ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТ ЭКОНОМИКА БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
БӨЖ Ясауитану пәнінен
Тақырыбы: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Тобы: ЭЕА-111
Орындаған: МахажановН
Қабылдаған:Оразбай С
Мазмұны
1 Қожа Ахмет Ясауи кесенеТарихы
2 Негізгі және қосалқы бөлмелері
3 Сипаттамасы
4 Қорытынды 5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
XIV ғасырда салынған бірігей сәулет ғимаратының тарихы
Кесене Әмір Темірдің бұйрығы бойынша тұрғызылған. Әмір Темір — әлемнің 27 мемлекетін жаулап алып, өз империясын құрған. Ғалымдардың жасаған болжауларының бірі бойынша билеуші Әмудария мен Сырдария өзендерінің ортасында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи — суфизм (сопылық) дінін уағыздаушы, оның хикметтері бүкіл түркі әлеміне әйгілі. Ол жақсылыққа, азды қанағат етуге шақырып, өтірік және екі жүзділікті сынға алған. Тарихи мәліметтерге сәйкес, Мәуеренахр елінің әміршісі Арслан хан Ясауидің тәндік және рухани жағынан кемелденуіне ықпал етті. Қожа Ахмет Арслан ханның қол астында қызмет етіп жүрген. Халықаралық мәртебеге ие ескерткіш. Орталық Азияда теңдесі жоқ ғажайып сәулеттік, тарихи, ансамбльдік туынды. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының орталығында орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 219м. Кесене мұсылмандардың атақты әулиесі, көзі тірісінде Сұлтан-ул-Ғарифин атанған (Алланы танығандардың патшасы, яғни әулиелердің патшасы) Шайқы Ахмет Ясауиге арналып салынған. Ахмет Ясауи 1166-1167 жылдардың шамасында дүниеден өткен. Қазақ елінің негізін қалаған ондаған хан, би-сұлтандар, қолбасшылар мен батырлар өз өтініштері бойынша осы кесенеге жерленген. Түркістанның бас жәдігері болып табылатын ғимаратта ХІV-ХV ғғ. шеберлері жасаған аса көркем туындылар, алып тайқазан, қола шырағдандар, қола лаухалы байрақ, өрнекті ағаш есіктер, қабір үстінің жабуы сақталған. Ахмет Ясауи кесенесі жайлы негізгі жазба деректер Шараф ад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» атты кітабында кездеседі. Ахмет Ясауи кесенесі аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ұзындығы 65,5 метр, ені 46,5 метр, ал биіктігі 39 метрді құрайды. Кесенеге кіретін бас есік басқалардан биік, ені 18,2 метр аркамен көмкерілген оңтүстік-шығыс қасбетте орналасқан. Бас қасбеттің және бұрыштардағы мұнаралардың ауқымды қабырғалары сыланбаған, олардың бетінде мозайкалық қаптамалар орналастыру үшін бекіткіштер қалдырылған. Күмбездің диаметрі 18 метрден шамалы асады, ішкі биіктігі еден деңгейінен 36 метр. Ғимараттың орасан зор порталы мен бірнеше күмбезі бар және екі қабаттан тұрады. Кесенеде түрлі мақсатқа арналған, жалпы саны 35 бөлме бар. Бірінші қабатында Жамағатхана, Қабірхана, Мешіт, Кітапхана, Үлкен ақсарай, Кіші ақсарай, Асхана, Құдықхана және төрт құжыра бөлмесі, ал екінші қабатында қалған құжыра бөлмелері орналасқан. Архитектуралық композицияның басты бөлмесі Ахмет Ясауидің Қабірханасы болып табылады. Бөлменің ортасында үлкен эпитафиясыз құлпытас орнатылған, ол жасыл түсті тамыршықтармен бейнеленген серпентинит плитасымен көмкерілген. Ғимараттың солтүстік-батыс бұрышында Мешіт бөлмесі орналасқан. Бөлме барабанға биік қойылған күмбезбен жабылған. Мешіт көгілдір түспен салынған геометриялық бейнелермен көмкерілген қабырға жазбаларының фрагменттері сақталған ғимараттағы жалғыз бөлме. Мешіттің михрабы глазурлік мозаика техникасымен орындалған, мозаикалық өнердің керемет үлгісі болып табылады. Қабірхананың оңтүстік-батысында зиаратхана деп аталатын дәліз орналасқан. Бөлменің ішінде бірнеше құлпытастар жатыр. Ғимараттың оңтүстік-батыс бөлігінде Асхана бөлмесі орын алған. Бөлмеде екі қазан орналасқан ірі ошақ бар. Ғимараттың қаптауларындағы қолжазбаларда және жинақтарында кесене құрылысын салуға қатысқан бірнеше шеберлердің есімдері сақталынып қалған; Ходжа Хасан Ширази және Шамс Абд ал – ваххаб Ширази, қола бұйымдарын жасаушы шеберлерден Изз ад – дин ибн Тадж ад – дин Исфахани, Абд ал – азиз ибн Шарафаддин Тебризи. ХVІ-ХІХ ғасырлар аралығында «Әзірет Сұлтан» кесенесі Қазақ хандарының Ақ Ордасы қызметін атқарды. ХІХ ғ. Қоқан билігі тұсында кесенені қоршап мұнаралар мен қорғандар салынып қамалға айналдырылған. Ескерткіш 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №590.3 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Алып құрылыс халқымыздың тарихын, тілі мен дінін, дәстүрі мен мәдениетін зерттеп, зерделеуде баға жетпес құнды дерек болып табылады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.XIV ғасырда Әмір Темір және Тоқтамыс хан Ортаңғы Сырдария маңындағы қалалар үшін ұзақ соғысқан. 1388 жылы Алтын Орданың ханы Тоқтамыс Қожа Ахмет Ясауидің кесенесін тонаған. Бұл оқиғадан кейін Әмір Темір Тоқтамыстың әскерін ойсыратып, тоналған заттарды қайтарып алған. Осы қаражаттарға Қожа Ахметтің мазарының үстінде жаңа үлкен кесене салғызуды ұйғарған. Әмір Темір шешуші шайқастардың кезінде Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін оқыған. Билеуші олардың көмегімен жеңіске жеткен. 1396 жылы Орта Азияның билеушісі Ақсақ Темір Қожа-Ахмет Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа кесене салу жайлы бұйрық береді. Орта ғасырларда бой көтерген ең керемет сәулет өнерінің бірі саналатын аталмыш кесенеде Қазақтың 21 ханы жерленген деседі. Кесене салынып жатқан кезде қайта-қайта құлап қала берген екен. Сонда Ұлы Билеушінің түсінде бір ақсақал аян беріп, "Қожа-Ахметтің Арыстан атты ұстазы болған. Сондықтан әуелі Арыстанға, сосын ғана шәкіртіне кесене салыңдар" депті. Бұл түсті көрген Әмір Темір көріпкелдерін шақыртып алып, түсін жорытады. "Арыстанның қабірін қалай табамын?" деп олардан ақыл сұрайды. Көріпкелдері "Жұма намаздан соң Қожа Ахмет Яссауидің қабірінің басына екі құс келіп қонақтайды, сол құс ұшып, ұстазы Арыстанбабтың басына барады, осылайша табасың" деп айтқан екен. Арыстанбабтың сүйегі жерленген жер осылайша табылғанға ұқсайды. Арыстанбабтың жерленген жері жөнінде тағы да бір қызық аңыз бар. Арыстанбаб қайтыс болмай тұрып, тірі кезінде Қожа Ахмет Ясауиге "Менің саған айтар аманатым, жасым келді, қартайдым. Қайтыс болсам жаназамды сен оқисың. Жас та болсаң сен тегін адам емессің. Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) аманат жіберген адамысың. Менің жаназамды оқысымен күн батыс жақтан бір ақ түйе келеді. Соған денемді артып, басын бос қоя сал. Түйе қайда барып шөксе, сол жерге сүйегімді жерле" деп айтыпты. Сол аманат бойынша Арыстанбабтың жаназасына жиылған адамдар ақ түйенің соңынан ереді де отырады. Түйе Отырар өңірінің батыс жағына келіп шөгеді де, сол жерге Арыстанбабтың сүйегі қойылады. Арыстанбаб Түркістанда қайтыс болғанымен Отырарда жерленген. Жоғарыдағы әңгімеге қайта оралайық. Әмір Темір Түркістаннан кірпіштерді тасытып, Арыстанбабтың басына үлкен күмбезді кесене салдырыпты. Содан кейін ғана Қожа-Ахметке арнап салынып жатқан кесене құламапты да, әміршінің тірлігі алға басыпты.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: Қазандық,Үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай, Құдықхана, Кітапхана, Асхана, Көрхана, Мешіт
Негізгі және қосалқы бөлмелері-Ол порталы оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам орталық залға бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені, диаметрі 18,3 метрлік күмбезбен көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Ясауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. Көрхананың қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды. Бұл дәліздер ғимаратты сегіз дара блокқа бөледі. Әр блокта архитектурасы да, пайдаланатын мақсаты да әр қилы бөлмелер бар. Оңтүстік-батыс блокта мешіт орналасқан. Ал оңтүстік-шығыс блокта халимкана бар. Халимканада дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін тағам халим әзірленетін болған. Солтүстік-шығыс блокта құдықхана, ал солтүстік-батыс блокта Үлкен Ақсарай орналасқан. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жақтарының орта тұсында өзінің архитектуралық тұрқы жағынан біртектес, қабатты залдар Кіші Ақсарай мен кітапхана бар. Кесенедегі сегіз дәліздің алтауы өтпелі де, екеуі тұйық. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тек зират болумен шектелмей, мешіт-медреселік қызметтерді де атқарған. Түрлі мақсаттағы бөлмелердің басын осылайша біріктіру өз заманының тамаша үлгісі болып табылады. Кітапхана мен Ақсарай бөлмелері көлденең аркалармен жабылған. Төбені осылайша жабу түрлі пішімдағы күмбездерге, тұрқы шаңырақ тәрізді иықтар мен жаппаларға негіз болып тұр. Бұл жаппаларда көтеруші аркалардың өзара қиылысу элементтері Орталық Азия архитектурасында сол кезге дейін кездеспеген елеулі жаңалық болып табылады. Негізгі бөлмелер қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты арқалар жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт- төрттен ойықшалар жасалған. Күмбездердің ішкі беті алуан тұрпаттағы сталакиттермен көмкерілген. Бұлар арша ағашынан жасалған білезіктермен бекітілген. Кесененің сырт қабырғаларының көмкерілуі үш бөлікке жіктеледі. Оның орта бөлігіне үлкен көлемдегі өрнектелген жазулар түсірілген, жоғары жағына эпиграфтық фриз, төменгі жағына (ірге бөлігіне) биіктігі 1,85 м тас кенере жүргізілген. Ӏрге бөлігі қашалған тас тақталармен дәнекерленген. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құраннан алынған сөздер жазылған.Эпиграфтық фриздің жазулары терракоталық фонда құйма кірпіштермен өрнектелген. Фриздің биіктігі 2,37 м. Жазулар көгілдір қышпен өрнектеліп, қара көк түсті кірпіштермен көлеңке түсірілген. Ғимараттың солтүстік бетіндегі екі бұрыштың екеуінде циллиндр түріндегі діңгектер бар. Бұл діңгектерге де куфа қарпімен жазылған жазулар мен ою-өрнектер түсірілген. Жазулардың арасынан "Алла", "Мұхаммед", "О, жарылқаушы", "Билік Аллада", "Алла менің әміршім" деген секілді, т.б. сөздерді оқуға болады. Кесененің солтүстік-шығыс бетінде Ӏлияс хан ойығының үстіндегі фриз соңында "Шираздық Қожа Хасан" деген сөз және "һиджраның 800 жылы" деп жазылған. Көрхананың қатпарлы күмбезінің жоғары жақтауы мен алты бұрышты тақтайшада куфалық стильмен шираздық мозаикашы Шемс Әбд әл-Уақабтың есімі жазылған. Ол күмбездің қатпарлы қабырғаларына өрнектер жасаған шебер еді. Бас порталдың екі жағында биік мұнарамен жиектелген зәулім аркасы бар. Оның ені 50 метрге, ішінің ұзындығы 18,2 метрге, биіктігі 37,5 метрге тең. Порталдың салынып бітпей қалған қос қанаты үстінен арка үш бұрыш тәрізденіп көрінеді. Әмір Темірдің кезінде бас порталдың тек нұсқасы ғана барды, оның құрылысын 1583—98 ж. Бұхарды билеген Абдолла хан аяқтады. Абдолла хан заманындағы жөндеу жұмыстарына арналған ағаш діңгектер бүгінге дейін сақталған. XIX ғасырда Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталға қарабайыр корғану орындары салынып, қам кесекпен қоршалып, кесене қамалға айналдырылған.Орталық зал қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген төртбұрышты бөлме. Қазандық күмбезі сегіз қырлы, діңгек үстіндегі желкенге табан тірейді. Қазандық күмбезінің ішкі жағы 18,2 метрге , сырты 20,5 метрге тең. Қазандық көрхана және мешіт кабырғаларының теменгі жағы алты бұрышты көгілдір тақтайлардан тұратын биіктігі 1,5 метрлік майолика тыстамамен қапталып, мозаикалық өрнектермен әшекейленген. Әрі мозаикалық бедермен көлеңкелендірілген. Ал еденге жанасар тұста бетіне өсімдік өрнегі салынып, тастан қашалған белдеушелер жүргізілген. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да халық өнерінің лағыл маржандарының қатарына жатады. Бұларда да оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һиджраның 799 жылы 20 рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі әулиенің көрханасы болып табылады. Бұл — қабырғаларының ұзындығы 7,15 метрлік төртбұрышты бөлме. Қабырғаларында сталактиттермен әшекейленген тайыздау ойықтары бар. Көрхананың төбесі қос қабатты күмбезбен көмкерілген. Ішкі күмбезі құрылыстық, сыртқы күмбезі көркемдік міндет атқарады. Көрхана күмбезі бұрыш-бұрыштағы төрт білікке тіреліп, биік мойындықпен көтерілген. Сыртқы күмбезі қатпарлы. Бұл қатпарлар өсімдік өрнекті пішіндес мозаикамен қапталған. Солтүстік портал қабырғаларының көркемдігі көрген жанды таң қалдырады. Үш ширектік діңгекшелері алты қырлы тақталармен қапталған, көгілдір түсті бояулармен айшықталған. Көрхананың дәл ортасында Қожа Ахмет Ясауидің сағана-құлпытасы орнатылған. Ол жасыл түсті яшмадан жасалған, ернеуіне нәзік өрнектер салынған. Қазандық пен көрханадағы Сафар шебер өрнектеп жасалған ағаш есіктер көркемдігімен көз жауын алады.Көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Есік жұқа темірмен қақталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Есіктің үстіндегі тас тақтайға көрхана Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылғандығы жайында жазылған. Кесененің мешіті де аса бір тамаша архитектуралық құрылыс.Ол мойындығында 16 терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді сопақшалау келген зал. Оған қазандық бөлмесінен Жолбарыс хан дәлізі арқылы өтуге болады. Мешіттің батыс жақ кабырғасына Меккедегі Қағба сияқтандырып 3,5x2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған. Михраб мешітке ерекше көрік беріп тұр. Оның беті мозаикамен және өсімдік суретімен әшекейленген. Михраб — жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозаикамен көркемделген, тік бұрышты сәндік белдеумен қоршалған, оған ақ әріптермен Құран сөздері жазылған. Әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге шалынады. Кесененің оңтүстік-батыс жағында діншілдердің ораза ұстауына және Құдайға құлшылық етуіне арналған жер асты мінажатханалары Қожа Ахмет Ясауидің көзі тірі кезінде жасалып, қайта жаңғыртылған. XVI ғасырда мешітке іргелес қосалқы бөлмелер тұрғызылған. Бұлар: батыс беткейдегі дәрет алатын тахаратхана мен Үлкен Ақсарайдың солтүстік- шығысындағы "балхи" тәсіліндегі иықпен көмкерілген жер асты зираты. XVI ғасырдан кесененің жекелеген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. 1864 ж. Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын алған кезде полковник Веревкин қала қорғаушылары бас сауғалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зеңбірекпен атқылады. Оның снарядтары кесенені 11 жерден опырып кетті. 1871-72 жылдары А. Кун 7 дана фотосуретті "Түркістан" альбомын құрастырды. Бұл әлем жұртшылығының пікірін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бұруға белгілі дәрежеде әсер етті. Соның нәтижесінде Ресей өкімет орындары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне көңіл бөле бастады. 1884 ж. патша үкіметі кесенені жөндеуге 15 мың сом қаржы бөлді. XIX ғасырдың соңына қарай ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі эпиграфикасын зерттеуге ден қоя бастады. Аңызда айтылғандай, Темірланның бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи (1396-1405) бейітінің үстіне мешіт құрылысы басталды. Қабырғаларды салудың барлық әрекеттері сәтсіз аяқталады, өйткені оларды күшті дауыл оларды бұзады, басқа нұсқа бойынша, бәрін жоятын жасыл бұқа болған. Темірге түсінде көрінген әулие алдымен Арыстан-Баба әулиенің бейітінің басына, одан кейін Қожа Ахмет Ясауи бейітінің басына кесене тұрғызу керектігін айтады. Тимур дәл солай істеді. Сондықтан қажылар алдымен Арыстан-Баба кесенесіне, одан кейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барады.
Ахмет Ясауи кесенесі жайлы негізгі жазба деректер Шараф ад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» атты кітабында кездеседі. Ахмет Ясауи кесенесі аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оныңұзындығы 65,5 метр, ені 46,5 метр, ал биіктігі 39 метрді құрайды. Кесенеге кіретін бас есік басқалардан биік, ені 18,2 метр аркамен көмкерілген оңтүстік-шығыс қасбетте орналасқан. Бас қасбеттің жәнебұрыштардағымұнаралардың ауқымды қабырғалары сыланбаған, олардың бетінде мозайкалық қаптамалар орналастыру үшін бекіткіштер қалдырылған. Күмбездің диаметрі 18 метрден шамалы асады, ішкі биіктігі еден деңгейінен 36 метр. Ғимараттың орасан зор порталы мен бірнеше күмбезі бар және екі қабаттан тұрады. Кесенеде түрлі мақсатқа арналған, жалпы саны 35 бөлме бар. Бірінші қабатында Жамағатхана, Қабірхана, Мешіт, Кітапхана, Үлкен ақсарай, Кіші ақсарай, Асхана, Құдықхана және төрт құжыра бөлмесі, ал екінші қабатында қалған құжыра бөлмелері орналасқан. Архитектуралық композицияның басты бөлмесі Ахмет Ясауидің Қабірханасы болып табылады.Ғимараттың қаптауларындағы қолжазбаларда және жинақтарында кесене құрылысын салуға қатысқан бірнеше шеберлердің есімдері сақталынып қалған; Ходжа Хасан Ширази және Шамс Абд ал – ваххаб Ширази, қолабұйымдарынжасаушы шеберлерден Изз ад – дин ибн Тадж ад – дин Исфахани, Абд ал – азиз ибн Шарафаддин Тебризи. ХVІ-ХІХ ғасырлар аралығында «Әзірет Сұлтан» кесенесі Қазақ хандарының Ақ Ордасы қызметін атқарды. ХІХ ғ. Қоқан билігі тұсында кесенені қоршап мұнаралар мен қорғандар салынып қамалға айналдырылған. Ескерткіш 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №590.3 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Алып құрылыс халқымыздың тарихын, тілі мен дінін, дәстүрі мен мәдениетін зерттеп, зерделеуде баға жетпес құнды дерек болып табылады.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасыр
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі )
Қожа Ахмет Яссауи Кесенесі (Mausoleum of Khoja Ahmet Yassavi) Мұрағатталған 19 қазанның 2016 жылы.