Бөж тақырыбы: Тілдің қоғамдағы қызыметі (эссе) Орындаған


Ә) Қазақ тілінің қоғамдағы қызыметі



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата15.10.2023
өлшемі227,11 Kb.
#115212
1   2   3   4
Ә) Қазақ тілінің қоғамдағы қызыметі. 
Біздің қоғамдағы тілді тұтынушылардың арасалмағы – әр алуан. 
Қазақтілділердің дені ауылдық жерлерде тұратын болса, тек орыс тілінде және 
қазақша-орысша бірдей сөйлей алатындардың басым көпшілігі қалада немесе 
қалаға жақын елді мекендерде тұрады. Екі тілді бірдей білетіндер отбасында 
қазақ тілінде сөйлесе де, жұмыста және тағы басқадай жерлерде, көбінесе, орыс 
тілін пайдаланады. Сол себептен, қазіргі таңда тілдің қоғамдық қызметінің 
басымдығы мен пәрменділігін айқындайтын қала тұрғындарының тілі орысша 
болып отыр.
Өмір шындығы қостілділіктің қалыптасуы әртүрлі болатынын көрсетеді. 
Бұл ретте қостілділіктің белгілі бір қарым-қатынастық жағдайға (қызметтік, 
кәсіптік, қажеттілік, мәжбүрлік, тілдік орта т.б.) байланысты қалыптасқан түрі 
бізде ерекше орында. Еліміздің қостілді (қазақша-орысша) азаматтары 
қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастың түрлі жағдайы мен мақсатына 
байланысты бәлендей дайындықсыз, ешқандай қиналыссыз бір тілден екінші 
тілге еркін ауысып, екі тілді бірдей қолдана береді. Бұл ерекшелік, негізінен, 
қазақтарға тән. Әрине, бұның «қос тіл – қос қанатың» деген мақсаттағы өзіндік 
артықшылығы бар екені рас. Елбасы сөзімен айтсақ: «Қазақтардың жаппай қос 
тілді болуы – оларға осы заманғы ақпарат тасқынына жол ашатын ғажайып 
құбылыс» (Назарбаев Н.Ә. Тоталитарлықтан – саяси тұрақтылыққа және 
демократиялық Қазақстанға. «Егемен Қазақстан» газеті, 1997 жыл 14 
желтоқсан). Сондай-ақ, бұның жағымсыз жағы да бар екені жасырын емес. Бұл 
мәселеге кезінде заманымыздың заңғар жазушысы, академик М. Әуезов назар 
аударған екен. Ол өзінің «Ана тіл әдебиетін сүйіңдер» деген мақаласында орыс 
тіліне тым беріліп кеткен қазақ азаматтарын сынға алып, тіліміз бен 
әдебиетіміздің қадір-қасиетін айта келе, кез келген саналы азамат өз ана тілін 
жақсы білуге міндетті деген талап қояды. «Өз тілін, әдебиетін білмеген, 
қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі, ол 
қандайлық білімді болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ болады» (Әуезов 
М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. ХХ том. Алматы, Жазушы, 1985 жыл. 
411-413-бет), – дейді.
Қостілділіктің тағы бір келеңсіз жағы бар. Олардың басым көпшілігі, көп 
жағдайда, бір тілдегі ойын екінші тілге аударып жеткізеді. Назар аударсақ
қазақша телерадио мен газет-журнал тіліндегі тіліміздің әдеби нормасына 
сәйкес келмейтін небір «тың қолданыстарды» екі тілді бірдей меңгергендер 
немесе екеуінің біреуін орташа деңгейде білетіндер айтып-жазып жүр. Себебі, 
олар өзі білетін тілдің өзіне бір табан жақынында (көбінесе орысша) ойлап, сол 
ойын екінші тілге аударып, соны ауызша немесе жазбаша түрде жолма-жол 
жеткіземін деп, қателесіп жатады. «Әйтеуір, ойын жеткізді ғой!» деген 


көзқарас дұрыс емес. Ол – тілдің табиғи қалпының біртіндеп бұзылуына 
апарады.
Тілдегі өзгерістер мен жаңалықтар жайдан-жай пайда бола салмайды. 
Оны тілді тұтынушылардың түрлі қажеттілігі туғызады. Олардың түрлі 
қоғамдық іс-әрекет кезіндегі тілді қолдануы – тілдік жүйедегі өзгерістердің 
шынайы сипатын көрсетеді. Тілдің қоғамдық қызметі әр тілдің өзіндік 
ерекшеліктерін айқындаумен қатар тілдік құралдар дәстүрлі қолданысына да 
әсер етеді, оның үстемдігі мен пәрменділігін де айқындайды.
Қалай дегенмен, қазақтармен қатар көптеген ұлт өкілдерінен тұратын 
қазақстандық қоғамның қазіргі қостілділігі (қазақша-орысша) барлық ұлт 
өкіліне бірдей тән емес. Көбіне, қазақ қоғамы екі тілді, яғни қазақтар өз ана 
тілімен қатар орыс тілін меңгерген болып келеді. Қазақтардың орыс тіліне жетік 
болуына байланысты болар, еліміздегі басқа ұлт өкілдерінен олардың саны 
қаншалықты артық (60%) бола тұрса да, қазіргі таңда еліміздегі қоғамдық 
қарым-қатынастың бірқатар саласында, негізінен, орыс тілі үстем қолданыста 
болып отыр. Мәселен, техникалық сала, жаңа технологиялар саласы, 
ақпараттық технология (ІТ), экономика, бизнес, банк-қаржы жүйесі, 
жаратылыстану ғылымдары мен медицина сияқты т.б. салалардағы тіліміздің 
қолданыс аясы орыс тілімен салыстырғанда кенже қалып отыр.
Бұлай болып қалыптасуына кеңестік дәуірдің саясаты ықпал еткен еді. 
Сол заманда еліміздің мемлекеттік басқару орындарының тілі ғана орысша 
болып қойған жоқ, гуманитарлық ғылымдардан басқа ғылымдардың пәні де 
орысша оқытылып, орысша зерттелетін. Елге ең қажетті білікті мамандар мен 
кәсіп иелері орысша дайындалатын. Жаратылыстану мен медицина секілді 
ғылымдардың әдебиеттері көпшілікке арналған шағын кітапша түрінде немесе 
мерзімді баспасөз беттерінде ғылыми-көпшілік мақала ретінде ғана 
басылатыны болмаса, қазақ тілінде зерттеліп жазылмайтын, тек орыс тілінде 
жазылушы еді. Міне, соның зардабынан тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік 
қызметінің үлкен бір саласы әрі тілдің дамып жетілуінің негізгі бір бағыты 
болып саналатын ғылым тілі дамымай қалған еді. Сан алуан ғылым саласының 
терминдері ғана қазақшаланбай қалған жоқ, ғылыми стиль бойынша сөз саптау 
да, сөйлем құрау да, ғылыми ой-пікірді мәтін ретінде жүйелі жеткізу де өз 
дәрежесінде қалыптаспады. Соның әсерін тәуелсіздік алып, өз алдымызға 
дербес ел болсақ та, күні бүгінге дейін айқын сезініп отырмыз. Бұған 
Елбасының мына бір сөзі де нақты дәлел: «Ұлттық сана-сезім үшін этикалық 
мәдениет пен тілді қорғап дамытатын қоғамдық институттар жүйесіне арқа 
сүйеу мейлінше маңызды. Мұның, әсіресе, білім беру жүйесі мен бұқаралық 
ақпарат құралдарына қатысы бар. Біз білім беру жүйесінің «қазақ тілін қалыс 
қалдыру» ұстанымына құрылғанын көрдік, онда ең бір ділгір де мұқтаж
кәсіптер мен мамандықтар бойынша қазақша білім ала алмайтын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет