадан тұрады. Әрбір топтама – мазмұны жағынан бір-бір хикая. Оның бірінші топтамасы – қағанның өз халқына айтқан үндеуі; екіншісі Түрік қағандығы жерінің кеңдігін суреттейді; үшіншісі түркілердің әскери жорықтарын жыр етеді; төртіншісі көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесіншісі табғаштармен қарым-қатынас түркілерге ажал қатерін төндіретіні жайында; алтыншысы түркі халқының көреген емес екені туралы; жетіншісі түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған жөнінде; сегізінші топтама осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жайттарды баяндауға арналған.
К
үлтегін жазба ескерткіші

«Күлтегін» жырының кіші жазуындағы екінші топтаманың алғашқы үш жолы Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінің ұланғайыр кең екендігі, одан кейінгі екі жол осы топтаманың түйіні – түркі елінің жері мол, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған. «Күлтегін» жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар). Бұл жыр дербес алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Бірінші хикая – түркі халқының ұлы ата-бабалары туралы; екінші хикая – түркілерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде; үшінші хикая – Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; төртінші хикая – Қапаған қаған туралы; бесінші хикая – Білге қаған жайлы; алтыншы хикая – Күлтегін туралы.
Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір топтаманың өзі міндетті түрде мынадай үш бөліктен тұратын болған:

  1. оқиғаның басталуы;

  2. оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі;

  3. осы топтамада айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні.

«Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және адам баласының жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында адам баласы жаралған). Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.
«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.
Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi моңғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин – угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп кетсе, 1912 жылы ғалым В. Л. Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол – чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В.В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.[1,13-б] Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу», ал 13 жол жазу кіші жазу деп аталады.
Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. Жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы» делінген.
Күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың аудармасында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет