Бөж тақырып: Психика және жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктері. Қабылдаған: Мұртазаева Г. Орындаған: Махамматаминова Ш. Түркістан 2022-2023 Кіріспе



бет3/6
Дата19.12.2022
өлшемі28,6 Kb.
#58175
1   2   3   4   5   6
2.2. Адамның санасы мен тілі.
Тілдің пайда болуы — адамныңда болуы адамның күрделі құрылымды саналы әрекетін қалыптастыратын екінші шарт. Сыртқы әлем нәрселері, олардың әрекеттері, сапалары, өзара қарым-қатынастары белгіленетін белгілер (символдар) жүйесін тіл деп түсінген жөн. Сөйлемге біріктірілген сездер — адамға ақпаратты сақтауға, беруге және басқа адамдардың тәжірибелеріп меңгеруге мүмкіндік беретін негізгі қатынас сүралы болып табылады. Тілдің шығу тегі туралы сауалдар көптеген болжамдар мен теориялардың тақырыбы болды. Кейбіреулер оны рухани өмірдің көрінісі деп санап, оның «құдайдан келгенін» айтты. Басқалары тілді жануарлар элемінің эволюциясынан шығаруға тырысты. Бірақ тілдін шығу мәселесінің ғылыми шешімін — адам тарихына өтуде алғаш пайда болган қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеу керек.
Тіл алғаш рет адамдардың еңбек ұрдісі кезінде жасайтын қарым-қатынас түрлерінен шықты деп болжауға негіз бар. Күнделікті бірлесіп әрекет жасау, бірлескен еңбек әрекетіндегі нәрселерді білдіретін ақпаратты біреуге беру қажеттілігіне әкелуі сөзсіз. Нәрселердің бұл алғашқы белгілері жай дыбыстар тұрінде болды. Тек бірнеше мың жылдан кейін ғана дыбыстық тіл жекелеген түрде практикалық әрекеттен бөліне бастады.
Заттарды, олардың қимылдарын, сапаларын немесе қатынастарын білдіретін белгілер жүйесі, ақпаратты беру құралы ретіндегі тіл, адамның саналы әрекетінін ары қарай қайта күрылуында маңызды болды. Сондықтан еңбекпен бірге тіл де сананың қальштасуының негізгі факторы болып табылады.
Тілдің пайда болуы адамның саналы әрекетіне үш маңызды өзгерісенгізді:

  • тіл сыртқы элемнің заттары мен құбылыстарын жеке сөздер немесе олардың тіркестері түрінде көрсете отырып, бұл заттарды бөліп алуға, оларға зер салуға және есте сақтауға мүмкіндік береді. Тіл қабылданатын элемді еселеп, алынған ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді және ішкі дүниелердің әлемін жасайды;

  • тіл сөздері нақтылы заттарды білдіріп қана қоймай, олардың маңызды ерекшеліктерін абстракциялайды, қабылданатын заттарды белгілі бір дәрежелерге жатқызады. Сонымен, тіл арқылы абстракциялау мен қорытындылау үрдістері жасалады. Тіл қарым — қатынас құралы ғана емес, ойлаудың да маңызды құралы болады;

— тіл адамның қоғамдық тарихында жинақталған ақпараттарды беруші негізгі құрал болып табылады. Адамда тілдің пайда болуы жануарларда болмайтын психикалық дамудын мүлдем жаңа түрін тудырады, сананы дамытудың маңызды құралы болып табылады.
Сананың болуы, өзімен бірге еңбек үрдісі кезінде пайда болатын тілдің болуымен ғана байланысты. Бірақ адамның жеке санасынын болуы қоғамдық сананың болуымен байланысты.
Сана адамның барлық психикалық функцияларының жалпы сапасы болып табылатын бейнелеудің ерекше түрі ретінде түсіндіріледі. Өзара қатынастағы барлық психикалық функциялардың дамуы, адамда сыртқы элемнің іштей бейнеленуі қамтамасыз етеді.
Психологияны қызықтыратын жеке сананың дамуы мен қальштасуы қоғамдық санамен үздіксіз байланыста болады. Сана — бірлескен психика түрі, адамның еңбек әрекетінде қалыптасуының тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Сана — қоғамдық болмыс.
Сананың төрт негізгі сипаттамасы бөлінеді:

  • Сана — қоршаған әлем туралы ілімдердін жиынтығы. Сана құрылымына барлық танымдық үрдістер енеді: түйсік, қабылдау, ойлау, қиял, ес.

  • Санада субъект пен объект айырмашылықтарының бекітілуі. Органикалық әлем тарихында тек адам ғана қоршаған ортадан өзін беліп, оған өзін қарсы қоя алады. Тіршілік иелері ішінен тек адам ғана өзін тануға қабілетті, яғни өзінің психикалық әрекетін өзіне бағыттай алады.

  • Мақсатты іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді. Сана қызметі: әрекеттің мақсатын, онын мотивтерін қалыптастырады, еріктік шешімдер қабылдайды, әрекеттерді орындалу барысын қадағалайды және т.б.

  • Сондай-ақ, сана құрылымына белгілі бір қатынастар да енеді.

Тіл — сананың барлық аталған арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен болуының міндетті шарты. Тіл — тарихи-қоғамдық тәжірибені немесе қоғамдық сананы білдіретін ерекше объективтік жүйе екені белгілі. Нақтылы бір адам меңгеретін тіл осы адамның шынайы санасы болады.
Тілдің белгілері жоғары жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.
Сөйлеу тілінде таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың’ пәрменді жэне нақтылы-бейнелі ойлауынан өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау Дегеніміз — сананың өзегі.
Тіл біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Қарым-қатынас үрдісінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау — қоғамдық өмір факторы. Қарым-катынас үрдісінде психологиялык қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.
Философ Ю.К.Мельвиль: «Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым-қатынас үрдісінде адамдардың тек өз жеке басының ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да қалыптасады», — деп атап керсетті.
Тілдің арқасында адамдар өткен ұрпақ тәжірибесін жинақтап, сақтап және келер буынға тапсыра алатын болашаққа көз жіберіп, өз ісінін нәтижесін шамалайтын еңбекті, өмірді, әлеуметтік күресті, жоспарлай алатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет