Бөж тақырыбы: Шерхан Мұртазаның “Қызыл жебе” шығармасына әдеби теориялық талдау



бет2/2
Дата10.12.2023
өлшемі34,67 Kb.
#136090
1   2
Байланысты:
Доклад (копия)

Үкілі қамыс
Түңкелі үйін
Торы бие
Мінезді бие
Сары бала
Қара мұртты қазақ
Бадырақ көз
Торсықтай қара бала
Алтын жиек көзәйнекті
Жүйрік жылқы
Қара тақтадағы
Арық түйенің өркешіндей
Ақ терек
Ашаң жасыл жапырағы

Шығарманың композициялық құрылысына сюжеттік талдау-сатылай комплексті талдау.


1.Басталуы –Тұрардың аулына мұғалімдердің келуі
2.Дамуы –Жаз айындағы Тұрардың істері
3.Байланысы –Мектепте өткен күндері
4.Шиеленісі –Мектепке Мерке учаскесінің тергеушісі Семашко мырзаның келуі
5.Шарықтау шегі –Тұрардың тілмаш, писарь болуы
6.Шешімі –Иван Владимировичтің батасы


Роман-эпопеяның негізгі тақырыбының аясында суреттелетін мынадай іргелі оқиғалар тобы бар: а) патша өкіметінің қазақ еліндегі отаршыл саясаты; ә) қазақ жерінде кеңес өкіметінің орнауы; б) елді ұжымдастыру; в) ел ішін жайлаған аштық; г) ел басына төнген сталиндік зұлмат. Осы оқиғалар тобы шегінде суреттелген шындық құбылыстардың әрқайсысына автордың берер бағасының тиісті мәні бар: жақсылық немесе жамандық; ізгілік немесе зұлымдық; әділет немесе қиянат. Романэпопеяда суреттелген саяси-әлеуметтік құбылыстардың тобында жеке тұлға немесе тұтас халық үшін тек қана жақсылық, ізгілік, әділеттілік ретінде бағаланған немесе бағалануға лайықты оқиға жоқ. Шығармада көрініс тапқан оқиғалар мен құбылыстарды көркемдік жинақтаудан дүниенің мынадай сыры аңғарылады: а) жақсылық әркез тұрмайды, жамандық әркез тозбайды; ә) ізгілік ұзақ болмайды, зұлымдық қуып қалмайды; б) әділетке адам қара терін немесе қызыл қанын төгіп жетеді, қиянат адамды өзі қуып жетеді. Шығарма мазмұнының тереңі автордың өзі суреттеп отырған өмір құбылыстарының және оларға берер бағасының осындай мәндері негізінде ашылады.

Романның бірінші кітабының аяғында әке мен баланың айырылысуын былайша суреттейді: «Тұрардың саусағы ілінген белбеудің шуда жібі сетінеп, бір талшығы баланың уысында қалып ыдырай берді. Арбадан екі-үш адым кейін қалып қойғанда да әкесі мен екі араны әлгі шуда жіп жалғап келе жатты. Белбеу жіп тарқатыла-тарқатыла таусылғандай еді. Алыстан қараған адамға бақытты бір бала батпырауық ұшырып, ойнап бара жатқандай көрінер. Ал, мына баланың бар үміті тарқатылған белбеу жібінде ғана қалғандай, өкпесі қабынып, өті жарылып, жаны мұрнының ұшына қонақтап, зымырап келеді. Баланың бұл жандалбасасын әуелі қызық көрген артқы айдауыл «ойын түбі өрт болып жүрмесін» дегендей, әке мен баланың арасын жалғап келе жатқан әлсіз жіпті қиып кеп жіберді. Сол сәт бала қолымен ауа қармап, ұмтылып-ұмтылып барып, етпетінен құлап түсті. Жіптің шұбатылған жалғауын тұтып қалғысы келгендей, кішкентай қолын алға соза құлады». Осы аз ғана көріністе әке мен бала махаббаты, қатігездіктің шырмауы, өмірдің ащы көрінісі айқын сезілгендей-ақ. Жас Тұрардың өмір талқысына түскен әр қадамынан оның келешекте халық үшін жаралған азамат екенін дәлелдейтін қасиеттер – табандылық, қайсарлық, турашылдық, тегеуіріндік, зеректік – осылардың барлығы айқын көрініп отырады. Шынында, сүйікті анасынан ерте айырылып, сүзектің азабын тартуы, өгей шешенің қас-қабағын аңдуы, одан кейінгі түрмеде көрген қорлықтары он-он екі жастағы балаға жеңіл жүк емес. Әйтседе бақытына орай, оның Рысқұлдай әкесі бар. Шерхан Мұртаза әлбетте, Рысқұлды ерекше тұлға, адам баласынан ала бөтен бейне етіп көрсетпейді. Ол өз қатарлары сияқты көптеген кедейлердің бірі. Солай болғандықтан оның асып бара жатқан байлығы да жоқ, елді аузына қаратар әкімшілік қызметі де жоқ, қарны бірде тойып, бірде тоймаған жұпыны тіршілігінің арқасында күн көруде. Рысқұл ешқашан баласына «анандай болма, мынадай бол» дегендей құрғақ дидактиканы жаттата бермейді. Бір қарағанда қатал көрінетін нағыз әкенің ер адамға лайық ұстамдылығын, шыдамдылығын, салмақтылығын көреміз. Сонымен қатар әкенің осы бір өр мінезді баласына ұялату мақсатындағы іс-әрекеттеріне сүйсінеміз. Сөйтіп, Рысқұлдың өз ұлына, келешегінен көп үміт күткен баласына ақыл айтудан гөрі нақтылы қимыл әрекеттерімен ықпал ету сәттері басым.


Ұл бала қашанда жақсы әкенің тартымды қылығына еліктегіш келеді. Рысқұлдың кедейлігіне қарамастан, өз жолынан таймайтын, өзгеге есесін жібермейтін, намысы зор жігіт екенін аңғартатын тұстар аз емес. Рысқұлдың бойындағы нағыз адамгершіліктің үлкен бір қырын – баласы Тұрарға деген көзқарасынан, оған деген асқан сүйіспеншілігінен байқауға болады. Сот алдында қаншалықты ауыр жаза алатынына көзі жеткендей болып тұрса да, «итжеккенге» айдайтынын аңғарса да баласымен бірге болуын өтінуі, жеке басының тағдырынан гөрі ұлының болашағын көбірек ойлауы – нағыз абзал әкеде ғана болатын қасиет. Романдағы бейнелер мен оқиғалардың барлығы Тұрардың азаматтық тұлғасының қалыптасуына, оң мен солын тануына зор ықпал еткені сөзсіз. Шығарма барысында жазушы бала Тұрарды әрдайым бірқалыпта суреттейді: орынсыз ұшқалақтық, шапшаң ренжіп, тез басылу тәрізді балада көп ұшырасатын қылық жоқ. «Қызыл жебе» романын тек өткен жыл ғана емес, соңғы жылдардағы қазақ прозасының елеулі табыстарының бірі деп бағалағанымыз жөн.

Тұрар Рысқұлов – марксизм-ленинизм ілімін жан-жақты жете меңгерген, принципшіл коммунист. Ол жігерсіз ұл болып тумады. Ол – рухты ер. Меркеде жұмысшы-шаруалардың революциялық қозғалысының басы-қасында болып, оларға белсене басшылық жасады. Уақытша үкіметті құлатуға бар күш-жігерін тартынбай, бай тәжірбиесін батыл жұмсап бақты. Жазушы Тұрар Рысқұлов бейнесін тек тарихи фактілермен шектеп, соның шырмауында ғана суреттемеген, оның пенделік пішінін, ішкі психологиясын анық та айқын суреттеген.


Ал жетім-жесір, кедей шаруаға деген оның жанашыр ілтипаты айрықша. Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романының үш кітабын да сәтті жазып шықты. Шығарманы оқығанда бірден көз алдымызға асқақ та айбынды Тұрар Рысқұлов бейнесі келеді. Біз Қазақстандағы революция күндерін, сол күндері бастан өткен қиындық пен қайшылықтарды Тұрардың өмір жолынан танып білсек, қазақ жанашырының жан дүниесін оның іс-әрекеттері арқылы шынайы сезінгендейміз. Автор баяндауында Тұрардың ағзасын сырқат етсе де, көңілін сырқат еткісі жоқ. Сонымен қатар Тұрардың әкесі Рысқұлдың да бейнесін әр сәтте әр түрлі қырынан көрсеткен. Ең алдымен біз Рысқұлды рухы күшті, намысы биік ұлт азаматы ретінде танимыз. Тұрар әкесінің батылдығы мен қайраттылығына сүйсінеді. Тұқымбайдың жүйрік аты Қызыл Жебеге мініп, көкпар тартқан әкесінің қимылына дән риза болады. Сол кезде-ақ жас бала өмірдің талас пен тартыстан тұратынын, кім батыл, қайсар болса, сол ғана өз үлесін алатынын ұққандай еді. Тумысынан зерек Тұрар өзін тегі асыл ең жүйрік, ең мықты Қызыл Жебеге теңегісі келеді. Балалардың арасында «Қызыл Жебе» атанып кетеді. Автор қанатты сөздерді қолдана отырып та, Тұрар образын шебер бейнелей білген. Әрбір қанатты сөз оған жаңа реңк беріп тұрғандай. Мысалы: «Жүгіріп келе жатқан көшең қисық болса да, жүрісің түзу болсын», «Ұлылықтан пенделікке дейін бір-ақ қадам», «Тиын-тебен қымбат емес, адамның ары қымбат», «Көңілді кірбің тұта берсе кір болады», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұқ жоқ» деген аталы сөздер Тұрар Рысқұлов бейнесіне жарық түсіріп, оның шыңдалуына зор үлес қосқан.
Жазушы Шерхан Мұртаза бұл шығармасында кейіпкерлердің жан дүниесін тартысты оқиғалар легімен ашуда алғырлық танытқан. Кейіпкерлерді суреттеуде де жазушының асқақ рухын танимыз. Ұлттық әдебиетіміздегі роман саласына елеулі еңбек сіңіріп, қазақ әдебиетін көркемдік деңгейі жоғары туындылармен байытуға үлес қосқан шығармашыл тұлға ретінде де Шерхан Мұртаза есімін ерекше атауға болады. Қазақ әдебиетіне жетпісінші жылдардың соңында келіп қосылған «Қызыл жебе» романын жазу барысында қаламгердің архив материалдарын мұқият зерттеп, орынды пайдалана білуі, табиғат суреттерін әсерлі өрнектеуі, қазақ халқының әдет-ғұрыптарын, географиясы мен этнографиясын еркін игеруі романның ұлттық құндылығын арттыра түскен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет