БоөЖ №2. Өңеш. Асқазан. Асқазанның нейрогуморальды реттелуі


Өңеш  Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата24.05.2022
өлшемі0,94 Mb.
#35504
1   2   3
Өңеш



Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып
жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы 
басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын 
сөлі әсер етеді. Қарын сөл і н і ң
құрамында 0,35-0,5 %-дық тұз қ ы ш қ ы л ы, 
органикалық заттар мен хлордың, фосфордың 
натрийдің және күкірттің тұздары болады. 
Қарын сөлінің 98,5-99 % -су, 0,2- 0,3 % 
органикалық заттар, қалғандары — тұздар . 
Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы —
қышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы
тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет
жегенде сөлдің қышқылы 0,56 %, сүт ішкенде
1,48-0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады. 
Органикалық заттарға ферменттер, азотты
қосылыстар жатады.



Асқазан тамақтың жиналып, қорытылуына қажетті сыйымды ыдыс
қызметін атқарады. Сыртынан қарағанда үлкен алмұртты елестетеді, 
оның сыйымдылығы 2-3 л-ге дейін жетеді. Асқазанның пішіні мен 
көлемі жеген тамақтың мөлшеріне байланысты.




Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі. Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтен соң, сілекей шығару күшейе 
бастайды. Мұндай сілекейдің тез бөлінуі рефлекторлы түрде, жүйке жүйесінің қатысуымен реттелетінін білдіреді. 
Ауыз қуысындағы ас тілде, үртта, еріннің ішкі жағында орналасқан дәм сезгіш, ауырсыну, жылу сезгіш 
терморецепторлар мен қысымды, механикалық жанасуды сезетін барорецепторларды тітіркендіреді. Олардың 
үштарында қозу пайда болады. Бұл қозу орталыққа тепкіш, яғни кезеген, тіл-жұтқыншақ және бет нервтерінің 
афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығына келеді. Бұл жерге келген қозу 
талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол симпатикалық және парасимпатикалық орталықтан тепкіш, яғни 
эфференттік нервтер арқылы сілекей бездеріне барады да, шартсыз сілекей шығару рефлексі іске асады.

Мұндай нәтижені сілекей бездерінің гормондары к а л и к р е и н мен брадикинин де тудырады. Симпатикалық 
нервтендіру жүйесі қоректендіру (трофикалық) қызметін қоздырады, сілекей ферменттерін ондіруді реттейді. 
Симпатикалық нерв талшығын тітіркендіргенде аздаған мөлшерде сілекей шығады, бірақ ол ферменттер мен муцинге 
мейлінше бай болады.

Сілекей тамақты көргенде, оның иісін сезгенде, астың атын айтып әңгімелескенде де шығады. Бұл – И. П. Павлов 
шартты рефлекс деп атаған сілекейдің шартты түрде бөлінуі. Бұл рефлекс Бұрын көрген, жеген, иісін сезген, аты 
аталған тамақты қабылдағанда пайда болады. Мысалы, Бұрын лимон жеп көрмеген адамда лимонның түрін көріп 
тұрған мен немесе оны сөз қылғаннан сілекей бөлінбейді..

Күшті тітіркендіргішке 1,5-2 секундте, ал әлсіз тітіркендіргішке 15-20 секундта сілекей бөліне бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет